Алтайда – аяз
Сенбі, 10 қараша 2012 7:03
Аптаның басынан Алтайда ауа-райы күрт өзгерді. Алдымен екі күн бойы жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. Қар болғанда да толассыз үш күн жауды. Зырянда қардың қалыңдығы – 35, Марқакөл көлі маңында 47 сантиметрге дейін жетті. Көктайғақ салдарынан үш көлік апатынан алты адам қаза тауып, тағы осыншама кісі жарақат алған.

Екі күннен бері ауа райы күрт суыды. Бейсенбі күні күндіз –13-14, түнде -20-ға, ал бүгін -24, кей жерлерде – 30-дан асты. Алайда, тілшілер қосынына телефон шалған оқырмандарымыз кейбір республикалық телеарналардың ауаның температурасы жайлы шындыққа сай емес хабар тарататынына алаңдаушылық білдіруде. Шынында да, міне, үш күн болды, «Хабар» арнасы Өскеменде күндіз +5, түнде -9 деуден бір танар емес. Ал іс жүзінде Алтайды қатты аяз буып тұр.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.