20 Қараша, 2012

Челахтың ісі қаралуда

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Челахтың ісі қаралуда

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:19

Кеше Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қыл­мыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Ербол Ахмеджановтың төрағалығымен Қа­зақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 бабының 2-бөлігінің «а, в, д, к, н» тармақтарында, 175-бабының 2­­-бөлігінің «б» тарма­ғын­да, 172-ші бабының 1-ші тармағында, 175-бабының 2-бөлігінің «б, в» тармақ­тарында, 255-бабының 3-бөлігінің «а» тармағында, 251-бабының 1-бөлігінде, 3­87-бабының 2-бөлігінде, 37­3-бабының 2-бөлігінде, 145-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс­тарды жасады деп айыпталған Челах Владислав Валерьевичке қатысты қыл­мыстық іс бойынша ашық сот отырысы одан әрі жалғасты.

Күннің екінші жартысында сотталушы В.Челах бекетті өртегенін және тапаншаны ұрлағанын мойындап, тағыл­ған айыппен ішінара келісті.
Осыдан кейін сот куәгерлерді сұ­рауға кірісті. Айыптау жағы «Арқан­керген» шекара бекетінің куәгерлердің айтулары бойынша құрастырылған сызба жоспарын ұсынды.
2484 әскери байланыс бөлімінің бастығы Жасұлан Досқаев «Арқанкер­ген» шекара бекетінде жұмыс жағ­дайында тұрған байланыстың төрт түрі болғанын, байланысшылардың байланысты «байланыс жөніндегі өкімге» сәйкес жүзеге асыруға тиіс болғанын хабарлады.
Сол сияқты «Тоқжайлау» қыста­уында жасырынып жүрген В.Челахты тапқан әскери қызметшілер, іздеу то­бының мү­шелері де тыңдалды. Олар­дың айтуларынша, төңіректі сүзе жүріп, олар қыстақ ішінен жұмыс істеп тұрған теледидар дауы­сын естіген, содан соң жақын келіп, терезеден ішке түскен. Әскери қызметшілер үстінде спорттық киімі бар Челахтың еденде, кереует астында жатқанын көрген. Қыстақты қараған кезде шекара бекетінен жоға­лып кеткен зардап шеккендердің дүние-мүліктері (ноутбук, ұялы телефондар, т.б.) табылған. Челахты ұстап, шекара заставасына жеткізген.
Алғашқы күні сот 7 куәгерді тың­дады. Ашық сот отырысы бүгін одан әрі жалғасуда.
«Егемен-ақпарат».