06 Қаңтар, 2012

Мұрат ӨНАЛ: «Шахтердің» реті келмеді»

414 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мұрат ӨНАЛ: «Шахтердің» реті келмеді»

Еуропада футбол ойнап жүрген жалғыз қазақ футболшысы Мұрат Өнал туралы газетіміздің өткен жылғы 16 шілдедегі нө­мірінде жазған едік. Сол мақа­ладан кейін Мұратты ел тани бастады, еліміздегі футбол клуб­тарының да қызығу­шы­лы­ғын туғызды. Өткен жылғы ел чемпионы – Қарағандының «Шах­тері» алғашқы болып бұл футболшыны Антальяда өткен оқу-жаттығу жиындарына да шақырған еді. Өзін жақсы жа­ғы­нан көрсетіп, бір дайындық матчында тіпті 2 гол соғып, 3 гол пасын берген Мұрат Өнал бұл клубпен келісім-шартқа отыра алмады. 

Еуропада футбол ойнап жүрген жалғыз қазақ футболшысы Мұрат Өнал туралы газетіміздің өткен жылғы 16 шілдедегі нө­мірінде жазған едік. Сол мақа­ладан кейін Мұратты ел тани бастады, еліміздегі футбол клуб­тарының да қызығу­шы­лы­ғын туғызды. Өткен жылғы ел чемпионы – Қарағандының «Шах­тері» алғашқы болып бұл футболшыны Антальяда өткен оқу-жаттығу жиындарына да шақырған еді. Өзін жақсы жа­ғы­нан көрсетіп, бір дайындық матчында тіпті 2 гол соғып, 3 гол пасын берген Мұрат Өнал бұл клубпен келісім-шартқа отыра алмады. Себептерін білу үшін Мұратпен осы жаттығу жиындарынан кейін ғаламтор арқылы әңгімелескен едік.

– «Шахтердің» Антальяда­ғы оқу-жаттығу жиынына ша­қырылдың. Жалпы, бұл жиын сен үшін қалай өтті?

– Оқу-жаттығу жиыны жақсы өтті, мен үшін ерекше бір тәжі­рибе болды. Мықты футболшылармен бірге ойнау мен үшін әр­қашан қызық. Қазақ футбол­шы­лардың техникасы ұнады және олармен қазақша сөйлесіп, ойнау өте керемет нәрсе.

– Команда сені қалай қарсы алды?

– Команда мені өте жақсы қарсы алды. Кейбір жігіттер ме­нің өзімді еркін сезінуім үшін қолдарынан келген көмектерін аямады, оларға ризашы­лық­та­рым­ды білдіремін.

– «Шахтермен» келісім-шарт­қа отырмадың, себеп не болды?

– Мені легионер ретінде ала алмайтындықтарын айтты. Яғни, бұл квотаға олар басқа шетелдік футболшыларды қарауда. Ал, мені егер Қазақстан азаматтығын алсам командаға алатындарын айтты. Бірақ, мен Қазақстан азаматы емеспін. Клуб пре­зиденті Ерден Халилин мені командаға алу үшін, азаматтық алып беру үшін қолынан келгенін жасады. Бірақ, бір аптадан кейін мұндай қысқа мерзімде азаматтық алу мүмкін емес екенін айтты. Ерден ағаға ризамын, ол қолынан келгенін істеді, оған барлық ісі үшін алғысымды білдіремін. Демек, бұл командаға бару маған бұйырмаған.

– Басқа командалардан ша­қыру келсе, барасың ба?

– Футболда барлық нәрсе мүмкін. Ешқашан “болмайды” деп айтуға болмайды. Егер барлық жағынан келісіп жат­сақ, әрине, басқа командаларға да баруға болады.

Әңгімелескен Аршат ОРАЗОВ, «Егемен Қазақстан».