24 Қараша, 2012

Сот процесі жалғасуда

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сот процесі жалғасуда

Сенбі, 24 қараша 2012 7:21

Талдықорған қалалық сотында әскери қызметші    В.Челахтың ісі бойынша процесс жалғасуда. Кеше сот мәжілісі залына сотта­лушының келуі қамтамасыз етіл­ді. Осылайша, сот Челахтың анасының сотталушыны сот залына әкелу туралы талабы қа­нағаттандырылды. Алайда, мә­жі­ліс басталысымен   В.Челах сот процесіне одан әрі қатысудан бас тартатынын айтып, өзін сотталушылар камерасына қайта­руды өтінді. Оның үстіне сотталушы іс бойынша барлық дәлелдер тексерілгеннен кейін ғана мәжіліске қатысатынын мәлімдеді.

Адвокат Сәрсенов бұл өті­нішті қанағаттандыруды сұрап, процесті В.Челахтың қатысуын­сыз жалғастырған жөн екенін айтты. Осы сәтте Челах сотталушылар отырған жерден жұл­қына шығып, конвой қызметіне қарсылық көрсетті. Сот 5 ми­нуттық үзіліс жариялап, оның барысында сотталушы мәжіліс залынан шығарылды. Әрі қарай процесс Челахтың қатысуынсыз жалғасты.
Мәжілістің екінші жарты­сын­да сот зардап шегушілер өкіл­дерін сұрауға көшті. Олар өздерінің қаза тапқан туысқан­дары, шекара отрядындағы қыз­меттері, зардап шеккендер отба­сыларының «Арқанкерген» бе­кетіндегі болған оқиғаны қалай білгені туралы әңгімелеп, сот­талушыға қатысты өздерінің пі­кірлерін білдірді. Мәселен, зардап шеккен Саринов, Әмір­ға­лиев, Қапанов, Сүндетовтің өкіл­дері Челахтың кінәлі екен­дігіне сенімді болса, Рей, Ілия­сов, Ақы­шев, Қыдыралиев, Име­­­­нованың туысқандары өзде­рінің пікірле­рін сот пікірталасы кезін­де біл­діретіндіктерін айтты.
Сот мәжілісі күн сайын таңертеңгі 9:30-дан кешкі 19:00-ге дейін ашық режімде өтуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Әскери сотының бас­пасөз қызметі.