20 Қараша, 2012

Екінші кезең қорытындысы

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші кезең қорытындысы

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:08

Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау де­пар­та­ментінде кезектен тыс аттестаттаудың екінші кезеңі аяқ­талды.

Аттестаттау нәтижесі бо­йын­ша департаменттің ішкі қауіп­сіз­дік басқармасының үш қызмет­кері­нің біреуі Орталық аттестаттау комиссиясының шешімі бо­йын­ша атқарып отырған лауа­зы­мына сәйкес емес деп танылып, басқа қызметке (лауазымға) ауыс­тырылуға ұсыныс берілді.
Ал аймақтық аттестаттау ко­миссиясының нәтижесі бойынша үш қызметкердің барлығы да сынақты табысты тапсырды.
Аттестаттауды айқын, ашық және жан-жақты өткізу мақса­тын­да департаменттің аттестаттау комиссиясының құрамына «Нұр Отан» ХДП ҚОФ өкілі, «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің қоғамдық одағының өкілдері, кеден қыз­ме­тінің ардагерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді.

«Егемен-ақпарат».