23 Қараша, 2012

Бейнематериалдармен танысты

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнематериалдармен танысты

Жұма, 23 қараша 2012 7:09

Талдықорған қалалық сотында әскери қыз­мет­­ші В.Челахтың ісі бойынша процесс жал­ғасу­да. 22 қара­шада сотталушының адвокаты С.Сәр­сенов сот­қа оның қорғауындағы адамның бұ­рынғысынша сот залына шы­ғып, процеске қа­ты­судан бас тартып отырғанын хабарлады. Осы­лайша істі қарау сотталушы Челахсыз өтуде.
Іске төрағалық етуші Е.Ахметжанов қорғау­шы жаққа құпия құжаттарды қарауға құқылы адвокат Естияровтың сотталушымен бірге құпия белгісі бар іс материалдарымен таныса алатынын хабарлады. Осылайша, сот сотталу­шының өзінің және қорғаушы­сының құпия материалдармен танысуы үшін уақыт беру туралы осыған дейінгі өтінішін қанағаттандырды.
Сот процесі арнайы іс-шаралар бейнежазбаларын көрумен жалғасты. 22 қарашада қатысу­шы­ларға Челахтың өз камераластарына қызмет­тес­те­рі мен аңшыны қалай өлтіргенін, шекара бекетін өртеп, тауда, одан кейін қыстақта қалай жасырын­ғанын егжей-тегжейлі баяндағаны, туыстарымен және адвокатымен сөйлескені туралы бейнетү­сі­рілім көрсетілді.
Осыдан кейін сот оперативті-тергеу іс-шара­ла­ры ке­зін­де түсірілген бейнематериалдарды қарауға көшті.