27 Қараша, 2012

Қар құрсауы

1 мин
оқу үшін

Қар құрсауы

Сейсенбі, 27 қараша 2012 6:53

Қылышын сүйретіп қыс келді деген осы. Қазіргі жағдайға қарағанда, ауа райы биыл да кендіалтайлықтарға тосын «сый» әзірлейтін сияқты. Мұның алдында, қараша айының басында, өңірдің кей жерлерінде қардың қалың­ды­ғы 45 сантиметрге дейін жетіп, жолдар жабылып, қо­лай­сыздық туғызған еді. Енді, сол жағдай тағы қайталанды.

Облыстың барлық аудандары мен қалаларында бұр­қа­сын соғып, қардың толассыз жауып тұрғанына бүгін үшін­ші күн. Содан бергі сұрапыл боран күре жолдардың бар­лы­ғын жауып тастады. Жексенбі күні «Өскемен-Катон­қа­ра­ғай», «Өскемен-Риддер», «Өскемен-ТаулыҮлбі», «Өске­мен-Алматы» жолдары жабылды. Ол әлі ашылған жоқ.

Жеті жолаушы қар құрсауынан құтқарылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері радио, теледидардан сапарға шықпау жөнінде оқтын-оқтын сақтандыру шарасын хабарлауда.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Жас ғалымдарға жол ашылады

Ғылым • Бүгін, 08:40

Итіке би

Зерде • Бүгін, 08:35