Оңтайландыру оңды өтті
Сенбі, 10 қараша 2012 7:05
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында экономиканы нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған шаралар кешенін айқындап берген болатын, солардың бірі – құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау арқылы бүкіл құқық қорғау жүйесін дамыту болып табылады.
Сенбі, 10 қараша 2012 7:05
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында экономиканы нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған шаралар кешенін айқындап берген болатын, солардың бірі – құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау арқылы бүкіл құқық қорғау жүйесін дамыту болып табылады.
Осыған орай «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Елбасының Жарлығының, Бас прокуратураның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындау мақсатында Астана қаласы прокуратурасының жедел қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау аяқталды.
Сондай-ақ мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан бері біздің елдің құқық қорғау органдарында демократиялық қоғамның барлық талаптарына жауап беретін кәсіби кадр әлеуетін қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды кезектен тыс аттестаттау жүргізілмегенін атап өту керек. Аттестаттау үш сатылы кезеңді қамтыды: аттестаттауға жататын қызметкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуі және логикалық ойлау қабiлетiн компьютерлiк тестiлеу; психологиялық орнықтылығына тестiлеуден өту және қызметкермен әңгiмелесу.
Жалпы, барлығы қала прокуратурасының аттестаттаудан өтуі тиіс 166 қызметкері өңірлік аттестаттау комиссиясына әңгімелесуге жіберілді. Әңгімелесу қорытындысы бойынша қала прокуроры М. Жөргенбаевтың төрағалығымен және Бас Прокурордың орынбасары Н.Исаевтың қатысуымен өңірлік аттестаттау комиссиясы мынадай қорытынды шығарды: 153 қызметкер немесе 91,6 пайызы атқарып отырған қызметіне лайықты деп танылып, оның ішінде 8 қызметкер немесе 5,2 пайызы жоғары тұрған лауазымдарға ұсынылды; 13 қызметкер немесе 8,4 пайызы атқарып отырған қызметіне лайық емес деп танылып, оның ішінде: 10 қызметкерге қызметін төмендетуге; 1 қызметкерге басқа қызметке ауысуына; 2 қызметкерді прокуратура органынан шығаруға ұсыныс жасалды.
Өңірлік аттестаттау комиссиясы құрамындағы прокуратура органдарының ардагерлері Астана қаласы прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ жалпы аттестаттаудың әділ және ашық өткізілгенін атап өтті.
Бұдан бұрын, Премьер-Министр төрағалық еткен Жоғары аттестаттау комиссиясында заңнаманы білуі, логикалық ойлауы бойынша компьютерлік тестілеу, сондай-ақ психологиялық орнықтылығын тест және әңгімелесу арқылы тексеруді қамтитын кезектен тыс аттестаттаудан қала прокуроры М. Жөргенбаев пен оның 3 орынбасары өтіп, лауазымдарына лайық деп танылды.
Заңнаманы білуі, логикалық ойлауы бойынша компьютерлік тестілеу, сондай-ақ психологиялық орнықтылығын тест және әңгімелесу арқылы тексеруді қамтитын кезектен тыс аттестаттаудан сүрінбей өткен аудандық деңгейдегі 4 прокуратура басшысы, Астана қаласы прокуратурасының 6 құрылымдық бөлімшесінің бастықтары, кадр және ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары Бас Прокурор төрағалық ететін Орталық аттестаттау комиссиясына жіберілген.
Аталған қызметкерлердің 11-і өз лауазымдарына сәйкес деп танылып, оның ішінде 2-еуі жоғары тұрған қызметке көтермелеуге, 1 қызметкер қызмет дәрежесін төмендетуге ұсынылды.
Айгүл ТҰРҒАНБАЕВА,
Астана қаласы прокурорының
кадр жұмысы бойынша
аға көмекшісі.