12 Қазан, 2012

Ол бір жұмбақ

370 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ол бір жұмбақ

Жұма, 12 қазан 2012 7:03

Бұл ғақлияны Аристотель де айтқан жоқ, Конфуцийдің кітабы­нан да оқыған жоқпын. Мұны айт­қан ауылдың қарапайым қариясы.
Әңгіме адамгершілік тақыры­бына ойысқан. Малдас құрған мәс­лихатшылар әрбір сауапты іс­тің қайырымы болады деген белгілі түйінге тірелетін тәмсілге көш­кенде әлгі қария:
– Егер қайыр тілеп отырған міс­кінді көрсең, мүсіркеуші болма, – дегені.
«Мәслихатшы» атанып, мәмі­ле­ге араласқанымен, барлығы бірдей философ емес қой. Солардың бірі:
– Неге? – деп жалт қарады.

Екіншісі:
– Сонда не істеу керек? – деп қабағын түйді.
Көзқарастарында «аш адамға балық бергенше, балық ұстауды үйрет» деген белгілі ұлағатқа тән бір әңгімені бастайтын шығар деген сұрау бар.
– Басынан бір теп те, өтіп кет.
Мәслихатшылар «мынау не айтып отыр өзі» дегендей бір-бі­рі­не таңдана мойын бұрды. Шал бол­са «ал сендерге тәлім-тәр­бие­нің көкесі керек болса» дегендей түйіле түскен.
– Оу, ағасы, осыны да сөз деп айтып отырсыз ба?
– «Мүсәпір көрсең жақсылық жаса» деген өткеннен келе жатқан өсиетті қайтеміз?
– Қайыршының не жазығы бар?
Сол кезде қиқар шал:
– Ол бір жұмбақ, – деді де орнынан түрегелді.
Суықтан қатып қалған жылан­ды қойнына тығып жылытам деп ажал құшқан аңғал туралы мы­сал­ды білуші ем. Малдас құрғандар шал­ға не дерін білмей отырып қал­ған кезде сол оқиға есіме сап ете түсті. Өйткені, сен де улы жы­лан­ға жақсылық жасаған адам сияқ­ты жолыңды тосқан мүсә­пір­дің жат пиғылынан бейхабарсың. Бәдауи тірлікті бүркенген жан кім – ұры ма, қарақшы ма, алаяқ па, сатқын ба?!. Тіпті, жеті жұрттың тілін білетін оқымысты, он сау­сағынан өнері тамған шебер немесе замандастарынан атағы озған кә­сіпкер бола қойсын, бірақ қарны тойып, аузы майланған күні жа­са­ған жақсылығыңды ұмытып, ба­сың­нан бір тепсе қайтпексің? Бақ­сақ, бұл адамзат баласы әлі күнге дейін шешуін таба алмай жүрген жұмбақтардың бірінен екен.
Ел байлығын миллиардтап ұр­лап, шетел асқан бұрынғы банкирлер мен мемлекеттік қызметшілер, мәжілісмендер туралы алуан-  алуан ақпараттарды оқи бастасам бол­ды, ауылдың баяғыда өткен айтқыш шалының «қиссасы» нені меңзегенін түсіне бастағандай боламын.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
ТАРАЗ.