02 Тамыз, 2012

Еңбегімен еленген ер

1379 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Еңбегімен еленген ер

Бейсенбі, 2 тамыз 2012 7:37

Кешегі өткен кеңес заманында еңбек адамдарына деген құр­мет ерекше-тұғын. Әсіресе, ди­қан­дар мен малшылар арасынан суырылып шыққан озаттардың есімдері елге кеңінен танылып, насихатталып, халықтың да, би­ліктің де ықыласы солардың үс­тінде болғанына тәуелсіздіктен кейін туылған жас балаларды қоспағанда көбіміз куәгерміз. Сондай елге елеулі тұлғаның бірі – Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғары Кеңесіне қатарынан үш рет депутат болып сайланған Байбек Ермеков еді.

Бейсенбі, 2 тамыз 2012 7:37

Кешегі өткен кеңес заманында еңбек адамдарына деген құр­мет ерекше-тұғын. Әсіресе, ди­қан­дар мен малшылар арасынан суырылып шыққан озаттардың есімдері елге кеңінен танылып, насихатталып, халықтың да, би­ліктің де ықыласы солардың үс­тінде болғанына тәуелсіздіктен кейін туылған жас балаларды қоспағанда көбіміз куәгерміз. Сондай елге елеулі тұлғаның бірі – Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғары Кеңесіне қатарынан үш рет депутат болып сайланған Байбек Ермеков еді.

«Жақсының аты өлмейді» деген рас. Ол тек қана компартия даңқын шығарған еңбек адамы емес, ақыл-парасатымен, көркем мінез-құлқымен көпшілікке үлгі бола білген жаны жайсаң азамат еді дейді білетіндер. Сондай-ақ, Серік Мырзекенің «Еңбек Ері Ермеков» атты деректі хикаятында оның адамдық бейнесі, еткен еңбегі түгелімен баяндалған.
Байбек Ермеков өткен ғасыр­дың басында туылып, бейнеті мен зейнеті тең ғұмыр кешкен, пай­ғамбар жасынан аса қайтыс болған адам. Оның өмір жолы Оңтүстік өңірдегі Сарыағаш, Келес аудандарымен тығыз байланысты. Келес бойында туылып, еңбек жолын қарапайым мұрап­тық­тан бастаған Байекең елімізде ең алғаш колхоз өндірісінің негі­зін қалаушылардың бірі ретінде де тарихта қалған. Келес ауданында алдымен Буденный, Бірлік ұжымшарларында қарапайым ең­бек адамы ретінде жұмыс атқа­рып, кейіннен «Қызыл әскер» ұжымшарын басқарса, одан ке­йінгі кезекте Келес, Сарыағаш аудандық кеңестерінің төрағалық қызметтерін абыроймен атқара білген. Кезінде қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ол кісіні, оған қоса Ермеков басқарған «Қы­зыл әскер» колхозынан шық­қан Социалистік Еңбек Ерлері Пілтан Мамыров пен Рыскүл Мақатованы әр гектардан 80 цент­нерге дейін мақта ала білген ғажайып еңбек адамдары деп бағалапты. Олардан кейін мұндай жетістікке ешкімнің де қолы жетпегенін айғақтаған.
Шынында да бір ауылдан со­ғыс­тан кейінгі қиын-қыстау жылдары үш бірдей Социалистік Ең­бек Ерінің шығуы, оған қоса Ермековтің Ленин орденімен марапатталуы, омырауына Алтын Жұлдыз тағылуы ғажайып оқиға дер ек. Оны өз кезеңінде отандық басылымдар «Еңбекті ұйымдас­тырудың және ақы төлеудің озық әдістерін өмірге әкелді. Сөйтіп колхозды жаңа еңбек жеңісіне жет­кізді. 1947 жылы қызыл әс­кер­ліктер бір миллион екі жүз мың сом таза табыспен шықты. Жаңа бесжылдық жоспарын ай­қын межелеген Байекеңнің колхозшылары мемлекетке 3000 тонна ақ алтын тапсыруға белді бекем буған еді» деп алақайлап жазғаны да тарихи факт. Сондай-ақ Байбек Ермековтің басшылық еткен жылдарында Келес өзеніне нән көпір салынып, Бозсу арнасынан 200 гектар мақталық, 50 гектар бақ пен 80 гектар бақша алты ай жаз еркін су ішетін жағ­дайға жеткені жерлестерінің әлі күнге есінде. Оның бер жағында 1939-1946 жылдары Келес, Сары­ағаш аудандық, 1946-4952 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыс­тық партия комитетінің мүшесі, КСРО Жоғары Кеңесінің үш дүр­кін депутаты ретінде тындырған істерінің өзі бір адамның өмірі үшін аз емес. Және оның бәрін саралап шығатындай біз канди­дат­тық жұмыс жазып отырма­ға­нымыз тағы белгілі.
Шын тұлғаның әр заманда да жұлдызы биік болады. Өйткені шын тұлға ең алдымен айналасына мейірімін төге білуімен, адал­дығымен, еркін ойлайтындығы­мен, сол сияқты еңбекті ұйым­дастыра білуімен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан келгенде Байбек Ермеков сөз етуге де, үлгі етуге де жарайтын айтулы адамдар қа­тарында аталады десек шындық­тан ауытқи қоймаспыз. Неге де­се­ңіз, Қаратау өңіріне Дана қарт деген есіммен танымал болған, ол айтты деген сөздер елдің аузында жүретін Сәт ақсақалдың болашағынан үлкен үміт күттір­ген немересі Байбектің көптің бірі болуы мүмкін емес еді. Қар­шадайынан атасы мен әкесіне қолқанат болған баланың алысты болжайтын жүйрік қиялы, кісіге болысқыш адамгершілік қасиеті ә дегенде білініп, «осыдан бір­де­ңе шығар-ау» деген үмітпен ата­сының оны бес-алты жасынан бас­тап жиындарға, тойларға жанынан тастамай ертіп жүруі де көп нәрсені аңғартқандай. Сөзі өтім­ді, өзі көпке танымал жақсы ата­ның, қайратты, еңбекқор әке­нің тә­лімін алып, тәрбиесін көріп өс­ке­ні бір бөлек, қанына тартып ту­ға­ны да тұлғалық қырының ашылуына әсер етпеді дей алмаймыз.
Ата мен әкеден он үшке жетпей айрылған Байбек бала ары қарайғы өмір жолын өзі таңдады. Таңдағанда да ауырдың астымен, жеңілдің үстімен өтіп кетуге болатын оңай жолды емес, адамды шынықтырып шыңдайтын нағыз ең­бек жолын таңдады. Түптің тү­бінде бәрін жеңетін еңбектің, со­ның ішінде көптің мүддесі үшін атқарылған жұмыстың шын рахатын сезген жан деп осындай кі­сілерді айтуға болар шамасы. Өйт­кені көптің мүддесі үшін ең­бек ету жаңа заманға сай ойлау жүйесі тұрғысынан аңыз сияқты көрінетіні бар. Ал сол заманның адамдық өлшемінің бірі – расымен де көп мүддесі үшін жан­қияр­лықпен еңбек ету еді. Бұл туралы Байбек Ермековтің ұлы Сапар Ермеков «Әке – асқар тау» атты мақаласында «Ол кісі сыр­қат­танған жылдары бірге жатып, бірге тұрдық. Емханаға барсақ та, базар араласақ та біргеміз. Кө­шеге шыққанда төбем көкке екі елі жетпей марқайып қайтам. Әкемді білмейтін жан жоқ. Үл­кені де, кішісі де иіліп сәлем бе­реді. Жұрт жапа-тармағай қоға­дай жапырылып сәлемдесіп, хал жайын табалдырық құрғатпай күн­де сұрап келіп жатады. Әкем де арқа-жарқа, біз де мәз-мәй­рам­быз. Ол кісінің қабағы ашылса үй ішін шаттық кернеп, берекесі кіретін. Бақсам, ел сыйлы кісіге, беделі зор адамға құрмет көрсе­теді екен. Бедел еңбекпен, ерлік­пен келетінін кейін білдік», деп жазыпты.
Өмірден озғанына жарты ға­сыр­ға жуықтаған нағыз еңбек адамы туралы жайдан-жай сөз қозғап отырғамыз жоқ. Оған жуырда ғана Елбасымыздың «Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­рай 20 қадам» атты еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуы жөнін­дегі бағдарламалық мақаласы себеп болды. Елбасы қазіргі қоғам­ның жүйкесіне түскен дерт – тер төкпей жатып мал табуға ұмты­лушылықты доғару жайын қозғай отырып, бұл тұрғыда еңбек адам­дарының беделін көтеру қажет­тігіне баса мән беріпті. Осы тұр­ғыдан келгенде мейлі Кеңес өкі­меті кезеңінде еңбек етсе де, өзі үшін де, елі үшін де барын салып еңбектенген, шынайы еңбегінің арқасында ғана жетістікке жеткен, бұл күндері есімдері тарих­тың қойнауына сүңгіп бара жатқан, тіпті қазіргі жастар біле бермейтін алдымыздағы аға буынды неге насихаттамасқа деген ой туды. Мақаланы жазу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Игілік ауылында бүгінгі күні құрылысы аяқталып жатқан орта мектепке осы өңірге еңбегі сіңген Байбек Ермековтің есімі берілсе екен деген тілектердің бар екенін де білдік. Бұл енді тікелей жауапты мекемелердің құзырындағы шаруа. Қолдан жасалған жасанды тұлғалардың емес, ел ішінен шық­қан, көпшіліктің көз алдында жетіліп, кісілікті болмыс қа­лып­тастырған шынайы тұлға­лар­дың есімі өшпесе екен, кейінгі буын сондай адамдардың болға­нын біліп өссе екен деген жақсы ниетімізді айту біздің парыз.

Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».