24 Қараша, 2012

Көпірлердегі кінәраттар

347 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Көпірлердегі кінәраттар

Сенбі, 24 қараша 2012 7:13

«Жасанды құрылғылар» деп аталатын бұл тораптардың жағдайы сын көтермейді

Бас көлік прокуратурасы өз қызметінің ерекшелігі бойынша көліктің барлық дер­­лік түрлеріне қадағалау жасайды. Ең ма­­ңыз­ды мәселелердің бірі жасанды құрыл­ғылардың жағдайы болып табылады. Ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін көлік қан тамырларының бір бөлігі.
Әлемдік тәжірибеде жасанды құрыл­ғы­ларды тиісінше күтпеудің және пайдалан­баудың, соның ішінде көпірлерді сапасыз са­лудан, не құрылыс нормалары мен ере­же­ле­­­рін сақтамай жөндеу салдарынан олар­дың қирау, құлау жағдайлары өте жиі кездеседі.

Сенбі, 24 қараша 2012 7:13

«Жасанды құрылғылар» деп аталатын бұл тораптардың жағдайы сын көтермейді

Бас көлік прокуратурасы өз қызметінің ерекшелігі бойынша көліктің барлық дер­­лік түрлеріне қадағалау жасайды. Ең ма­­ңыз­ды мәселелердің бірі жасанды құрыл­ғылардың жағдайы болып табылады. Ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін көлік қан тамырларының бір бөлігі.
Әлемдік тәжірибеде жасанды құрыл­ғы­ларды тиісінше күтпеудің және пайдалан­баудың, соның ішінде көпірлерді сапасыз са­лудан, не құрылыс нормалары мен ере­же­ле­­­рін сақтамай жөндеу салдарынан олар­дың қирау, құлау жағдайлары өте жиі кездеседі.

Мұндай деректер соңғы уақытта біздің елімізде де тіркеле бастады. Олардың көп­шілігі темір жолдағы жасанды құрылғы­лар, ал олардың 9 мыңнан астамы 70-100 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді.
Бас көлік прокуратурасы ағымдағы жылы темір жолдарды кесіп өтетін көпірлер мен автокөлік жол өтпесі меншік иелері­нің оларды қауіпсіз пайдалануды қамтама­сыз етуге бағытталған заңнаманы қалай сақтайтындығына тексеру жүргізді. Тексеру меншік иелерінің жасанды құрылғы­лар­ды күтуге тиісті назар аудармай­тын­ды­ғын, күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мерзімдерін сақтамайтындығын, жекелеген көпір құрылыстарының толық ауыстырылуы тиіс екендігін көрсетті.
Егер жағдайы қанағаттанғысыз әрі қозғалыс қауіпсіздігі сақталмаған жасанды темір жол құрылғылары жайлы сөз етсек, олардың саны – 250, республикалық мәні бар автокөлік жолдары желісіндегі темір жолдарды кесіп өтетін 66 жол өтпесінің 18-і апатты жағдайда және күрделі жөн­деуді талап етеді.
Республикалық «Мерке – Шу – Бурыл­бай­тал» автокөлік жолы учаскелерінде ор­на­ласқан 3 жол өтпесі, олардың техника­­­­лық жағдайына жоспарлы зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша 2010 жылдан бері апатты жағдайда деп танылды. Алайда, осы уақытқа дейін оларға күрделі жөндеу жүргізу шаралары қабылданған жоқ.
Негізгі транссібір магистралі жолда­ры­ның үстімен өтетін, Петропавл қаласында орналасқан жол өтпесін тексеру арқалық бойында көптеген жарықтардың пайда болғанын көрсетті, жекелеген арқалықтар қабырғалары 40 мм-ге дейін қисайған, олардың геометриялық өлшемдерінде ауытқулар бар болып шықты.
Сараптама қорытындысына сәйкес «Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл бе­ке­тіндегі автокөлік жол өтпесі» пайда­ла­ну­ға жарамсыз. Қарағанды қаласына кіре­беріс автокөлік жолында 1973 жылы са­лын­ған, ұзындығы 50 м. жол өтпесі 2006 жылдың өзінде-ақ апатты жағдайда деп танылды, алайда, оны күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлу туралы мәселе осы уақытқа дейін шешілген жоқ. Тек көлік проку­ра­ту­расының араласуымен ғана Жез­қазған қа­ла­лық әкімдігі жол өтпелерін күрделі жөн­деуден өткізуге қаражат із­дестіре бастады.
Қанағаттанарлықсыз техникалық жағ­дайдағы жасанды құрылыстарды пайдалану жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төн­діріп, қирауына және құлауына байланыс­ты қайғылы салдарларға апарып соқ­ты­ратын­­дығы қадағалау органының алаңдау­шылы­ғын тудырып отыр. 2011 жылдың мамыр айында Қарағанды қаласында сал­м­ақ түсе­тін тірек конструкцияларының бұ­зылуы сал­дарынан автокөлік көпірі қира­ды. Ағым­­да­ғы жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақ­стан облысында болған су тасқыны салдарынан автокөлік көпірі опырылып түсті.
Аталған құрылыстарды 30-50 жыл бо­йы пайдаланудың шекті нормативтік мер­зімдерін белгілейтін құжаттардың болмауына байланысты проблемалар да туындауда. Осындай жағдай темір жол желі­ле­ріндегі көпірлерді пайдалану кезінде де кездеседі. Темір жол көлігі туралы заңда темір жол көлігіндегі тасымал қызметі мен басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін олар­дың жасанды құрылыстарды күту, пайдалану және жөн­деу ережелерін сақтауы бөлігінде уәкілетті органның тексеруге құқылы екендігі дәл анықталған. Заңның қабылданғанына 10 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Көлік және коммуникациялар министрлігі автокөлік жол өтпе­лерін зерттеуге маман­­дандырылған зертханалар, не сәйкес диаг­ностикалық жабдық­пен аумақтық инспекцияларды жарақтан­дыру үлгісінде темір жол көлігінің жасанды құрылыстарын зерттеу жөніндегі бө­лім­шені құру туралы мәселені осы уақыт­қа дейін шешкен жоқ. Нәтижесінде ми­нис­трлік темір жол жасанды құрылғы­ла­ры­ның техникалық жағда­йы­на бірде-бір рет кешенді зерттеу жүргіз­беген. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан құрылған еліміздегі көпір сыналатын бірден-бір ор­та­лық зертханада тиісті зерттеулер жүргізу үшін қажет вагон-зертханалар мен аспаптар жоқ.
Зертхананың жасанды темір жол құ­рыл­ғыларына жыл сайын зерттеу жүргі­зетіндігіне қарамастан, 2012 жылдың маусым айында Маңғыстау облысында Шетпе – 14-разъезд бекеттерінің аралығындағы жер төсемін су шайып кетті. Құбырлардың құлауынан жер төсемін су шайып кету жағдайы 2011 жылы «Бейнеу-Маңғыстау» учаскесінде де болды.
Сонымен қатар, талдау қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстың аталған салада жүргізілмей отырғандығын көрсетеді, осының салдарынан жасанды темір жол құрылыстарын күту мен жөндеу тәртібі бірде-бір нормативтік құжатпен реттелмеген. Осының нәтижесінде, негізгі темір жол бағыттарында ғасырдан астам уақыт бұрын салынған, оны салған кезде қазіргі уақыттағы пойыздардың жүк сал­мағы ескерілмеген құрылыстар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді.
Еліміздің көптеген аймақтарында мер­зі­мі өткен ақаулы көпір құрылыстарының пайдаланылатындығы байқалып отыр, яғни олар көптеген жағдайда бірде-бір рет толық аспаптық түрде зерттелмеген, со­ның салдарынан олардың санаты, құры­лыс­тың клас­тығы мен көпірлердің салмақ түсетін қа­білеті осы уақытқа дейін белгіленбеген.
Қазіргі күні республикада салынғанына 100 жылдан асқан, яғни нормативтік қыз­мет мерзімінен асып кеткен 300-ден астам темір жол көпірі пайдаланылуда. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру міндеттері жүктелген ми­нистрлік жасанды құрылыстарды пайдала­нуға жасалатын бақылаудан іс жүзінде шеттеген, қолданыстағы заңнаманы жетіл­діру жөнінде жұмыс жүргізілмейді.
Айтылғандарды қорыта келе айтарымыз, Көлік және коммуникациялар минис­тр­лігі еліміздің барлық жолдарындағы жасанды құрылыстардың, оның ішінде, аудан­дық мәндегі жолдардағы жасанды құрылыс­­тар­дың да техникалық жағдайына мемле­кет­тік бақылауды жүзеге асыруға міндетті жалғыз жол органы болуы тиіс. Қазіргі күні ешкім де аудандық мәндегі, соның ішінде, ауылдық елді мекендерге жақын орналасқан, сонымен қатар елді мекен­дер­дің өздеріндегі (қалалар, ауылдар) авто­­кө­лік жолдарында пайдаланылатын жасанды құрылыстардың техникалық жағдайына нақты баға бере алмайды деп ойлаймын.
Бас көлік прокуратурасы жүргізген тексеру қорытындылары бойынша Көлік және коммуникация министрлігі мен «Қа­зақстан темір жолы» ҰК» АҚ атына заң­дылықтың бұзылуын болдырмау жөнінде ұсыныс енгізілді.

Ыбырай ТІЛЕУҒАЛИЕВ,
Бас көлік прокуроры.