08 Қараша, 2012

Сын сәті таялған сынақ

393 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Сын сәті таялған сынақ

Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:17

Біздің еліміз аттестаттау атты ау­қым­ды шараға кіріспестен бұ­­рын көп­теген шет елдің бұл ба­ғыттағы ісін іріктеп, жан-жақты саралап, таразыға тартқаны рас. Оған дәлел ретінде бір­қатар шет елдер тәжірибесі туралы ай­туы­мызға болады. Мәселен, АҚШ, Фран­ция, Норвегия, Ұлыбрита­ния, Швеция, ТМД секілді ел­дер­дің заңдары жетік зерттелген.

Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:17

Біздің еліміз аттестаттау атты ау­қым­ды шараға кіріспестен бұ­­рын көп­теген шет елдің бұл ба­ғыттағы ісін іріктеп, жан-жақты саралап, таразыға тартқаны рас. Оған дәлел ретінде бір­қатар шет елдер тәжірибесі туралы ай­туы­мызға болады. Мәселен, АҚШ, Фран­ция, Норвегия, Ұлыбрита­ния, Швеция, ТМД секілді ел­дер­дің заңдары жетік зерттелген.

Соның бірі Англияда 2010 жылы құқық қорғау органдары­ның қызметін оңтайландыруға бағытталған «Поли­ция­ны реформалау мен әлеуметтік жауап­кер­ші­лік туралы» заң қабыл­­дан­ды. Осы заңның арқасында 2011 жылы Ұлы­бри­тания полициясы 3,2 пайызға қысқарды.
Сол сияқты 2012 жылы Шотландияда полиция мен өрт сөн­діру қызметін реформалау жө­нін­дегі заң қабылданды. Соның аясында аталған мемлекеттік құры­лым қызметін оңтайландыру нә­ти­жесінде қызмет тиімділігі артты.
Ал Польшадағы құқық қорғау жүйесіне реформа жүргізу барысында аталған елдің полиция қыз­метінің тиімділігі айтар­лық­тай өсті. Мұндағы пікірі сұралған халықтың 72 пайызы полиция қызметкерлеріне сенетіндігін айтып, ал 68 пайызы полиция жұ­мысын жақсы деп санайды.
Осыған ұқсас реформалар Балтық жағалауы елдерінде де жүзеге асырыл­ғаны белгілі.
Ресейде 2010 жылдан бері құқық қорғау органдарын реформалау жөнін­дегі жұмыс жүрг­і­зі­ліп келеді. Жүргі­зілетін жұмыс­тың стратегиялық бағыты «Полиция туралы» федералдық за­ңын­да бекітілген. Осы аталған заң актісінің арқасында 2011 жыл­дың 1 наурызынан бастап 1 та­мызға дейін Ресейдің ІІМ қыз­меткерлері кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Соның нәтижесінде 226900 адам ІІМ органынан босатылды, бұл жалпы санның 22 пайызын құрайды.
Көрші елде бұдан басқа 340 гене­ралдың 143-і аттестаттаудан өте алмай қалды. Ал жоғары басшылық құрамның 73 жетек­шісі негізгі міндеттерін атқа­руға талапқа сай келмегендіктен басқа лауазымдарға ауыстырылды.
Біздің елдегі жағдай бұдан басқаша екендігі белгілі. Бірақ осы жүргізіліп жатқан сынақтың бір оңды нәтижесі болатын­ды­ғы­на, әйтеуір, бір сенім бар. Өйт­кені, шет елдердің, соның ішінде аталған Ресейдің тәжірибесіне байла­ныс­ты олардың тәуелсіз сарапшыларына құлақ түрсек, бұл шара ІІМ кадрлық құрамын ай­тарлықтай қысқартуға және өз­гертуге, жалпы құқық қорғау жү­йе­сін, соның ішінде басшылық құрамын жаңартуға септігін тигі­зіп, сыбайлас жемқорлықты азай­туға әсер еткен көрінеді.
Ал енді біздің еліміздің ІІМ мәлі­ме­ті бойынша жалпы аттес­таттауға 75 347 қызметкер жат­қы­зылған екен. Үстіміз­дегі жылғы 6 қарашаға дейін 72 602 қызметкер әңгімелесуден өтіпті. Оның 158-і Жоғары аттестаттау комиссиясынан, 3139-ы Орталық аттестаттау комиссиясынан, 69 305-і өңірлік аттестаттау комиссиясы сынағынан өткен.
Сөйтіп, Жоғары аттестаттау комиссиясы қорытындысы бойынша 132 адам атқарып отырған қыз­мет­теріне ла­йық­ты, 26 адам лайықты емес, 10 адам­ға қызме­тінен тө­мен­­­детілуге, 5 адамға басқа қызметке ауысуға және 11 адамға жұмыстан шығуға шешім қабылданды.
Ал Орталық аттестаттау комиссиясы нәтижесі бойынша 2505 адам атқара­тын лауазымына ла­йықты, 633-і сәйкес емес, 286-сы лауазымынан төмендеті­луге, 135-і басқа қызметке ауысуға және 212 адам жұмыстан шығарылсын деген шешім қабылданды.
Сол сияқты Өңірлік аттестаттау комиссиясы нәтижесі бойынша да 59 302 лауазымына лайық­ты, 10003 сәйкес емес, 2457 лауазымынан төмендетілуге ұсы­ныл­­ды, 3863 адамға басқа қызметке ауы­суға ұсыныс жасалды және 3683 адам қызметінен босаты­луға жатқы­зылды.
Сөйтіп, осы уақытқа дейін атал­ған шара арқасында ішкі істер органдары бойынша 61940 адам атқа­ратын лауазымына ла­йықты болса, 10662 адам лауазымына сәйкес келмеді, 2753 адам лауазымынан төмендетіліп, 4003 адам басқа қызметке ауысты және 3906 адам жұмыстан шыға­рылды. Бұ­ған қоса кезектен тыс аттестаттаудан өз еріктері­мен бас тартқан­дық­тан ішкі істер органдарынан 1993 адам қызметтен босатылды.
Әрине, мұндай үрдіс еліміз бойынша қызу жүргізілуде. Мә­се­лен, Астана қаласы ішкі істер де­партаменті құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау қорытынды­ла­рын шы­­­­ғарды, деп хабарлады астана­лық ІІД баспасөз қызметі. Кезектен тыс өткізілген аттестаттау барысында полиция қыз­мет­керлері заң­­­дарды білу бойынша және пси­хологиялық тест тапсырып, дене даярлығы және нысана көздеу дайындығы бойынша өз деңгей­лерін көрсеткен болатын. Аттес­тат­таудың соңғы кезеңі – әңгі­ме­лесу барысында комиссия мүше­лері қорытынды жасай отырып, соңғы шешімді бекітті. Ел­орда­лық ішкі істер департамен­тінің бас­шысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің айтуын­ша, ай­мақтық аттестаттау ко­мис­сиясының ше­шіміне сәйкес 115 қызметкерді жұ­мыстан босатып, 124 қызметкердің лауазымын тө­мендету ұсынылған. Аста­налық полиция гарнизоны қыз­мет­кер­­ле­рінің жалпы санының 76,7 пайызы өз лауазымдарына сәйкес келе­ді, кадрлық резервке енгізуге немесе жоғары лауа­зым­ға ауысты­руға ұсынылғандар – 4,0 пайыз, басқа қызметке ауыстырылатындар 10,1 пайызды құрады.
Сол сияқты Алматы облысы­ның 837 полиция қызметкері аттестаттау комис­сия­сының шеші­мімен лауазымына сай емес деп танылған, олардың ішінде 113-інің лауазымын төмендетуге, 553-ін бас­қа қызметке ауыстыруға, ал 171 адамды жұмыстан босатуға ұсыныс жасалған. ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аймақтық аттестаттау комиссиясы демалыста, ісса­пар­да болған немесе белгіленген уақыт ішінде тест тапсырып үлгермеген ма­ман­дардың психо­ло­гиялық тұ­рақ­ты­лы­ғы, логикасы мен әскери дайындығын тексеруде көрінеді. Демек, ендігі мін­дет Мемлекет басшы­сының үстіміздегі жылдың сәуір айында еліміздің құқық қорғау органда­рының қызмет­кер­лерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы қол қойған Жарлығының ойдағы­дай жүзеге асуына барынша атсалысу. Осы құжатқа сәйкес, еліміздің Бас прокуратурасы, Экономи­калық қылмысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы), Ішкі істер, Төтенше жағ­дайлар минис­тр­лігі және Қаржы ми­нистрлігі Кеден­дік бақылау комитетінің қызмет­керлері жыл аяғына дейін аттестаттаудан толық өтіп болуы керек. Сонда құқық қорғау органдарын рефор­ма­лаудың кезекті бір биік асуы да алынбақ.

Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

 

Білім мен білік

Елбасының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жар­лығына сәйкес, Алматы облысы бойынша экономика­лық қылмыс­қа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қар­жы полициясы) департаментінде де белгіленген талапқа сай кезектен тыс сынақ болды. Қаржы полициясы қыз­мет­керлері заңнама шеңберінде жоғары аттестациялық комиссия, орталық аттестациялық комиссия және аймақтық аттестация­лық комиссия сынақтарынан төрт кезең бойынша өтті. Онда психоло­гия­лық ұстамдылығын тексеру, фи­зикалық дайынды­ғын, шымыр­лы­ғын және мылтық атудан көзде­ген нысанаға тигізу, кәсіби білік­тілігі мен заңдылықты білуден компью­тер­лік тестілеу сынақтары мен әңгімелесу бойынша білім мен бі­лік таразыланды. Нәти­же­сінде елордадағы жоға­ры аттес­та­ция­лық комиссия сынағынан Алматы облысы бойынша экономи­калық қылмысқа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес (қар­жы полициясы) департаментінің бастығы, қаржы полициясы пол­ковнигі Айдар Балтағұлов мүдір­мей өтті. Ал оның екі орынбасары сынақтан сүрініп, қаржы полициясы органы қыз­ме­тінен босатылса, үшінші орынбасары ат­қарып отырған қыз­ме­тіне лайық емес деп танылып зейнеткерлік демалысына жіберілді.
Астана қаласындағы орталық аттестациялық комиссия сынағы­на Алматы облысынан 17 қаржы полициясы қызмет­ке­рі қатысқан еді. Олардың 11-і атқарып отыр­ған қызметіне лайық деп танылып, бір қызметкер жоғары лауазымды қыз­метке ұсынылды. Үше­уінің лауазымы төменде­тіл­се, екеуі аттес­тациялық сынақтан өтпей кадрлық резервке қалды­рылды.
Талдықорғанда аймақтық ат­тестациялық комиссия сына­ғына қаржы полициясының 171 қыз­меткері қатысуы керек болса, оның біреуі денсаулығына байланысты дәрігерлік анық­тамамен сынақтан босатылып, өзгелері то­лығымен қатыс­ты. Атқарып отыр­ған лауазымына лайық емес деп танылып, қаржы полициясы органынан 14 қызметкер босатылып, төртеуіне өзге қызметке ауысу ұсынылып, жетеуінің лауазымы төмендетілді. 12 қызметкерді жоғары лауазымды қызметке ауыстыру ұсынылып, кадрлық резерв есебіне қойылды. Өзгелері заң­на­ма шеңберінде сынақтан өтті.
Барлығы төрт кезеңнен тұра­тын аттестациялық комиссия құ­рамы­на дәрігерлер, қаржы поли­ция­сының ардагері, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өкілі және БАҚ өкілі ретінде жолдар­дың авторы енгізіліп, қоғамдық жақсы пікір туындатып, заңды­лық­тың сақ­талып, таза әрі әділ өтуіне ықпал етті. Бір қуанар­лы­ғы сынаққа қо­балжып, толқып кел­ген қызмет­керлерге қаржы по­лициясының кәнігі қызметкер­лері психоло­гия­лық тұрғыда қол­дау көрсете білді.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.