21 Шілде, 2012

Жүректерін шырақ еткен

530 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жүректерін шырақ еткен

Сенбі, 21 шілде 2012 7:23

Жуырда  «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Жанарым – менің жүрегім» атты көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың облыстық фестивалінің ауданаралық іріктеу  кезеңі өтті. Бәйдібек және  Созақ аудандарының өнерпаздары қатысқан мәні де, мазмұны да ерекше өнер сайысында  тағдырдан қағажу көрсе де, таланттары қайырылмаған, жүректерінде әсемдік гүлі көктеген, айналаны көзбен емес, көңілмен аялаған айрықша да­рын иелері бірнеше номинация  бойынша сайысқа  түсті.

Жиналған қауым Созақ ауда­нының намысын қорғаған Қа­сым­­­­жан Өмірұлы, Төлеген Аққұ­лиев, Жомарт Барлыбаев, Гүлһая Жуашбаева, Дәмен Дәулет, Сатыбалды Дүйсенбековтің өнері­не риза көңілмен қол соқты. Сол сияқты, Рухия Аймұратова, Ербол Әділ­бе­ков, Нұржан Төребаев сынды бәйді­бектік өнерпаздар да көрермен­­­­дер көңілінен шыға білді. Зағип және нашар көретін азамат­­тардың об­лыстық арнайы кітап­ханасы ди­ректорының ор­ын­басары Бәкір Нұр­манбетов төр­ағалық еткен қазылар алқасы ауданымыздың 5 өкілін об­лыс­тық фестивальда өнер көрсетуге ла­йық деп таныды. Осы арада бай­қаудың ойдағыдай өтуіне айтар­лық­тай үлес қосқан жандарды да атай кетсек, артық болмас. Бай­қау­дың өз дәрежесінде өтуіне жы­рақта жүрсе де тілегі елмен бірге аза­мат – «Юж­қаз­энер­го­ре­монт GOLTD» ЖШС-ның директоры Бә­кен Ма­құл­бе­ков, ауыл азаматтары Талғат Сейсенбаев, Айнагүл Тә­ңір­жа­но­ва, Алмас Рыс­бай, Рай­хан Нұр­маханова, Гүлзат Нәс­ред­­динова демеушілік жасаса, Созақ аудан­дық орталық кітап­ханасы жа­нындағы көзі көр­мейтін және нашар көретін аза­мат­тарға қыз­мет көр­сететін қо­сынның кі­тапха­на­шы­сы Айман Балтабекова демеу­шілер іздеумен бірге, бай­қауға дайын­дық­тың бел ортасында жүр­ді, қаты­су­шы­лар­ды да­йын­да­ды. Білікті, ізденім­паз, маман­ды­ғына адал кітап­ха­на­­шының осы еңбегіне халық шынайы ризашы­лы­ғын білдірді.
Гүлнәр ӨМІРБЕК,
Созақ аудандық орталық кітапханасының оқырмандармен жұмыс және шығармашылық бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы.