09 Қазан, 2012

Бір жаңбырдан қала ма?

345 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бір жаңбырдан қала ма?

Сейсенбі, 9 қазан 2012 7:12

Күйінген соң жазасың да. Кенесары ханның қалың қолын басқарып, тәуелсіздік үшін арпалысқан Ағыбай батыр мазарының кеткен сиқы бір түзелмей қойды.
1984 жылдың қазан айының 27-і күні аудан орталығынан екі жүз елу шақырым әрі жолсыз қияндағы Ағыбай батыр маза­рына көктас қойдық. Мазардың төбесі ойылып, күмбезі жұқарып қалған екен. Жаңбыр шайған қа­бырғалары да тілім-тілім. Келер жылдың жазында жоғары жақ­тағыларға жиырма мың кірпіш бөлінсе, мазардың сыртынан өре қалап тастамақ ойымыз барын да жеткіздік. Алайда, ол кезде қо­лында билігі барлар мұндай іске баруға тәуекел ете алмады.

Тәуелсіздік қолға тиген соң Ағыбай мазарын жөндеу мә­се­лесін қайта-қайта көтергенбіз. Ақыры 2005 жылы реставрация жасалатын болды. Өкініштісі сол, осы мақсатқа бөлінген бә­лен­бай миллион қаржының аяғы құрдымға кетті. Әр жерін шұқып сылаған болып, ма­зар­дың жиек-жиегіне қаңылтыр су ағар қой­ған. Былай қарасаң мазар қаңыл­тырдан ақ қалпақ-шляпа киіп тұрғандай. Ма­зар­дың сыртына тордан «көйлек» кигізіп, сы­ла­ған болды. Онысы келер жылға жетпей бой-бойы шығып, түсіп қалды.
Мазардың сұрқының соншама қашуы жұрт назарынан тыс қалмады. Мазарды қалпына келтіру жұмысы қайта көтеріліп, та­ғы жиырма миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сөйтіп, «Күмбез» атты тағы бір мекеме іске кірісті. Келер жылы жұмы­сын аяқтады. Осыған да шү­кір­шілік еттік. Шүкіршіліктен ары­ға тағы бара алмадық. Жақындай келе қаңылтыр қалпақтан құ­тыл­ған мазардың жұлым-жұлым сыртқы сыйқын көріп, көңіл құ­лазыды. Ағекең күмбезінің етегі айнала бой-бойына ыдырап, тү­сіп қалған.
Ғасырлар бойы жаңбыр мен желдің өтіне де, талай-талай жау­лық, дұшпандықтың ниеті мен бүлдіргіш ісіне де төтеп берген Ағыбай батырдың маза­ры­ның көрінісі осы. Дүлей та­би­ғаттың алапат жаңбыры құлатып кетпесе игі.
Кәмел ЖҮНІСТЕГІ,
жазушы, ҚР мәдениет қайраткері.
Қарағанды облысы.