06 Қаңтар, 2012

Жас пен жасамыс

586 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жас пен жасамыс

Жұма, 6 қаңтар 2012 7:03

– Ата, атасы-ау! Хауызға осылай жиі келесіз бе?

– Иә, қалқам. Әлгі құрдасымды тоқалы қоярда-қоймай шақырып кетпегенде, бұл хауыздың түпкі қызығына енді кенелер едік… Мына сырадан алып отырсайшы.

– Мұндай харамға менің аузым берік еді.

 

Жұма, 6 қаңтар 2012 7:03

– Ата, атасы-ау! Хауызға осылай жиі келесіз бе?

– Иә, қалқам. Әлгі құрдасымды тоқалы қоярда-қоймай шақырып кетпегенде, бұл хауыздың түпкі қызығына енді кенелер едік… Мына сырадан алып отырсайшы.

– Мұндай харамға менің аузым берік еді.

– Жап-жас боп, ә? Отыздан енді асқан шығарсың? Бар қызықтан ерте түңілгенің не, шырағым-ау?

– Нағашы атамның бауырында өскенмін. Жарықтық, діндар кісі еді. Имандылыққа баулығаны үшін мәңгілік қарыздармын!

– Біз де көштен қалып жүргеніміз жоқ!

– Жетпістен астым дедіңіз, өңіңіз керемет сақталған!

– Шүкір, көңіл тоқ! Қалтам қалың. Зейнет жастың да өз қызығы жетерлік екен. Әлгі құрдасымның жетелеп апармайтын жері жоқ… Жасарып жүргеніміздің бір сыры сол дегендей… Сосын, виски ішсең, жүрек қызынып, қан атойлайды…

– Енді, ата, рухани жағынан да ойдағыдай дем алатын шығарсыздар? Басқасына артық кетпейікші.

– Қимылды күйттеп бильярдқа барсақ, әлгі «жетекшім» соңында күтпеген қызыққа батырады-ай кеп. Қалай бұлтарасың, икеміне көнесің.

– Кітап оқу жағына қалайсыз?

– Тү-у, мына сыраның салқынын-ай! Кекірік атқызды-ау. Аңқам кеуіп отыр еді, лезде басты. Не дедің жаңа?

– Кітап оқисыз ба деп сұрадым.

– Ол жағынан ұяттымын. Әлгі досым кейде тықпалап оқытады. Қазір… Авторын ұмыттым… «Бейпіл сөздер» деген тамаша кітапты басыма жастанып оқып жатырмын.

– Естімеппін ондай кітапты. Аталуы қандай  жаман!

– Несі жаман. Өйтіп бекер шошыма сен. Қазақтың эротикалық фольклоры екен. Өмірімде сүйсініп оқыған жалғыз кітабым осы шығар.

– Мен тойдым, ата! Жиналайын.

– Бір ұрттам сыра ішкен жоқсың. Неменеге тойындың? Өйтіп сен қырсықпа, бала! Келеке қылма мені. Тойдым дейді… Жас басыңмен бәрінен құр қалып, нендей ұшпаққа жет­пекшісің? Ертең менің жасыма келгенде, өмірді қалай сүрмексің? Бар қызықты тәрк етіп… Мезгілінен бұрын қытымыр, қаусаған шалға айналарсың, мына түріңмен! Уһ-уһ, жүрегім қолқамды суыратындай аптығып атқылайтын болғаны несі…

Қайсар ӘЛІМ.