Қарағандыдағы қарымды іс
Сенбі, 10 қараша 2012 7:04
Қарағанды облысының ІІД қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауы өткізілді. Жоғары аттестаттау комиссиясында Қарағанды облысының ІІД 4 басшысы аттестаттаудан өтті, барлығы атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келеді. Орталық аттестаттау комиссиясында Қарағанды облысының ІІД-нің 138 қызметкері аттестаттаудан өтті. Олардың ішінде 102 қызметкер сәтті өтсе, 36 қызметкер аттестаттаудан өткен жоқ, оның ішінде, 8 адам жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылды. 12 қызметкер лауазымынан төмендетілді. Ал 15 қызметкер жұмыстан шығарылды.

Бүгінде Қарағанды облысының ІІД қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауын өткізу бойынша облыстың ІІД аймақтық аттестаттау комиссиясының 33 отырысы өткізілді. Аттестаттаудан өтуге 5281 қызметкер қатысып, 4925-сы сәтті өтсе, 356 қызметкер аттестаттаудан өте алмай қалды. Оның ішінде атқарып отырған лауазымына 70 адам сәйкес келді. 93 адам лауазымынан төмендетілді. 175 адам құқық қорғау органынан қызметтен босатылды.
Аттестаттауға жататын қызметкерлер үшін қойылған негізгі талаптардың бірі заңнаманы білу және логикалық ойлау бойынша тестілеуден өту, денешынықтыру және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсыру болды. Аттестаттауды өткізудің алдында жеке құраммен кезектен тыс аттестаттауды өткізу мақсаты мен тәртібі туралы түсіндірме жұмысы өткізілді. Тестілеу сыныптары, спорт залдар, тирлер, аудио және бейнебақылау құралдарымен жабдықталды. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында облыстың ІІД ААК аттестаттауға жататын қызметкерлер кестеге сәйкес психологиялық тұрақтылық өтті. Жедел тобындағы аттестаттаудан өтетін адамдар (созылмалы аурулармен ауыратын, 40 жастан жоғары және т.б.) денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру алдында медициналық тексеруден өтті және әрі қарай нормативтерді тапсыру кезеңінде оларды медициналық бақылау жүзеге асырылды.
Аттестаттау комиссиясының отырысында қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауы шынайы түрде көрсетілген оларды сипаттайтын мәліметтерге ерекше назар аударылды. Қызметтік міндеттерін тиімді және адал орындауына, шығармашылық бастамашылығына, бағдарламалық құжаттарды, кәсіби білімін қолдануы мен оның деңгейіне, оларды жұмыста қолдануына, заңдылықты, мемлекеттік, еңбек тәртібін, ішкі тәртіпті сақтауына, іскерлік, жеке қасиеттері мен қызметке деген көзқарасына баға берілді. Жұмыс көрсеткіштері, қызметтік жұмыстағы кемшіліктері, орын алған ескертулері мен ұсыным сипатындағы ұсыныстар аталды.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».