21 Қараша, 2012

РБК Daily: Әбіләзов Қазақстан мен Ресейден орасан зор қаржыны заңсыз алып кеткен

322 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

РБК Daily: Әбіләзов Қазақстан мен Ресейден орасан зор қаржыны заңсыз алып кеткен

Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:13

Баяғыда біреу «Атың шықпаса, жер өрте» деген екен. Қазір соның нақты мысалына мына елден қашқан алаяқ Әбіләзов тура келіп тұр. Жер өртемесе де соған жақындатып ақша ұрлап, талай жанды тақырға отырғызып, атын шығарды. Иә, жаман атын шығарды. Енді оның алаяқ деген атақтан арылар шамасы жоқ. Өз өзіне жамандық жасап, өз елі түгілі шет елде де батпаққа батты. Оған мысалдар жеткілікті. Соның бірі – ресейлік «Daily» газетінің жазуына қарағанда, қылмыскер Әбіләзов тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Ресейден де қомақты қаржыны ұрлаған. Бұл қаржылар БТА мен АМТ банктерінікі көрінеді.

Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:13

Баяғыда біреу «Атың шықпаса, жер өрте» деген екен. Қазір соның нақты мысалына мына елден қашқан алаяқ Әбіләзов тура келіп тұр. Жер өртемесе де соған жақындатып ақша ұрлап, талай жанды тақырға отырғызып, атын шығарды. Иә, жаман атын шығарды. Енді оның алаяқ деген атақтан арылар шамасы жоқ. Өз өзіне жамандық жасап, өз елі түгілі шет елде де батпаққа батты. Оған мысалдар жеткілікті. Соның бірі – ресейлік «Daily» газетінің жазуына қарағанда, қылмыскер Әбіләзов тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Ресейден де қомақты қаржыны ұрлаған. Бұл қаржылар БТА мен АМТ банктерінікі көрінеді. Ол мұндай миллиардтаған долларларды Кипрде арнайы құрған оффшорлық компаниялар арқылы шығарған. Оның көптеген сыбайластары қазіргі күні түзеу мекемелерінде мерзімдерін өтеуде. Ал Әбіләзовтің өзі болса қазақстандық, ресейлік және британдық сот төрелігінен жасырынып жүр.

 

Жалғандықтың қылмыстық пирамидасы

Аталған газеттің хабарлауынша, егер Әбіләзовті ағылшын құқық қору органдары ұстар болса, онда ол кемінде екі жылға темір торға тоғытылмақ. Алаяқ мұндай мерзімді сотты құрмет­те­ме­гені үшін алып отыр. Сол сияқ­ты, қазақстандық Фемиданың да Әбіләзовті елден 7 миллиард долларды шығарғаны үшін ұзақ мер­зімге түрмеде отырғызуға толық негізі бар.

Ұлыбританияда сотталған қыл­мыскер Әбіләзовтің ресейлік АМТ банктегі алаяқтық ісі БТА банктің мыңдаған салымшыларына жаса­ған қиянат тарихымен ұқ­сас келе­ді. Негізінен АМТ банк на­ғыз қар­жылық пирамидаға ұқ­са­ған, өйт­ке­ні, онда қарыз жаңа са­лым­шы­лардың есебінен өтеліп отырған. Сондықтан, Әбіләзовтің банкі классикалық МММ-ге қа­ра­ғанда әлдеқайда ұзақ қаржылық пирамида жағдайында өмір сүрген.

Әбіләзовтің АМТ банкін нақ­ты пирамидаға айналдырған кезін тура анықтауға болады, деп жал­ғас­тырады аталған тақырыпты «Из­вестия» газеті. 2010 жылдың 12 тамызында Ресейдің Центр­бан­кі АМТ банкіне халықтан салым қабылдауға тыйым салды. Бірақ одан кейін салым қабылдау арта түсті, өйткені, салым мөлшері де көбейе берді. Содан азаматтар өз­дерінің жиған-тергендерін ұлғай­ту мақсатында банкрот болып жа­рияланғанға дейін АМТ кеңсесіне барумен болды.

 

Оффшорлардағы миллиардтар

Әбіләзовтік АМТ банкі банкрот болып жарияланысымен он­да­ғы активтегі қаражат төрт есе аз екендігі, тіпті алғашқы кезекте тұр­ғандарға да төлеуге жетпей­тін­дігі анықталды. Ал алғашқы кезекте алданғандардың саны 5,5 мың адам болатын. Сөйтіп, Әбі­лә­зов алданған салымшы­лар­дың ақ­ша­сын қылмыстық жолмен шет ел­дегі оффшорлық есепке аударған.

Ал салымшылардың арасында тек қана кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар жұмысшылар, зейнеткерлер, әлеуметтік сала қыз­мет­керлері және ірі ұйымдар, мә­се­лен, 2008 жылы АМТ банкіне 24 млрд. рубль берген Ресей Банкі де бар.

Бүгінде бұрынғы банк бөлім­шелерінің бірінің орнында яғни, Мәскеу қаласының бір шетіндегі қараша үйдің тар бөлмесінде алданған салымшылар журналис­тер мен тергеушілерге өздерінің тақырға отырғандарын, бұзылған жоспарлары мен үзілген үміттерін айтып, шағымдануда. Олар өзде­ріне мол ақшаны қайтаруға серт еткен Әбіләзовтің қалайша маң­дай терлерімен тапқан қаржы­ла­рын шет елге шығарып және әлі күнге ұсталмай жүргеніне таң қалады.

Сондықтан да Қазақстан мен Ресейде қаржылық және әлеу­мет­тік алауыздықты қоздырушы ре­тінде өзінің жасаған қылмысын Әбіләзов тартуға тиіс деп сенеді. Бүгінде «қара миллиардердің» қа­зақстандықтардың кез келген мә­селесін саясиландыруға әрекет­тенетіні түсінікті. Ол, біріншіден, барлық адамды, халықаралық қау­ымдастық назарын өзінің қыл­мы­сынан аударғысы келеді. Екін­ші­ден, осындай дау-дамайдың кө­леңкесінде кезекті бір алаяқтығын жасап қалуды ойлайды. Өйткені, қазіргі оның есебіндегі 10 миллиард доллар енді аздық ете түс­кен­дей. Әбіләзов секілді адамдар үшін сараңдық енді оның жанында қалған жалғыз жолдасы секілді.

 

Нағыз ұрлық

2008 жылы нағыз тапшылық кезде Әбіләзовтің АМТ банкі Ресейдің Центрбанкінен 27 млрд. рубль көлемінде салықсыз несие алады. Енді осы қаржыны Әбі­лә­зов сол кезде өзінің салымшыларына төлегісі келмегені анық болып отыр. Өйткені, АМТ банк Ресейдің Банкінен алынған 24,2 млрд. рубльді сол сәтте-ақ Әбі­лә­зовке байланысты компанияларды қаржыландыруға аударып жі­бер­ген. Тергеуде анықтал­ған­дай, бұл мемлекеттік ақшаны Әбі­ләзов тіз­бек бойынша біртіндеп шет елдік банктерге шығарған. Қаражат «үлескерлер төлемдерін қам­та­масыз ету үшін шет елдік валютаны сатып алу мақсатында» деген сыңаймен аударылған көрі­не­ді.

Бірақ шындығына келгенде, Әбіләзов бенефициар ретінде екі банкті де салымшылардың ақша­сы­н шет елге шығару үшін пай­даланған. Ал бірден ұрлауға үл­гер­мей қалған ақшалар бұл кезде Әбіләзов компанияларының есе­бін­де қалып қойған. Сондықтан БТА мен АМТ банкілерінде еш­теңе қалған жоқ. Тоқетерін айт­қан­да, Әбіләзов мыңдаған адамды миллиардтаған теңгеге «отыр­ғы­зып» кетті.

Қазіргі таңда АМТ банктің бұрынғы қожайыны Әбіләзов БТА банк салымшыларының 7 миллиард долларын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін айыпталып, қылмыстық қудалаудан қашып, шет елде жасырынып жүр.

АМТ банктің лицензиясын қай­­тару кезінде оның Центрбанк ал­дындағы қарызы 7 млрд. рубльді құрады, ал салымшылар қарызы болса 15 млрд. рубль болды. Енді көптеген адам ол ақшаның қай­та­ры­латынына сенбейді. Өйткені, Әбі­ләзовтің өзі миллиардтарды қо­йнына басып алып қашқын атанды.

Оның үстіне Әбліәзовке байланысты компанияларға берілген барлық несиелер Мәскеу облысы­ның Домодедово ауданындағы жер телімдері есебінен кепілге бе­рілген екен. Алайда, кепілге берілген жер телімдерін бағалау көптеген заң бұзушылықтармен жүргізілген кө­рі­неді. Мәселен, құ­жат­тарда көрсе­тілгендей, 2006 жылы орталық бір компания 1954,8 мың шаршы метр жер те­лімін 296 млн. рубльге алған. Алайда, 2008 жылдың күзінде бұл жер телімі Әбіләзовке байланыс­ты компаниялардың несиесі бойынша кепілде тұрғандығы анық­талы­сы­мен, сол сәтте-ақ оның құны 9,3 млрд. рубльге бір-ақ қарғыған, яғни 31 пайызға өскен. Ал, мәсе­лен, 711 мың шаршы метр жер телімі ал­ғашқыда 895 млн. рубль болып ба­ға­ланса, 2009 жылы ол екі есе жо­ға­рылап, 1,997 млрд. рубльге жеткен.

 

Соттағы Әбіләзовтің сыбайластары

Қазір дүние жүзі бойынша Қазақстаннан ақшаны шығаруға көмектескен Әбіләзовтің жақтас­та­рын ұстау жалғасуда. Мәселен, өткен жолы чех полициясы қазақ­стандық БТА банктен 5 млрд. долларды ұрлады деп айыпталған Әбіләзовтің сыбайласы Т.Парас­ке­вичті ұстады. Ресейлік тергеу орындарының болжамы бойынша, бұл әйел Әбіләзов бастаған ха­лық­аралық қылмыстық топтың мүшесі екен. Т.Параскевич ақша түсірудің қылмыстық сызбаларын жасап, жалған қаржылық құжат­тар­ дайындаған. Оның Мәскеу­дегі пәтерін тінткенде, көптеген өмірде жоқ фирмалар мен салық органдарының мөрлері, бланктері табылған.

Сонымен қатар, Параскевич пен Әбіләзов БТА банктен қара­жат ұрлау көріністерін тек Қазақ­станда, Ресейде ғана емес, Еуро­па­лық одақ елдерінде де жүзеге асырған. Әбіләзовке және оның барлық қылмыстық топ сыбай­лас­тарына қарсы қылмыстық іс қоз­ғалысымен Параскевич ұзақ уа­қыт Польшада, Латвияда, Чехияда және Кипрде жасырынып жүріпті.

Сондай-ақ, Кипр соты Әбі­лә­зовтің тағы бір сыбайласы – Ұлы­бри­тания азаматы Пол Ки­трео­тис­ті түрмеге қамады. Әбіләзовпен бірге Китреотис те БТА банктен ұрланған 295 миллион доллар ісі­не қатысты айыпталып отыр. Сон­дықтан ол сот залында-ақ қамауға алынды.

Өткен жылы ақпан айында Лон­донның Жоғары соты Әбі­лә­зовті жалған мәлімет бергені мен сотты құрметтемегені үшін қа­мауға алуға үкім шығарған болатын. Бірақ, бұл үкімді орындау әлі күнге мүмкін болмай тұр, өйткені, 48 жастағы бизнесменнің қайда жүргені белгісіз.

Қараша айының басында Ан­глия­ның апелляциялық соты Әбі­лә­зовті түрмеге тоғыту туралы ше­шім­ді өзгеріссіз қал­дыр­ды. Ол Англияның Жоғары со­тының екі негізгі шешімі бойынша апелляцияда жеңіліс тапты. Өйткені, бірінші шешім бойынша Әбіләзов сотты құрмет­те­ме­гені үшін 22 айға қамауға ұйға­рылды. Екінші шешім бойынша ол тиісті ор­ган­дарға беріліп, өзінің барлық ак­тив­теріндегі ақ­паратты ашуы талап етілді. Әйтпесе, ол БТА банк талап еткен 6 миллиард доллардан аса сомаға қойылған арыздан қор­ғану құқығынан айырылады.

Мұндай шешімдер сот тө­релігі кезінде Әбіләзовтің банк­тен заң­сыз шығарған активтерін қайтару жолдарын тездете түседі деп есептейді БТА банктің қазіргі басшылары. Ал, Әбіләзов болса, өткен жылдың ақпан айында соттың өзін түрмеге қамайтынын біліп, Англияны тас­тап қашып кеткен.

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Кеше