27 Маусым, 2012

Салынбай қалған сәлем

385 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Салынбай қалған сәлем

Сәрсенбі, 27 маусым 2012 6:27

Өкінішсіз өмір болмас, сірә. Жас та болсам өзегімді өртеген бір өкіні­шімді көпшілікпен бө­ліс­сем деймін. Мүмкін өзім се­кілді қатар­лас құрбы­ларыма са­бақ болар.

Осыдан бірер жыл бұрын Шу өңіріндегі Қоспановтар әулетіне ке­лін болып түстім. Табалдырық­ты оң аяқпен аттаған ақ боса­ғамды әр кез құрмет тұтамын. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша үлкен кісілерге иіліп сәлем салудан жа­ңылған емес­пін. Бұл дәстүрді ескіліктің сарқын­шағы деп емес, жасы үлкен кісілерді сыйлап, ізет көрсеткендіктің белгісі деп біле­мін. Әрбірінің «көп жаса, бақытты бол, үбірлі-шүбірлі бол» деген ал­ғысы көңілімді марқайтып, мере­йімді арттырады.

Әкеміз Әбдіәшім мен анамыз Тоғжанның қарашаңырағы қо­нақ­тан арылған емес. Кісілердің бірі шығып бара жатса, екіншісі кіріп келе жатады. Бір күніміз қонақсыз өтпейді. Егер таңер­теңгілік шайға ешкім келмей қалса, түскі асқа әкеміз көшеден өтіп бара жатқан ауылдастарды өзі дауыстап шақы­рып ертіп келеді.

Бір күні әдеттегідей түскі асты қамдап жатқан кезім. Үйге әкеміз­бен бірге бір топ кісі еріп келді. Барлы­ғына да бойға сіңген әдетім бойынша иіліп сәлем салып жатырмын. Ол кісілер алғыстарын айтып, қолдарын шайып төргі бөлмеге өтіп кетті. Қонақтар жайғасып болды-ау деген кезде табақ тартпақ болып үлкендер отырған бөлмеге кір­дім. Кірген бетте төр жақта отырған әкеміздің аталас інісі болып келетін Мағауия ағаға көзім түсті. Аңқыл­даған ақжарқын, кеңпейіл кісі болатын. «Жаңағы кірген бір топ кісілердің ішінде жоқ сияқты еді… Қалай байқамай қалдым екен?..» Енді көпшілік­тен ерекшелеп қара­тып сәлем салуға ыңғайсыздан­дым. Жас болғандықтан ба, білмей­мін, ұяң­дығым жеңіп үнсіз қалдым. Өзі де мені ұялтпайын дегендей қасын­дағы кісілермен әңгімеле­сіп отыра берді. Ет желінді, сорпа ішілді.

Сыртқа беттеп бара жатқан көп­шіліктің арасынан Мағауия ағамыз­дың өзі ерекшелеп: «Рахмет, қалқам. Асың дәмді болыпты » деп алғысын айтты. Ішімнен сәлем салмағаныма одан сайын өкініп мен қалдым… «Жарайды, келесі кездескенде ерекше иіліп тұрып сәлем салармын» деп өзімді өзім жұбатып қоямын. Арада бірер күн өтті-ау деймін. «Мағауия аға қай­тыс болыпты» деген суыт хабарды көршіден есіттім. Өз құлағыма өзім сенбедім.

Тойдан шыққан Мағауия аға­мыз көлік апатынан қайтыс болыпты. Машинада бірге болған қос балапаны аман. Артында өрімдей жас балалары қалды. Ағайындар осыған да шүкіршілік етіп жатты. Ал сол кез­дегі менің жан дү­ниемдегі аласапыранды сөзбен айтып жеткізу қиын. «Үйге келгенде неге дер кезінде байқамадым екен? Неге сәлем салмадым екен? Неге ұяңдық таныттым екен?» деген сауалдар көпке дейін мазалады. Осылайша салынбай қал­ған сәлем үшін өзімді өзім кінәлап жүргеніме бір жылға жуықтапты.

Гүлнұр ӘБДІӘШІМКЕЛІНІ.

Жамбыл облысы, Шу ауданы.