Тыйым салу туралы айтылды
Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:22
Кеше Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Ақтаудағы сот ісіне байланысты хабар берді. Ол 19 қарашада Маңғыстау облысының сотында әлеуметтік араздықты қоздыру, билікті күштеп құлатуға шақыру, ұйымдасқан топ құру және оны басқару деректері бойынша Ақтау қалалық сотының 2012 жылғы 8 қазандағы үкіміне Владимир Козлов пен оның қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қаралғандығын айтты.
Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:22
Кеше Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Ақтаудағы сот ісіне байланысты хабар берді. Ол 19 қарашада Маңғыстау облысының сотында әлеуметтік араздықты қоздыру, билікті күштеп құлатуға шақыру, ұйымдасқан топ құру және оны басқару деректері бойынша Ақтау қалалық сотының 2012 жылғы 8 қазандағы үкіміне Владимир Козлов пен оның қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қаралғандығын айтты.
Қылмыстық іс материалдарын және айыпталушы мен оның қорғаушыларының келтірген барлық уәждерін зерделеу нәтижесі бойынша бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылған. Осылайша, Владимир Козловқа, Серік Сапарғалиға және Ақжанат Аминовке қатысты үкім заңды күшіне енген.
Дегенмен, сотталғандар сот үкіміне кассациялық және қадағалау тәртібінде шағымдануға құқылы.
Өз кезегінде аталған тұлғаларға қатысты сот істі қараудың жан-жақтылық, тараптардың бәсекелестік және тең құқықтылық қағаидаттары сақтала отырып, ашық режімде өткендігін атап өту қажет, дейді ресми өкіл. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттармен айыптау және қорғаушы тараптармен ұсынылған дәлелдемелердің барлығы зерделенген. Сапарғали мен Аминов кінәларын мойындап және үкімге апелляциялық тәртіпте шағым келтірмеген көрінеді.
Дей тұрғанмен, Козлов пен басқаларға қатысты заңды күшіне енген сот үкімімен тіркелмеген «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі экстремистік сипатта болғандығы анықталды, – деді бұдан әрі Н.Сүйіндіков. Атап айтқанда, сотпен «Алға» және «Халық майданы» мүшелерімен Жаңаөзен қаласында ереуілге шыққан мұнайшылар арасында таратылған үндеулер мен басқа да баспа өнімдері, сондай-ақ олардың алдында сөйлеген сөздері әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталғандығы және оларда билікті күштеп құлатуға үндеулер бар екендігі анықталыпты.
Сонымен бірге, соттың үкімінде «К+» телеарнасы, «Стан-ТВ», «Республика» интернет-порталдары материалдарының, «Республика», «Голос Республики», «Взгляд» газерттерінің тұжырымдамалық мәтіні әлеуметтік араздық қоздыруға бағытталса, «К+» телеарнасының, «Взгляд», «Голос Республики» газеттерінің, «Республика», «Стан-ТВ» интернет-порталдарының жариялымдарының талдауында билікті күштеп басып алуды және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттаулар бар екендігі көрсетілген, деп атап өтті ресми өкіл.
Соттың бұл тұжырымдары бірқатар сот сараптамаларының қорытындыларымен қуатталған. Өйткені, Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес жеке тұлғалар бірлестігі экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда сот тәртібімен олардың қызметіне тыйым салынуы тиіс.
Экстремизмді насихаттау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады (Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 13-бабы). Осы орайда Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес (131-бап) соттың заңды күшiне енген үкімі анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi болып табылады.
Ал осы айтылғандарды ескере отырып, 2012 жылдың 20 қарашасында Алматы қаласының прокуратурасы келесі талаптармен және арыздармен сотқа жүгінген. Онда: тіркелмеген «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерін экстремистік деп тану және олардың қызметіне Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салу; 8 газет пен 23 интернет-ресурсын бірыңғай «Республика» бұқаралық ақпарат құралы деп тану және оның шығарылуына және Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу; «Взгляд» газетінің және оны қайталайтын интернет-ресурстардың шығарылуына және Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу; шетелдік бұқаралық ақпарат құралы – «К+» телеарнасының және оны қайталайтын интернет-ресурстардың өнімдерінің Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу; шетелдік бұқаралық ақпарат құралы – «stan.tv» интернет бейнепорталы өнімдерінің Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы айтылды, деді Н.Сүйіндіков.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».