20 Қараша, 2012

Таңдаулылар сапқа тұрды

267 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Таңдаулылар сапқа тұрды

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:08

Ақмола облыстық кеден департаментінің табысты қызметі жұртшылық назарында екендігін білеміз. Мұнда белгіленген жос­пар-тапсырмалар артығымен орындалады. Бұл сала қыз­мет­кер­лерінің кәсіби біліктілік дәрежесінің биіктігін көрсетеді. Оны де­партаменттің құқық қорғау саласына жататын қызметкерлерін ке­зектен тыс аттестаттаудың қорытынды кезеңіне қатысу барысында өзіміз де айқын аңғардық.

 

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:08

Ақмола облыстық кеден департаментінің табысты қызметі жұртшылық назарында екендігін білеміз. Мұнда белгіленген жос­пар-тапсырмалар артығымен орындалады. Бұл сала қыз­мет­кер­лерінің кәсіби біліктілік дәрежесінің биіктігін көрсетеді. Оны де­партаменттің құқық қорғау саласына жататын қызметкерлерін ке­зектен тыс аттестаттаудың қорытынды кезеңіне қатысу барысында өзіміз де айқын аңғардық.

Бөлмеге бірінші болып ішкі қауіпсіздік басқармасына қарас­ты жедел-қызмет бөлімінің бас маманы Михаил Гаража еніп, әс­кери тәртіппен рапорт берді. Ол бұған дейін тест сынағынан жүз пайыздық көрсеткішті иемденіп, дене шынықтыру дайындығын «жақсы»  бағаға тапсырған екен. Ұжым ардагері әкімшілік, тәр­тіптік жазаға тартылмаған. Оның салмақты баяндауларынан ойлау болмысының кеңдігі көрініп тұрды.
Жалпы, бүгінгі сынақта Гаража сияқты өз ісіне берілген азаматтар көп болып шықты. Олар аттестаттау комиссиясының сұ­рақ­тарына дәлме-дәл жауап қай­тарып, қабылданған заңдар мен нормативті құжаттардың қолда­ны­лу аясын ашып әңгімеледі. Бұл санаттағы 18 қызметкердің ішіндегі жалғыз қыз бала Әсел Мұхаеваның дайындығы да тың­ғылықты екен. Қаржы полициясы академиясын былтыр бітірген ол араға көп уақыт салмай контрабандамен күрес басқармасының аға инспекторы дәрежесіне көте­рі­ліп, ұжым абыройына бөлен­ген. Сондай-ақ, әскери борышын өтеген капитан Темірхан Қана­фин­нің сұрақтарға мүдірмей жауап бергенін атап көрсеткен жөн. Кезек аға маман-кинолог Анатолий Бочаревке келгенде бөлме ішінде жылы желпініс пайда болды. Республикаға танымал ма­ман­ның ерлігі мен өнегелі істерін талай мақалаға арқау еткен біз оның ақтық сыннан ойдағыдай өткеніне қуандық.
Бірақ, аттестаттау – көңіл ауанына, қызметкердің жұмыс өті­ліне, тіпті, жинақтаған абырой-беделіне қарамайтын қатал сын. Осыдан болса керек, кейбір қыз­меткер­лер­дің білгенін ұмыт­қа­нын, бірқа­тарының қарапайым сұрақтардан жаңылғанын, енді бірінің дайындалмай келгенін де көрдік. Комиссия иіні жұмсарып иілуді, көз­жұм­байлықтан ада, әділдігімен бақы­лау­шы ретінде қатысқан біздің де көңілімізден шықты.
Аттестаттау комиссиясының төр­аға­сы, облыстық кедендік ба­қылау департаменті бастығының орынбасары Жамбыл Балғабаев 14 кеденшінің атқарып жүрген қыз­метіне сәйкестігін, бір адам­ның жоғары лауазымға ұсыныла­тын­­ды­ғын мәлімдеді. Ал екі қыз­мет­кер қазіргі лауазымынан босатылып, құқық қорғау саласына жатпайтын өзге буындарға ауысатын болды. Сондай-ақ, өзге сала­дағы қыз­мет­керлер де сынақтан босатылмайды. Олар үш жылда бір рет өтіп тұрады. Бұл шара кеден қызметі­нің сапында таң­даулылар ғана қалатынына сендіреді.
Бақберген АМАЛБЕК, 
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.