Төтенше жағдай енгізілді
Жұма, 28 желтоқсан 2012 7:16
Сәрсенбі күні қалада бір күнге төтенше жағдай енгізілді. Оған қала көшелеріне қардың әдеттегіден қалың түсуі мен алай-дүлей бұрқасын себеп болды.
Соның салдарынан қала көшелерінде автокөліктер түгілі жаяу жүргіншілердің жүріп, тұруы қиынға айналды. Солайша тұрғындар жұмыс орнына жете алмай жатты. Мектептерде, әрине сабақ өткізілген жоқ. Қызметтегілердің өзіне үйлеріне жұмыстан бір сағат ерте қайтуға рұқсат берілді.

Осы күні қала көшелерін қалың қар басып қалғаны өз алдына, кей жерлерде бағандар құлап, электр желілері үзілді. Соған орай, қаланың Жаңасемей бөлігі бірер сағат жарықсыз қалды. Орталық алаңдағы алып темір шырша да қатты бұрқасынға төтеп бере алмай бүгіліп түсті. Қаладан шығатын жолдар жабылып, аудандарға көлік қатынасы тоқтатылды. Астана бағытындағы пойыз мерзімінен бірнеше сағатқа кешігіп аттанды.Осындай қиын жағдайда әскерилердің көмегіне сүйенуге тура келді.
Бейсенбі күні дес бергенде бұрқасын басылды. Бірақ аяз қайтадан өз күшіне ене бастады. Ал өткен жолы сарышұнақ аяз он күн бойы тұрып алған еді. Бір сөзбен айтқанда биылғы қыс бар жерге, оның ішінде Семейге оңай тиіп отырған жоқ. Артының қайырын берсін дейміз де!
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.
Семей.