01 Тамыз, 2012

Нөсер соңы бұршаққа ұласты

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нөсер соңы бұршаққа ұласты

Сәрсенбі, 1 тамыз 2012 7:43

Табиғат тағы да тосын мінез танытты. Тағы дейтін себебіміз, кеше Астанада бұршақ жауып, тұр­ғындарды әбігерге салса, бұ­дан бірнеше күн бұрын аямай жау­ған ақ нөсерден көшеде жаң­быр суы көлкіп, жұрт тізеден су кешкен еді.
Әрине, Астананың құбылма­лы ауа райына үйренісіп қалған қала халқы тосын «сыйға» то­сыр­қай қоймасы да мүмкін еді. Бірақ, кешегі жауынның «жөні» бөлек болды. Нөсердің соңын ала көлемі бас бармақтай болған бұр­шақ біраз берекені алды. Оған қоса соққан жел салдарынан кей­бір ғимараттарда жарық сөніп, телефон байланысында да ке­дер­гі болды. Көшелерді су басты.

Сәрсенбі, 1 тамыз 2012 7:43

Табиғат тағы да тосын мінез танытты. Тағы дейтін себебіміз, кеше Астанада бұршақ жауып, тұр­ғындарды әбігерге салса, бұ­дан бірнеше күн бұрын аямай жау­ған ақ нөсерден көшеде жаң­быр суы көлкіп, жұрт тізеден су кешкен еді.
Әрине, Астананың құбылма­лы ауа райына үйренісіп қалған қала халқы тосын «сыйға» то­сыр­қай қоймасы да мүмкін еді. Бірақ, кешегі жауынның «жөні» бөлек болды. Нөсердің соңын ала көлемі бас бармақтай болған бұр­шақ біраз берекені алды. Оған қоса соққан жел салдарынан кей­бір ғимараттарда жарық сөніп, телефон байланысында да ке­дер­гі болды. Көшелерді су басты. Тіп­ті, қаланың кейбір орам­дарын­дағы жолдарда жиналып қал­ған судың тереңдігі 60 см-ге дейін жетті. Көлік қозғалысы баяу­лап, жолдағы суағарлар жаң­быр­дың тым мол жауу салдарынан тасқынды ағызып үлгермей жатты. Соның кесірінен жаяу жүр­гін­шілер тізеден су кешсе, кө­ліктер белуардан суға батты.
Ең өкініштісі, дауыл салдарынан қайғылы жағдай орын алды.  Астана қаласының тө­тен­ше жағ­дайлар департа­менті­нің баспасөз қызметі хабар­лағандай, қатты соқ­қан желден Астанадағы Заречный кентінде 3 құрылыс краны құлап, соның салдарынан 2 адам көз жұмды.
Қазгидрометтің болжауынша, негізінен үстіміздегі жылдың тамыз айы жаңбырлы, салқын болады деп отыр. Әсіресе, алғашқы және үшінші онкүндікте қатты жел мен бұршақты күндер жиі қайталануы мүмкін. Нағыз салқын күндер 11-13 тамызда болуы ықтимал деп болжануда.

«Егемен-ақпарат».