22 Қараша, 2012

Тергеу: Храпунов ірі қылмыстары үшін кінәлі

380 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Тергеу: Храпунов ірі қылмыстары үшін кінәлі

Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:18

Алматының бұрынғы экс-әкімі В.Храпунов оффшорлық және жалған фирмалар арқылы салық төлеушілердің нақты ақшасы – 48 миллион доллар мен 8 миллионға жуық еуро қа­ра­жа­тын ұрлап әкетті. Тергеу орындары хабар­ла­ған­дай, Храпунов пен оның зайыбы Л.Бекетова ірі қаржылық қылмыс жасағандары үшін кінәлі.

Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:18

Алматының бұрынғы экс-әкімі В.Храпунов оффшорлық және жалған фирмалар арқылы салық төлеушілердің нақты ақшасы – 48 миллион доллар мен 8 миллионға жуық еуро қа­ра­жа­тын ұрлап әкетті. Тергеу орындары хабар­ла­ған­дай, Храпунов пен оның зайыбы Л.Бекетова ірі қаржылық қылмыс жасағандары үшін кінәлі.

Нақты дәлел: Женеваға қоныстанған Храпунов қымсынбай, ұялмай ұрланған ақ­шаларға виллалар мен қо­нақ­үйлер, қым­бат автокөліктер сатып алуда. Жем­қорлықпен алын­ған лас ақшалар арқылы ол өзінің кәсібін жасап жатыр.
Храпуновқа қатысты 20 қылмыстық істен тұратын материалдарда Алматы қала­сы экс-әкімінің, оның әйелі мен балала­ры­ның Швейцария мен Қазақстандағы мүліктерінің тізімі көрсетілген. 
Храпуновтар Еуропада 2007 жылдың 27 шілдесінде 32 млн. франкке Chemin de Ruth 49, Coiogny 1223 мекен-жайы бойын­ша тамаша вилла және ірі қонақүйлер мен зергерлік компаниялар, кеңселер, қымбат көліктерді сатып алған.
Одан әрі Rue RodoipheToepffer 10 және Geneve мекен-жайы бойынша 16 млн. франк тұ­ратын пәтер алынған. Жақында Хра­пуновтың өтірігі мен жалғандығы ту­ра­лы айтылған көп­те­ген мақалалар оның суретімен шетелдік және қазақ­стан­дық БАҚ-тар­да басылды. Өйткені, ол алдында бай адам емеспін деп жар салған, ал шынды­ғын­да ол жиырма шақты қыл­мыс­тық істі арқалаған нағыз алаяқ болып отыр.

В.Храпунов Алматы энер­ге­ти­ка инс­ти­тутын инженер-элек­трик маман­ды­ғы бойынша бітірген соң  алғашқы еңбек жолын Алматы жылу электр орталы­ғы­ның слесарі, жөндеу жөніндегі слесарі және шебер болудан бас­таған адам еді. Сол жылдары ол жұрт­пен бірге еңбек етті. Алма­ты жоғары партия мектебін бітіріп, қа­ла­лық атқару комитеті төр­аға­сы­ның орын­ба­са­ры лауа­зы­мына көтерілді. Сөйтіп халық пен биліктің сеніміне кірді. 1997 жылдан 2004 жылдың жел­тоқ­санына дейін Алматы қала­сы­ның әкімі қызметін де атқарды.
Міне, сол жылы Алматы секілді алып қаланың тізгіні қолы­на тиісімен ол сынаптай құбы­лып сала берді. Әкімшілік орта­лық Ас­та­наға ауысып, абыр-са­быр болып жат­қанда ірі қаржы­лық құрылым­да­ры, кәсіпорын­дары бар Алма­ты­ны Храпунов жеке қожалығындай көріп, иемденіп алды. Бұдан кейін ол «әй дер ажа, қой дер қожа» жоқтай жемқорлыққа салынып аш құл­қынын бітеумен ғана ай­на­лысты.
Осылайша Храпунов сырт көзге сыпайы, іскер түр таныта жүріп, Алматыдағы ең қымбат жер телімдері мен пәтерлерді сату ар­қылы елдегі шылқыған бай адам­дардың біріне айналды. Бұл орайда ол дәретін жасырған мы­сық секілді әр көмескі ісін күрделі қар­жы­лық сызбалар мен қитұрқы амалдар арқылы жа­сырып отыр­ды. Дегенмен, мемлекеттік қыз­мет­кер ретінде өзіне артық мүлік пен қаржыны сіңіре алмайтын бол­ғандықтан, зайыбы Ләйла Бе­ке­тованың атына жер телімдерін, қайырымдылық қо­рын, туристік компанияларын, жеке университетін, сауда үйлері мен құрылыс кор­­порацияларын, санаторий және қонақ үйлерді, дәмхана­ларды, қа­ла­лық әуежай­ды, ең бастысы, зергерлік дүкен­дерін құжаттап қойды.
Осылайша олар өздерінің жымысқы әрекеттерін еш адам білмейді деп ойласа керек, одан әрі бірігіп әрекет ете берді. Ерлі-зайыпты алпауыттар Алматы­да­ғы пәтерлер мен саяжайларды, паркингтерді, сауда және демалыс орындарын, басқа да ғима­рат­тар­ды қосып алғанда 37 бағалы ны­сан­ды иеленді. Храпуновтар әу­ле­ті өз аттарына немесе басқа адам­дардың атына құжаттағаны бар, сыйлағаны бар: барлығын қос­қан­да 32 нысанды және 16 жер телімдерін пайдаланып кеткен. Оның ішінде көлемі 2489 шаршы метр болатын «Шым­бұ­лақ» шаңғы тебу курорты да бар. Осылайша, олар «Хабар» агенттігі экранға шығарған «Химера» атты арнайы телерепортажда көр­сеткендей, жо­ға­рыда­ғы­дай әре­кеттерімен әккі қыл­мыс­кер­лерге, яғни қазақ­стан­­дық «Бони мен Клайдқа» айналды.
Қашқын Храпунов бұдан бас­қа 1 миллионнан астам тұрғыны бар Алматы халқын сумен қамта­ма­сыз ететін артезиан скважи­на­лары тұрған стратегиялық маңы­зы бар жер телімдерін күмәнді қо­жайындар қолына беріп қой­ған. Дәл осы қылмыстық іс оның жеті жылдай жабысып отырған орын­тағын босатуына ілік бол­ды. Бірақ оның одан әрі де шық бермес Шығайбайға айналып баюына Ал­маты әуежайының құ­рылысы себеп бола түсті. Мәсе­лен, өртеніп кеткен ескі әуежай­дың орнына жаңа ғимарат тұрғы­зылды. Бұл Алматы бюджеті есебінен 13,4 млн. долларға салын­ды. Ал енді бұған шыққан шы­ғын­ды жабу үшін әуежайдан тү­сетін пайданы алуға құқығы бар фирма қажет болғанда, Храпунов өз фирмасын тықпалап кіргізе қойды. Бұл ту­ра­лы қазақстандық бұқаралық ақпа­рат құралдары­ның жазуынша, шамамен 10 млн. доллар әуелі Хра­пуновтың иелігіндегі шағын фир­ма­ның есеп шотына аударылған. Ол, әрине, оның ойынша өте аз қа­ражат еді. Сондықтан мұны Хра­пунов місе тұтпай, бұдан да көп ақшаны асау­ды арман етті. Оған себеп: бұл кезде әуежайдың несиелік та­рихының шым-шыты­рық бол­ға­ны соншалықты, әкім­ші­ліктің және де басқа да мемлекеттік құ­рылымдардың кепілдігімен қан­ша кредит алынғанын ешкім нақты айтып бере алмайтын еді.
Виктор Храпуновқа Қаржы по­лициясы Алматы қаласы әкімдігінің сыртқы жарнамаларға арнап 54 жер телімін тегін бергеніне қатысты тағы қосымша 2 қылмыстық іс қозғады. Ол бұл жағдайда құжат бойынша өзінің жиеніне, ал іс жүзінде зайыбына «Медеу» ұлттық паркінен бөліп берілген 4 гектар жерге орна­лас­қан демалыс аймағын арзан ба­ға­ға сатқан. Сөйтіп, Алматы қала­сы­ның бұрынғы әкімі 2002-2003 жыл­дар аралығында, яғни бір жылдың ішінде 50-ден астам жер телімін заңсыз сатып жіберген. Бұның барлығы, жоғарыда айтқа­нымыздай, сыбайлас жем­қор­лық­тың сұрқия істерінің бірі ғана болып табылады. Демек, мұны «Хабар» телеарнасынан көр­се­тіл­­ген «Химера» арнайы телере­пор­та­жын­да айтылғандай, әбжы­лан­­­ға теңемеске амал жоқ.
Сонымен, алаяқтық ісімен дүйім жұртқа атағы шыққан Храпунов бұдан басқа да, мәселен, Ал­матыда рөлі оң жақтағы көлік­тер­ді жүргізуге тыйым салу сияқ­ты популистік қадамдарымен  белгілі. Сөйтіп, жұрт оны өзінің саяси технологтары жасап берген әдемі, сүйкімді образымен таны­ды. Міне, оның осы кейпіне, нақты айтқанда, алдамшы бейнесіне сеніп қалған жұрт Храпу­нов­ты 2006 жылы «Алтын адам» сыйлығының «Жыл адамы» но­минациясы бо­йын­ша марапатта­ған еді. Ол жыл сайын 31 нау­рызда табысы ту­ра­лы декларация тапсырып, өзін тек жалақымен жан бағып, айлы­ғы­мен күн кө­ріп, жеке меншігіндегі «Салют» корпоративінің гара­жын ашып-жауып жүрген адам ретінде көр­сетті. Тіпті қала әкімі анда-санда Алматыдағы орталық мешітке де бас сұғып, мұсылман жамағатын риза етіп қоятын. Сол кездері дархан жүректі қазақ қауымы­ның тіпті: «Храпунов сүндет­те­ліп­ті, мұсыл­ман екен», деп қуан­ған да кезі болған. Содан да шы­ғар аса мейірімді адамдар оны күйеу бала деп те құр­меттеді. Ақжарқын халықтың осын­дай мейірімділігін, құрметін өзінше ба­ға­лаған Виктор Храпунов миығынан күліп, қазақ тілін үйре­ніп жүрген адам секілді бір-екі сөз­бен өзін көрсетіп, әрі қарай жы­мыс­қы тірлігін жалғастыра берді.
Ел Храпуновты оның Тө­тен­ше жағдайлар министрі бо­лып тұрғандағы әрекеті арқылы да жақсы біледі. Ол осы ведомство басшысы болған кезде құзы­рын­дағы мемлекеттік материал­дық қордан молынан қарпып қа­луға тырысып бақты. Осылайша лицензия берудің күрделі жүйе­сінен де өзіне кіріс түсірудің жолын тапқаны бар. Жер телімдерін сатуды жалғастыра берді. Ал оның мұндай қитұрқы әрекеті оған тағы да қосымша 2,5 млн. доллар пайда әкелді.
Жоғарыда айтылғандай, Храпунов алаяқтық жолмен жалған фирмаларына мол қа­ра­жат түсіргеннен кейін бар бағалы құн­ды дүние-мүліктерін жиып-теріп, елден кетуді ойластырды. Бұған се­беп, ол өзіне бір қауіптің төне­тінін білгендей еді. 2007 жыл­дың қарашасында солай бол­ды да. Қызметінен кетті. Осыдан кейін 2008 жылдың сәуір айында Швейцариядан бір-ақ шықты. Еш қауіп­сіз, тып-тыныш күйде, Ал­маты әуе­жайында, жоғарыда ай­тыл­­ған­дай, аса бағалы, құнды дүние мү­лік­терге, яғни, барлығы 18 тоннадан астам жүкке тол­ты­рылған алып Ту-154 ұшағы оның өзі мен бес баласын алып, шетелге бағыт түзеді. Кейін Храпунов бұл қа­дамын: «Зейнетке шыққан соң өзім­нің екінші үйім – Швей­ца­рияға оралдым», деп жеке сай­тын­да баяндау арқылы жасыр­ғысы келді. Ал шын мәнінде оның бұл әрекеті жазадан қашу еді.
Әрине, Швейцария әлемдегі ең бай елдің бірі екендігі сөзсіз. Сондықтан да онда қалтасы қалың банкирлер мен магнаттар, бизнесмендер мекен етуге бара­ды. Виктор Храпуновтың бұл елді таңдауының да өзіндік сыры бар. Біріншіден, оның зайыбы тәуел­сіздіктің алғашқы жыл­да­рын­да Қазақстанға Швейцариядан зат тасып, сауда-саттықпен айналыс­ты. Осы кезден бастап Храпунов­тардың аталған елмен коммер­ция­лық байланыстары бас­тау алды. Екіншіден, Виктор­дың ұлы Ілияс пен қызы Эльвира да Швейцарияда оқу бітіріп жұ­мыс істеді. Ал үшін­шіден, Храпу­новтың отбасы Швей­цариядағы есеп-шоттарына 2003-2007 жылда­ры аралығында 48 млн. доллар және 7,7 млн. еуро қара­жа­тын аударған. Төртіншіден, бұл ел­дің салық тәртібі басқа еу­ропалық мемлекеттердің заңнама­ларына қа­рағанда жеңілдеу кө­рі­неді.
Сонымен, «БИЛАН» журна­лында жазылғандай, біздің кейіпкеріміз Швейца­рия­ның ең бай деген 300 адамының қатарына қо­сылып отыр. Қазіргі кездегі Храпуновтың қаржылық қоры 288-384 миллион доллар­дың ара­сында деп бағаланады. Ал был­тырғы жылы осы тізімге Хра­пу­новтың ұлы Ілияс пен қызы Эль­вира және зайыбы Ләйла Храпунова да енді. Әке Храпуновтың Швейцариядағы байлығының өзі орасан зор. Ол – 32 млн. франкке сатып алынған вилла, 16 млн. франкке бағалан­ған Женевадағы пәтері, банктер орамындағы және жеті қабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлері мен Хотел де Парк Холдинг қонақ үйлері.
Ілияс Храпунов жеті ком­па­ния­ның иесі, осы компания­лар­дың ақша айналымы 500 мыңнан 1 000 000 франкке дейін жетеді. Ал Ләйла Храпунова болса  компанияның басшысы. Сол сия­қ­­ты қызы да бірнеше компания­лар­дың басшылық қатарына кіреді. Міне, осы жоғарыдағы ай­тылған жағдайларды, деректерді саралай келгенде Храпуновтар отбасының Қазақстандағы бар байлығы мен түскен табысы 838 млн. теңге немесе 5,7 млн. дол­лар болған. Табыс деклара­ция­сына сәйкес 2003-2009 жылдар аралығында Храпуновтың жал­а­қы­сы 18 млн. 231 мың теңгеге жеткен. Дегенмен, жоғарыда ай­тылған осын­ша­ма ақшаны қалтасына басып, шетелге қашып кеткен Храпуновта қазір маза жоқ екендігі белгілі. Өйткені, оған қарсы Қазақстан құ­қық қорғау органдары 2011 жылы 20 баптан тұратын қылмыстық іс қозғады. Қазір ол ізделуде.

Соңғы жаңалықтар