16 Қараша, 2012

Ұрылардың суреттері қоғамдық көліктерде ілініп қойылатын болды

383 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұрылардың суреттері қоғамдық көліктерде ілініп қойылатын болды

Жұма, 16 қараша 2012 7:13

«Арсыздық әуелі сәл-пәл біл­местіктен басталады», дегендей, бүгінде қылмыстық әрекеттердің саны да, түрі де көбейе түсуде. Әсіресе, пәтер тонау, қоғамдық көліктерде өзгелердің қалтасына түсіп, ақша және өзге де құнды заттарды ұрлауды кәсіпке айнал­дырғандар қатары аз емес. Алматы қалалық ішкі істер депар­таменті, міне, осындай қылмыс­тық әрекеттермен әуестенуші­лерге қарсы күрестің ең ықпалды тәсілін жүзеге асырмақ. Екі миллионға жуық тұрғыны бар ірі шаһардың Алмалы ауданында көптеген жо­ғары оқу орындары шоғырлан­ғандығы ескеріліп, жа­ңа жоба осы ауданнан бастау алмақ.

Анығырақ айтқанда, ұрлық жасайтындардың, пәтер тонаған­дардың және іздестіруде жүрген қылмыскерлердің фотосуреттері қоғамдық көліктерге орналастырылады. Мұның өзі сонымен қа­тар, өздерінің аңғалдығымен қыл­мыс­керлерге қолайлы жағдай жасайтын қала тұрғындарының қауіп­сіздігі үшін де үлкен көмек екендігі сөзсіз. Алмалы ауданы тәртіп сақшылары алматылық­тарға ұры­лардан қорғану жолдары туралы ақпарат жазылған ескертпелерді, жаднамаларды да ұсынуда.

– Бүгінгі күнге дейін мұндай ескертпелердің елу мың данасы дайындалды. Ұрлық жасаушы­лар­ға қарсы тиімді әрі ерекше шара тек автобустарды ғана емес, трамвайлар мен троллейбустарды да қам­тиды. Сонымен қатар, бұл суреттер көп қабатты үйлердің кіреберісіне де ілінеді. Қылмыс­тың алдын алу іс-шараларын жасауда және оны іске асыруда бізге жергілікті әкімдік пен проку­ратураның ық­палы мол болды, – дейді Алматы аудандық ІІБ бас­тығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

Оңтүстік астанада соңғы үш жыл бойы «Қауіпсіз аула» бағ­дар­ламасы дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Көп қабатты үйлерде темір есіктер орнатылып, олар арнаулы құлыптармен жабдық­тал­ған.  Қала­дағы жеті мыңға жуық көп қабатты үйлердің тоқсан пайызында осындай жұмыстар жүр­гізілді. Сөз реті келгенде айта кете­тін тағы бір жайт, Алматыда тіркелген қыл­мыс­тардың басым көпшілігін Шы­ғыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қа­зақ­стан жә­не Алматы облысынан келгендер жасайтыны анық­талды.

Бақыт БАЛҒАРИНА,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар