Әбіләзов түрмеде отыруы тиіс
Сенбі, 24 қараша 2012 7:20
Халықаралық қылмыскер Әбіләзовтің аяғының астында жер жанып жатыр. Бүгінде ол қазақстандық және ресейлік сот орындарынан ғана емес, британдық фемидадан да жасырынып жүр. Көптеген қылмыстары үшін оның ерте ме, кеш пе заң алдында жауап беруіне тура келеді.
Қазақстан мен Ресейден миллиардтаған доллардың қаржысын жымқырып, шетелге қашқан Мұхтар Әбіләзовтің лаңы талай адамдардың тағдырын тәлкекке салды. Олардың ішінде алданып қалған аңқау адамдармен қатар, осы істен ақша тауып, байымақ болған алаяқтар да аз емес. Қазақстанда мұндай адамдардың біразы «Алға» партиясының айналасына шоғырланғандығы белгілі.
Сенбі, 24 қараша 2012 7:20
Халықаралық қылмыскер Әбіләзовтің аяғының астында жер жанып жатыр. Бүгінде ол қазақстандық және ресейлік сот орындарынан ғана емес, британдық фемидадан да жасырынып жүр. Көптеген қылмыстары үшін оның ерте ме, кеш пе заң алдында жауап беруіне тура келеді.
Қазақстан мен Ресейден миллиардтаған доллардың қаржысын жымқырып, шетелге қашқан Мұхтар Әбіләзовтің лаңы талай адамдардың тағдырын тәлкекке салды. Олардың ішінде алданып қалған аңқау адамдармен қатар, осы істен ақша тауып, байымақ болған алаяқтар да аз емес. Қазақстанда мұндай адамдардың біразы «Алға» партиясының айналасына шоғырланғандығы белгілі.
«Алғаның» тарихына назар аударатын болсақ, оның филиалдары Қазақстанның ірі қалаларында құрылған болатын. Бұл қозғалыстың жақтаушылары тіпті өз қызметтерін ауыл адамдарының аңқаулықтарын пайдалана отырып, солардың арасында да ұйымдастыруға тырысты. Олар жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді түрде пайдаланды. Сол қызметіне ақша төлеп отырды. Бұл қаржыны олар қайдан алды?
Әбіләзов өзінің Қазақстаннан жымқырып кеткен қаржысын Қазақстанға кір келтіру мақсатында оңды-солды шашып жүргендігі белгілі. Ол «Алғаны» 2002 жылдан бастап қаржыландыра бастаған. Қаржыландыру көлемі 70-90 пайыз аралығында деген деректер бар. Соңғы төрт жылдың ішінде «Алғаны» асырауға 10 млн. доллар жұмсағандығы мәлім болды. Әбіләзов мұндай қадамдарға қалайша және неліктен барды?
2002 жылдың наурыз айында ол қылмыстық топты құрғаны, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандығы және қызмет бабын бас пайдасына пайдаланғандығы үшін тұтқынға алынған болатын. Осы кезде Әбіләзов жазалаудан құтылу және халық алдында өзін таза адам ретінде көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін пайдалануға және қоғамдық қозғалыстар мен байланыс орнатуға ұмтылды. Солар арқылы өзін саяси тұрғыдан қудалаушылыққа ұшыраған адам ретінде көрсетпек болды.
Бірақ қылмыстың аты қылмыс. Жалған әрекеттер жасап ақталмақ болғаныңмен, оның кірін кетіру мүмкін емес. Әбіләзовтің үстінен қозғалған қылмыстық істер оның қаржы жымқыруға барғандығын, алаяқтық жасағандығын дәлелдеп берді. Сөйтіп, қылмыскер тиісті жазасын алды.
Бір жыл түрмеде отырғаннан кейін кейіпкеріміз кешірім бойынша одан босатылды. Осы кезде оның ойлануға, адал жолға түсуіне мүмкіндігі бар еді. Бірақ Әбіләзов олай істемеді. Шамасы, арам ақшаның, мол қаржының буы оның басын әбден айналдырып тастаса керек. Жалпы, адам баласы өзінің әрекеттеріне есеп беріп, жамандық пен жақсылықтың арасын таразылап отырмаса, жолдан таю дегенің қиын емес. Ал Әбіләзовтің алдынан тағы да мол ақша күтіп тұр еді. Оның ісі алға басқандай болды. Ол БТА банктің тізгінін ұстады. Сол-ақ екен, осы мүмкіндікті пайдаланып қалмақ болып, ақша ұрлау мақсатында жаңа қылмыстық қаржы кестелерін жасауға кірісті. Бұл 2008 жыл еді. Сөйтіп, әлемді қаржы дағдарысы кернеп, халық қиналып тұрған кезде ол сол халықтың тапқан-таянғанына байып қалу әрекеттеріне бой ұрды.
Бірақ Әбіләзов өзінің ойлаған мақсатына толық жете алмады. Банкке тексерушілер келді. Ол мұны күтпеген еді. Банкке жүргізілген аудиторлық тексеру сол кезде үздік банк деп атағы шығып тұрған БТА-да қомақты қаржы проблемаларының бар екендігін көрсетіп берді. Банк банкротқа түсудің алдында тұрды. Өйткені, инвесторлардың оған салған қаржылары көлденең шетелдік компаниялардың шоттарында болды. Сондықтан Әбіләзов қызметінен шеттетілді.
Ол өзіне тағы да жаза белгіленетіндігін жақсы түсінді. Оның үстіне бұл жолғы шара тіптен ауыр болуы мүмкін еді. Өйткені, қылмыстың ауқымының өзі орасан зор-тын.
Әбіләзов басын арашалап алып қалмақ болып, көп ойланбастан, бұқаралық ақпарат құралдарына банкке рейдерлік басып алу жасалғандығын мәлімдеді. Бірақ өзінің адалдығын дәлелдеуге ұмтылған жоқ. Бірден шетелге қашты және жайдан жай қашпай, оффшорлық компаниялар қызметін пайдаланып, БТА банктен 900 млн. долларға жуық қаржыны басқа елге алып шықты.
Сол аралықта, яғни 2004-2008 жылдары Әбіләзовтің тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де бүлдіргендері аз емес екен. Мәселен, Ресейде оған 4 млрд. доллардың қаржысын алаяқтықпен жымқырды деген айып тағылды. Бұрын оның аты осы елде жүзеге асырылады делінген көптеген ірі де өршіл жобалар арқылы белгілі-тін. Өкінішке қарай, осының бәрі Әбіләзовтің ақшаны ұрлап, шетелдердегі өзінің шоттарына аудару үшін жасаған әрекеттері болып шықты.
Сонымен, сарапшылардың жасаған қорытындысы бойынша Әбіләзовтің БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет істеген кезінде 10 млрд. долларға жуық қаржыны банктен шығарғандығы белгілі болды. Мұның өзі алаяқтың тұманды Альбион елінде емін-еркін сайран салуына жағдай тудырды. Дегенмен, Лондонның өзінде оның ТМД кеңістігінде жасаған ірі қылмыстары ізсіз қалмады. Әбіләзовке қарсы 9 сот ісі қозғалды. Үстіміздегі жылдың басында британ соты Әбіләзовті айыптап та үлгерді. Дегенмен, «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көреміз» дегендей бұл іс әлі ақыр аяғына дейін жеткізілген жоқ. Негізгі тыңдаулар әлі жалғасатын болады. Бірақ мақаламыздың басында айтып кеткеніміздей Әбіләзов тек өзімен ғана кетпей, соңында үлкен лаңын қалдырып отыр. Сол айқай-шудың бірі «Алғаның» Қазақстанда жасаған әрекеттері болып табылады
Әдетте, «Алғаның» тізгінін ұстаған белсенді мүшелері өздерін жемқорлықпен күресушілер, кедейлердің жақтаушылары ретінде көрсетуге құмар. Олар мүсәпір бейшарамыз, жұмыссыздармыз деп есептейді. Ал шын мәніне келгенде, бұлар – жасырын миллионерлер. Олардың қылмыстық бизнестері тәртіпсіздік ұйымдастыру мен кикілжіңдер тудыруға құрылған. Осының жарқын бір дәлелі – Владимир Козлов. Өзінің қожайыны Әбіләзовтің қаржы қолдауы арқасында ол миллиондаған долларға ие болды. Бұл оған Қазақстанда әртүрлі митингтер мен қарсылық шараларын ұйымдастыру үшін берілді. Өйткені, ол – оның бизнесі. Ал «Алға» болса, бұл Козловтың сол бизнесті жүргізетін кәсіпорны. Ол журналистерге берген сұхбаттарында өзін «Алғада» волонтерлік негізде жұмыс істеймін деп мәлімдеген болатын. Бірақ олай болмай шықты.
Ал енді «Алғаның» қарсылық шараларын қалай ұйымдастыратындығына келейік. Ол былай:
Қостанай қаласында тұратын Миргородтардың екі қызы Инна мен Марианна 2010 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласына сапар шекті. Сапардың мақсаты – аталған қалаға барып қыдырып қайту. Жолсапар шығындарын бір фирма көтеріп алмақ. Сол сапарға жастары жиырмаға толмаған басқа да қыз-жігіттер қатысады. Алматыға барғанда қандай шаруамен шұғылданатындықтары туралы оларға пойыз үстінде айтылады. Бірақ соның өзі толық ақпарат емес. Балалар әлдебір шерулерге қатысуы керек. Кейбіреулері шеру үстінде сөз сөйлеуге тиіс.
Екі қызын сапарға шығарып салғаннан кейін олардың анасы бұл сапардан күдіктеніп жан-жақпен хабарласа бастайды. Білгені – оны ұйымдастырушы Игорь Колов деген азамат. Ол кім? Осыны білмек болып жергілікті газет редакциясына барады. Ондағы журналистер әйелге Коловтың «Алғаның» Қостанай филиалын басқаратындығын айтады. «Алға» туралы біраз мәліметтер береді. Өздерінің қателескендіктерін ұққан әйел дереу екі қызына және Алматыда тұратын туыстарына хабарласады. Сөйтіп, қыздарды Алматыда вокзалдан олардың туыстары қарсы алады. Сөйтіп, келеңсіз бір істен аман қалады.
Топ құрамындағы басқа адамдар өздерін шақырушылардың сөздеріне сеніп, алғашында Алматыда ұйымдастырған митингке қатысады. Оларға сол жерде мемлекетті жамандап сөз сөйлеу жөнінде ұсыныс жасалады. Сапардың шынайы мақсатын енді-енді аңғарған жастардың көпшілігі шараға бұдан әрі қатысудан бас тартып, өз беттерімен кетеді. Міне, оқиға осылай аяқталады.
Владимир Козлов пен оның жақтастарының Әбіләзовтің берген қаржысын қалай пайдаланғандықтары туралы мәліметтер баршылық. Бұл қаржыны көп жағдайда Мұратбек Кетебаев жеткізіп беріп отырған. Басқа да жеткізушілер болған. Осы оқиғалардың барлығы Владимир Козловтың үстінен қозғалған сот процесі кезінде анықталып, жарыққа шықты. Козловтың азғыруымен осы іске жәрдем берген бірқатар адамдар өздерінің кінәларын мойындап, жағдайдың қалай болғандығы туралы айтып берді.