Куәгерлерден жауап алынды
Сәрсенбі, 21 қараша 2012 0:04
Талдықорған қалалық сотында әскери қызметші В.Челахтың ісі бойынша ашық сот процесі жалғасуда.
Процесте сөз алған сотталушының адвокаты Серік Сәрсенов сотқа төрағалық етуші Ербол Ахметжановтан бас тартатынын мәлімдеді. Қорғаушының мәлімдемесін қарау үшін Алматыдан қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот төрағасы Советхан Сәкенов келді. Адвокат Сәрсеновтің дәйектерін тыңдай келіп, судья Сәкенов оны негізсіз деп таныды және судья Ахметжановтан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Өз кезегінде сотталушы Челах істің құпия материалдарымен танысу үшін өзіне және адвокатына үш күн беру жөнінде өтініш білдірді. Судья Сәкенов сотталушыға және оның қорғаушысына оларға қажет материалдармен танысуға уақыттың жеткілікті болатынын айтып, олардың өтініштерін қанағаттандырудан бас тартты.
Осыдан соң сот айыптау куәгерлерін тыңдауға кірісті. «Арқанкерген» заставасында болып, Челахпен кездескен шекара қызметі солдаттары сөз сөйледі. Сондай-ақ «Тоқжайлау» қыстағында жасырынып жүрген В.Челахты ұстаған іздеу тобының мүшелері өз көргендерін баяндады. «Арқанкерген» заставасына жақын орналасқан «Тоқжайлау» қыстағының және орман шаруашылығының қызметкерлерін тергеген сот қылмыс болған жердің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі анықтады.
Өз кезегінде әскери қызметші Киреевтің жесірі сотта сөз сөйлеп, сотталушы Челахтан 5 млн. теңге моральдық шығын талап етті.
Ашық сот отырысы одан әрі жалғасуда.
«Егемен-ақпарат».