08 Ақпан, 2012

Қартайғандағы қызғаныш

458 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қартайғандағы қызғаныш

Сәрсенбі, 8 ақпан 2012 7:54

Ол өмірдің күтпеген жайларға толы екендігін ойлы жанарын бір нүк­теге қа­дай отырып, тосын әңгімесіне арқау етті. Кейіпкеріміз – жетпістің жуан ортасын­дағы қария. Ақсақал сал­дырап қалған қушиған денесін тік­тей алмай, селкіл­деген қолдарын әрең ырқына көндіріп, аракідік өз ойынан өзі шошынған күй­мен үрейленіп, ауық-ауық өксік қысқан­да жөтелге бу­лығып әбігерленді. Маңдай қырты­сы­на моншақ тері іркіліп қал­ған­да, орамалымен сыдыра сүртіп қояды.

Сәрсенбі, 8 ақпан 2012 7:54

Ол өмірдің күтпеген жайларға толы екендігін ойлы жанарын бір нүк­теге қа­дай отырып, тосын әңгімесіне арқау етті. Кейіпкеріміз – жетпістің жуан ортасын­дағы қария. Ақсақал сал­дырап қалған қушиған денесін тік­тей алмай, селкіл­деген қолдарын әрең ырқына көндіріп, аракідік өз ойынан өзі шошынған күй­мен үрейленіп, ауық-ауық өксік қысқан­да жөтелге бу­лығып әбігерленді. Маңдай қырты­сы­на моншақ тері іркіліп қал­ған­да, орамалымен сыдыра сүртіп қояды.

«Мен өмірге несіне келдім!– деп кейде буынып кете жаздаймын. Арым ал­дын­­дағы есептен жалтарып, күйіп-пісе­мін»,– деген ол өткен қателігіне өлердей налы­­ғанымен, қолымен емес, жүрегімен істе­ген ісін ғұмыр бойы жан-дүниесімен қа­­лай көтеріп жүрге­ніне өзі таң қалып, не де болса айтуға бекінгенін мойындап отыр.
Айтпай жатып, бәріміздің ұнжыр­ға­мызды түсіріп, еңсемізді езіп жі­берген бұл не сұмдық оқиға екен деп, бас­тап­қы­да аса шошынғанымызбен, іле әуестік би­леп, амалсыз құлақ тос­қан болдық қой.
Сондағы жан күйдіргісі мынау екен. Қызғаныш түбі – тұңғиыққа қа­лай шым-шым батқанын, міне, араға он жыл түс­кенде алаңғасарлықпен аң­ғарып отыр­ған жайы бар. Бұған шекті қыз­ға­ныш иттің не екенін мүлде сезбей ке­ліпті ғой. Адал жары қасында. Ақыл­ды. Мінезге бай. Қызғанатындай бір оғаш қылығы болмапты. Екі жүрек ал­ғашқы сеніскен сертінен еш айны­ма­ған. Қайта, жылдар бедерімен бір қа­мытқа мықтап мойын­сынып, бе­кем­дене түскен. Ажырататын күш жоқтай.
Бәрі бекер болып шықты. Жас иіспен мауығып, кәрі махаббат жүндей түтілді. Туырлықта бәйбішесінің жаны сабаланып, беті осылып қала берді. Бұл әулекі өзінен отыз жас кіші көңілде­сінің қо­лы­на келіп кірді. Сөйтіп, ойнақтаған кәрі түйенің от басқанынан бергі он жылда ол сал аурудай орнынан қиралаңдап кө­те­рілетін пұшайман халге жетті. Даға­ра­дай үйде жалғыз қалды. Сылаңдаған сұ­луы көз сүзген басқамен сүйкенісіп жо­ғал­ды. Балалары әкесімен қатынасын шорт үзді. Ендігі бар тауқыметі күтуші кемпірде қалды. Оның өзі әрең сүй­ретіліп жүр.
Жүрегін кемірген дерті – қы­зға­ныш екен! Басыбайлым деп анттасқан «байталын» секөнт сайын қызғанған екен. Қасында отырып қызғанғаны бір азап болса, көзінен таса кезде де ойына қызғаныш тамызығын тұтатып қой­ып, арпалысады-ай келіп. Болмағанды бол­ған­дай етіп, ойында ойнатып, өз­ге­мен қабыстыра құштыртып, аймалата айқас­тырып, махаббат отына оңдыр­май ома­қа­та құлатады. Осындай күй­гелектік он жылға созылған соң ар мен абыройды күйедей жалмап тынады екен. Есіл-дерті күйінішті көрініс. Санасы сандырақ ойдан сартап болған. Жүрегінде бір түйір адал ойға орын болмай қалыпты-ау! Бүкіл болмысы арамдықпен, айламен, аярлықпен, өзім­шілдікпен, жала жабумен, ретсіз кінәлаумен, бас-көзсіз тіл­деу­мен уланып біткен екен. Өзге өмір қызығы қалмағандай. Көңілі кіреуке­лен­ген мұң. Қысқасы, қызғаныштан қанына қарайып алған. Ойы да, бойы да қыз­ғанышқа қақтала-қақтала өртеніп біткен ағаштай қара күйік-күйеге шалынған. Ындыны, ниеті, ықыласы түгелімен қап-қара. Өңіне көз тоқтап болмайды. Қа­тып, семген. Қатыгездік табы көзді күйдіргідей қариды.
Япыр-ау, мұндай кеселге ұшырармын деп, ойлап па екен? Жоқ! Қолынан жа­сапты-ау! Сол түнгі сұ­лудың құшағы… Міне, қаусатып біткен он жыл! Қалай лезде өте шыққан. Сөйтсе, қызған­шақ­тық сыртқа шық­пай қоймайтын ішкі бы­лық екен. Құрт ауруы екен. Мыс қаза­нындай қай­най­тын азап оты екен. Ақыл­дың көзін байлап, жүрек сөзін бітеп тас­тапты. Сол сұмпайы қайда жүрсе – ұрыс сол жерде өрбиді-мыс. Өшпенділік илік­се де – қызғаншақтыққа дауа жоқ екен. Қызғаншақтыққа ұрыну – бетсіз­дік­тің белгісі десейші. Шыбын жанын үйірген жас иісіне «ақылдысың» деп, көптіртіп, көпшік қойып келіпті. Есе­сіне өзі саяз ақылдың сазына үйелеп қалып­ты. Енді өзін бұл ұйықтан нендей күш тартып шығарарына жетесі жетпей­тін­дей! Бітті. Сөнді. Өшті…
Қызғаныштың миды кеулеп, үңгіп, кебек қып тастайтынын жанымен тү­сін­гендей. Не қайыр? Кеш күйгелек­теніпті. Құты қашқан отбасын былай қойғанда, балалары мен немерелеріне «тас жүрек» атанғанын айтпағанда, ел көзіне тіктеп қарай алмайтын пұшай­ман халге жетті. Өз-өзінен қуыста­на­ды. Адам атаулыға мейірімі жоғалған. Туыстық, іліктік қаты­настың тіні туралып қалған. Басы – бос үрленген шар іспетті. Бәрінің түбіне жеткен – қыз­ғаныш қиғылығы. Ұят пен ар-на­мыс­тың күретамырын қиып тас­тапты. Адам­дықтың көлеңкесі ғана қал­ған. Оба дерті екен – бұл омырау­ла­ған қыз­ғаныш! Пәлесімен кетсін десең де, өзін омақата құлатып, тыпырлатпай қыл­ғындырып жатыр. Енді, бәрі кеш, кеш!..
Шалдың әбден өлеусіреген жүзіне тіке қараудан қаймыққан әңгіме тың­даушының бірі ішін қарыған өкініш­тен шарасыздық танытып: «Қартай­ғандағы қызғаныштан сақтасын» деді де тілі тобарсып, түкірігіне шашалып, сыртқы есікке жөнеле берді…
Қайсар ӘЛІМ.