24 Мамыр, 2012

Киіктер неге қырылып жатыр?

663 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Киіктер неге қырылып жатыр?

Бейсенбі, 24 мамыр 2012 7:41

Торғай даласындағы ақбө­кен­дер қырылып жатыр. Облыстағы орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы маман­да­рының мәліметі бойынша, өлген киіктің саны айналасы үш күннің ішінде 543-ке жеткен. Қазір Тор­ғайда құрамында инспекция мен Жангелдин аудандық әкімдігі қыз­­­­меткерлері, мал мамандары бар 50 адамнан тұратын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Киіктің өлекселері тексерілу үшін лабораторияға алдырылды. Оның қорытындысы екі аптадай уақыт­тан кейін дайын болады.

– Телеарналар берген ақпа­рат­тарда киіктің жаппай қырылуына түрлі себептер айтылып жатыр. Оның барлығы да ойдан шыға­рыл­ған болжам. Арнайы лабо­ра­то­рия­лық қорытынды ғана киік­тің қы­ры­лу себебін анықтай алады, – дей­ді облыстық орман және аң ша­руашылығы аумақтық инс­пек­ция­сының бастығы Марат Бегімбетов.

Киік негізінен олар төлдейтін Айырқұм мен Аққұмның ара­сын­дағы ықтасында қырылған. Ақ­бө­кеннің 4 текесі, биыл туған 31 лағы және 508 ешкісінің өлексесі табылды. Өлекселер шашырап жатыр, ара­­­лары 100-200 қадамдай болады. Қы­­рылған киіктердің аузынан кө­бік аққан, іші өткен және кеуіп кеткен.

– Негізі бұл пастереллездің белгісіне келеді, бірақ нағыз жұқпалы ауру деп айтуға әлі ерте. Киіктердің ешкілері күпті болған немесе гүлдеген кезде улы болатын шытыра шөбін көп жеп қойған деген де мамандардың алдын ала болжамы бар, – дейді Марат Бегімбетов.

Қазір Айырқұмда ақбөкендер төлдеп болып қалды. Лағын өргі­зетін құралай салқыны да өтті. Өткен жылғы санақ бойынша Қа­зақстандағы Бетпақдала бөлі­гін­де 78 мың киік болды. Биылғы санақ та жақында жүрген болатын, бірақ әлі қорытындысы шыққан жоқ.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қостанай облысы.