17 Қараша, 2012

Жемісті жұмыстың жалғасы

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жемісті жұмыстың жалғасы

Сенбі, 17 қараша 2012 8:07

Қазақ елі әлемдік аренадағы тағы бір асуды бағындырды.Қазақстанның халықаралық істер бойынша әлемдік аренадағы рөлімен орны жыл өткен сайын артып келе жатқанының куәсімізҚазақстаналғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесініңмүшесі болып сайланғандығы жайлы ақжолтай жаңалық мерейіміздітағы бір өсірді.

 

Сенбі, 17 қараша 2012 8:07

Қазақ елі әлемдік аренадағы тағы бір асуды бағындырды.Қазақстанның халықаралық істер бойынша әлемдік аренадағы рөлімен орны жыл өткен сайын артып келе жатқанының куәсімізҚазақстаналғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесініңмүшесі болып сайланғандығы жайлы ақжолтай жаңалық мерейіміздітағы бір өсірді.

Бұл деген еліміздің демократия құндылықтарын жоғары қой­ған мемлекет ретінде әлемге та­ны­луының айқын көрінісі. Қа­зақ­станның тәуелсіздік алған жыл­дан бері әлемнің алдыңғы қатар­лы державаларымен, көрші мемлекеттермен сенімді қатынас жасауының жемісі.

Алдыңғыларын айтпағанның өзінде, соңғы жылдары сыртқы әлеммен орнықтырған ұтымды байланыстың арқасында Қазақ­стан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төр­аға­лық ету мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар, Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымына және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төр­аға­лық ету арқылы өзінің халық­аралық аренадағы ұстанымы мен беделін көтеріп отырғаны тағы рас. Бүгінгі таңда Қазақстанда «Еуропаға жол» мемлекеттік бағ­дарламасы іске асып жатқанынан хабардармын. Бұл біздің кәрі құр­лық елдерімен, халықаралық ұйымдармен саяси, құқықтық және экономикалық ынтымақ­тас­тық­ты дамытудың алтын арқауы болып табылады.

Адам құқықтарын қорғау са­ласына Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев әрқашанда баса назар аударып келеді. Сондықтан мемлекеттің адамға үнемі қам­қор­лық көрсетуі, жақсы өмір сү­руі үшін оған қажетті барлық жағ­дайды жасауы, оның ден­сау­лы­ғын қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауы, жеке өміріне қол сұғушылықтан қорғауы жолында көп­теген жұмыстар атқарылып жат­қанының куәсі болып отыр­мыз.

Соның бір дәлелі, Қазақстан Республикасы Президентінің жа­нындағы Адам құқықтары жө­нін­дегі комиссиясының жемісті жұ­мы­сы деуге болады. Жақында аталған Комиссия шығарған «Қазақстан Республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтарының ахуалы туралы» арнайы баяндаманың тұсауке­се­рі­не қатыстым. Баяндамада жоға­ры­да аталған адамдардың Қазақ­стан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап қазіргі кезге дейінгі құқықтарының ахуалы салыстырмалы бағаланған, орал­ман­дардың, азаматтығы жоқ адам­­дардың, босқындардың құ­қықтарын қорғаудың түйінді проб­лемалары мен оларды шешу жолдары айқындалған. Сонымен қатар, қазіргі хал-ахуалын жақ­сар­ту жөніндегі нақты іс-қи­мылдар ұсынылған. Осы баяндама мен оның маңызды және елеулі ұсынымдары Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің әлеуметтік және көші-қон саласындағы жүр­гізіп жатқан шараларды жақсарту үшін негіз болады деп сенемін.

Міне, енді Біріккен Ұлттар Ұй­ымының 47 мемлекеттен құ­ралған Адам құқықтары кеңестің құрамына енуіміз Елбасының дер кезінде қабылдаған дұрыс ше­шім­дерінің нәтижесі деп білемін.

Фарида МЕРХАМИТҚЫЗЫ,

«Ерке-Нұр Шарапат» қоғамдық

қорының президенті.