09 Қараша, 2012

Бұзақыларды бұғаулаған Бақытәлі

326 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бұзақыларды бұғаулаған Бақытәлі

Жұма, 9 қараша 2012 7:13

Темірдей тәртіпке мойынсұнып, өзін де, өзгелерді де заңға ғана ба­ғын­дырып қызмет істеу – екінің бірінің қолынан келе бермес мерейлі міндет. Өйткені, өмірдің қай саласындағы адам – кәсіпкер ме, мұғалім бе, ше­неу­нік пе, өнер адамы ма, мейлі, кім болсын, олардың өз тіршілігін тұрақ­ты қамта­масыз етулері үшін, ең әуелі, темірдей тәртіп қажет. Әсіресе, осы адамдардың қай-қайсысы да көліксіз қозғалмайтынын ескерсек, жолдағы аяқ аттам келеңсіздіктерге кезікпей аман жүру әркімнің-ақ арманы. Ал көшедегі, жолдағы арты апат тудырып, опық жегізер кез келген келең­сіз­діктерден сақтандыруды, қа­уіптің алдын алуды тек жол полициясы қыз­мет­керлері ғана жүзеге асыра алады. Сондықтан да жол сақшы­ла­ры­ның атқаратын қызметін мұның жа­уап­кер­шілігі мен қиындығына қанық адамдар жақсы түсінеді.

Жұма, 9 қараша 2012 7:13

Темірдей тәртіпке мойынсұнып, өзін де, өзгелерді де заңға ғана ба­ғын­дырып қызмет істеу – екінің бірінің қолынан келе бермес мерейлі міндет. Өйткені, өмірдің қай саласындағы адам – кәсіпкер ме, мұғалім бе, ше­неу­нік пе, өнер адамы ма, мейлі, кім болсын, олардың өз тіршілігін тұрақ­ты қамта­масыз етулері үшін, ең әуелі, темірдей тәртіп қажет. Әсіресе, осы адамдардың қай-қайсысы да көліксіз қозғалмайтынын ескерсек, жолдағы аяқ аттам келеңсіздіктерге кезікпей аман жүру әркімнің-ақ арманы. Ал көшедегі, жолдағы арты апат тудырып, опық жегізер кез келген келең­сіз­діктерден сақтандыруды, қа­уіптің алдын алуды тек жол полициясы қыз­мет­керлері ғана жүзеге асыра алады. Сондықтан да жол сақшы­ла­ры­ның атқаратын қызметін мұның жа­уап­кер­шілігі мен қиындығына қанық адамдар жақсы түсінеді.

Осындай аса жауаптылығы мен қатар қиындығын қоса қиналмай ар­қалап адал алып жүретін жандар, жо­ғарыда айтқанымыздай аз десек, со­лардың бірі Астана қалалық ІІД ЖПБ жеке мамандандырылған батальо­ны­ның аға инспекторы капитан Бақыт­әлі Төлегенов болып шықты. Әрине, қазіргідей арамдар мен сұмырайлар қаптаған шенеуніктер арасынан, шыны керек, міндетін заң талабына ғана сүйеніп, шынайы атқаратын атқамі­нерлерін табу қиынға айналған кезде, жас та болса қатарластарынан оза шауып аттестаттаудан анық алдырмай өткен аға инспектордың болашағына зор сенім артылады. Өйткені, осындай адамгершілігіне әлі қылау түспе­ген азаматтар ертеңгі күні билік тіз­гінін ұстауға ие болса ғана халықтың хақы заң үстемдігін орнатуға басым­дық алады.
Ал олай болмаған жағдайда биік мінберден оқалы киімділерге жалынды сөз арнайтын, бірақ өздері жем­қорлықпен сап түзеп айналысатын, сөйтіп заңға да, әдепке де, тәртіпке де мүлде қайшы теріс әрекетімен басшысынан бастап сотталатын талай оқалы шенділердің бұғып қалған ізба­сарлары халыққа қиын болған екен-ау деп оп-оңай тамырын қидыра қоюлары екіталай. Сондықтан осындай тоңмойын, безбүйрек, қызметін тек пара арқылы ақша табу орны деп есептейтін екіжүзді өңділерден арылу мақсатында сынақ өтті. Онда Президент Жарлығына сәйкес аттестаттау мақсаты – құқық қорғау жүйесі қыз­меткерлерінің кәсіби даярлық дең­ге­йін және олардың қазіргі заманғы та­лаптарға сәйкестігін анықтап, органдарды бүтіндей алғанда мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін мораль­дық-өнегелілік сапалары төмен және жемқорлық пиғылдағы біліксіз қыз­меткерлерден тазарту болғаны анық. Міне, осы орайда бұл талаптардың бар­лығынан полиция капитаны Б.Тө­легенов мүдірмей өтіп және сынақ­тар­дың бәрін тек өте жақсыға ғана тапсырған.
Иә, аға инспектордың аса қиын асудан ат шалдырмай аса алуына се­нім бар. Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның Төлеби ауданының «Қазақ­стан» атты елді мекенінде туып-өс­кен ол Шымкент қаласындағы М.Әуезов атын­дағы университетті бітіріп, Ас­та­­наға келіп ЖПБ-ға қызметке орналасады. Содан бері табаны күректей жеті жыл араға түсіп, жеті межеден өткен. Отбасын құрды, қызметін жақсы ат­қарғаны үшін жеңілдікпен екі бөлме­лі пәтер алды. Қазіргі күні төрт баласы бар көп балалы отағасы. Жастайынан осы мамандықты қалағандықтан оған дайындықты ерте бастаған ол спорттың бокс, айкидо деген түрле­рі­мен әлі күнге қол үзбей айналысады. Осы күштілік пен қуаттылықтың, ас­қан ептіліктің арқасында түзеу меке­ме­сінен қашқан екі сотталғанды жанар май құю бекетінде кездейсоқ кез­дестіріп, суретімен салыстырып танып, ізіне түсіп қуып, қойнында оқа­тары, қолында жалаңдаған пышағы бар қауіпті қылмыскерлермен жан алы­сып, жан берісіп айқасады. Әйте­уір ақырында айкидо шығыс жекпе-жегінің әдістерімен оларды екі бүк­теп, кісендеп Алматы ІІБ-ге жеткізіп, тапсырады. Айта берсе, шығыс жекпе-жегінен қара белбеу дәрежесі бар жол полициясы аға инспекторының мұн­дай бейбіт күндегі батылдығы, соның ішінде көлік ұрлаған қарақшыларды қалай ұстағаны туралы ерліктері ер­ек­ше-ақ. Ол кездескен қылмыскерді жалғызбын-ау немесе құрықтаушы топ керек деп уақыт оздырып кідіріп жатпайды, сол сын сәтте сақшыға тән сын­­дарлы әрекет жасап, сәтті қимыл­дап үлгереді. Сондай заңға сай мәнді де орынды ісімен үнемі алдан көрінеді.
Сөйтіп ол аттестаттау сынынан да сынаптай сырғып өтіп, қатарлас­тары­нан оза шауып, ең үздік болып танылды. Әрине, ол сынақтан кімдердің қа­лай қалқып өтіп, ал қандай қыз­мет­кер­лердің не үшін жазықты болып сү­рінгені туралы әлі нақты айтыла жатар. Дегенмен, біздің бүгінгі кейіпке­рі­міздің ісі мен сөзі, жан дүниесінің тазалығы, адамгершілігі мен әділдік үшін атқарған ерлік істері аттестаттау комиссиясының шешімін нақтылай түсті. Енді осылайша шынайы үздік­тер анықталар болса, жоғарыда айт­қа­нымыздай, темірдей тәртіпке мо­йынсынып, өзін де, өзгелерді де заңға ғана бағындырып қызмет ететін, сөй­тіп адал да әділ адамдардың ғана арманын жүзеге асыра алатын капитан Б.Төлегенов секілді көшбастаушылар қатары да арта береріне бек сенеміз. Ал мұндай азаматтарды қатарына тартып, заң талабына сай тәрбие­ле­нуіне жол ашқан, әрине, ІІД ЖПБ басшылығы екендігі анықталғанда «бәрі осылардай болса игі» деген ізгі үміт көңіл тербейді.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».