11 Тамыз, 2012

Биік парасат иесі

618 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Биік парасат иесі

Сенбі, 11 тамыз 2012 7:15

Қазіргі күні ел игілігіне, ұлттық мүддеге қызмет етіп жүрген философтарымыз баршылық. Дегенмен, олардың арасынан ұлтымызға ең жақыны – жерлесіміз, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есімнің есімін бөле-жара атасақ ешкім таласпасы анық. Себебі, ол – ұлттық тәрбие, болмыс-бітім, діліміз бен дініміздің, мемлекеттік тіліміздің өзекті мәселелерін тереңінен қаузап, астарын ашып көрсетуде қашанда алдыңғы шептен көрініп жүрген ғалым. Әрі ұлы философтардың шеберлік мектебінен өтіп, өрелі ойларын ел кәдесіне жаратып, халықтың санасын оятуға бір кісідей атсалысып келе жатқаны анық.

Сенбі, 11 тамыз 2012 7:15

Қазіргі күні ел игілігіне, ұлттық мүддеге қызмет етіп жүрген философтарымыз баршылық. Дегенмен, олардың арасынан ұлтымызға ең жақыны – жерлесіміз, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есімнің есімін бөле-жара атасақ ешкім таласпасы анық. Себебі, ол – ұлттық тәрбие, болмыс-бітім, діліміз бен дініміздің, мемлекеттік тіліміздің өзекті мәселелерін тереңінен қаузап, астарын ашып көрсетуде қашанда алдыңғы шептен көрініп жүрген ғалым. Әрі ұлы философтардың шеберлік мектебінен өтіп, өрелі ойларын ел кәдесіне жаратып, халықтың санасын оятуға бір кісідей атсалысып келе жатқаны анық.

Академик ағамыз, әсіресе, Тә­уелсіздік алған кезден бастап ұлттық құндылықтарымызды тү­­­гендеуге бі­лек сыбана кіріс­кенін жарық көрген еңбек­те­рінен айқын байқауға болады. Ол еліміздің егемендігін баянды ету жолында баса мән беретін қажетті тұстарды, нақтырақ айт­сақ, ха­лық­тың санасын жаң­ғыр­туды дер кезінде бірінші орынға қоя білді. Яғни, кеңестік идеология құрығынан шығып, егемен елімізде халық санасын жа­ңа еңселі биікке көтерудің айла-тәсілдерін іздестіруге кірісті. Себебі, кез келген елдің ұлттық рухының асқақтығы дәл осы санаға тікелей байланысты болса керек. Философтың «Сана бол­мысы» деген атпен жарық көрген тоғыз кітабы осы сөзі­мізге айқын дәлел болмақ. Адам­­дар санасындағы өзге­ріс­тер жайындағы философиялық ойлары топтастырылған бұл жи­­­нақтарда қа­зіргі заман туралы терең тұжы­рымдар жасал­ған. Автор айналадағы түйткіл­дерге байланысты тұшымды ойларын ортаға салады. Сана азат­тығы­ның, тәуелсіздігінің мә­­нін тү­сіндіруге, оның оңы мен солын танытуға күш салған. «Бөгде сана» мен «төл сана­ның» аражігін ажыратып беруі де көпке көмек екені сөзсіз.
Әрбір еңбегінен ұлттық бол­мыстың бөлшегін көреміз. Мә­селен, «Бүгінгі күннің бедер­ле­рі», «Халық­тың дүниетанымы», «Ұлт­­­­тық сана және ұлтшылдық туралы» деген мәселелерге кеңі­нен тоқталған еңбек­терінде ұлт­тық дүниелер кеңінен көрініс тапқан. «Тағы да қазіргі заман туралы», «Суфизмге кіріспе» деген еңбектері де халық үшін құнды. Мысалы, «Тағы да қазір­гі заман туралы» материалында Абайға жүгіне отырып, «заман» ұғымы жайында өзінше тың ой түйді.
Ол Абай, жыраулар, көне ақындар да қоғам демей, заман дегенін, бұл ұғым халықтық тү­сінік екенін алға тартады. «Қо­ғам кеңес заманында «қолдан жасалған ұғым» деген түйінге келеді. Әрине, талас тудыратын ой. Өйткені, уақыт жаңа тер­мин­дерді әкелетіні белгілі. Бі­рақ, автор­дың тұжырымы оқыр­манға ой салары анық.
Сана болмысын түптеп тануды мақсат еткен Ғарифолла Есім кез келген тақырыптың тамырын дөп басуымен ерекше­ле­неді. Қайсыбір ұғым­ның көк­жиегін кеңейте отырып, мақа­ла­ларына өзек ететіні өзгеге үлгі. Заман жайында ой айту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін жауапты әрі күрделі іс. Бұл орай­да, философ әбден қалып­тасқан, тиісті бағасын алған заманды сөз етпейді, ол әрдайым иіні қанбаған, шешімін күткен дүниелерді нысанасына алады. Әрі күрделі тақырыпқа қалам сермегенде парасаттылықпен, би­ік пайым, берік байлам тұр­ғысынан кіріседі. Жұртшы­лық­тың көкейіндегі түйткілдерді, жаһандану сияқты күрделі ұғым­­­дар төңірегінде, халық тағ­дыры, ұлттық мүдде, ел ертеңі жайында айтылған кез келген түйіні азаматтық тұрғыдан жа­салғаны сезіледі.
Ғари­фола Есім Тәуелсіздік таңы ат­қаннан бері хал­қымызға жаңа ойлауды қалып­тас­тыру жолында өз ғұламаларымыздың терең ойларына жүгінді. Яғни, Абай мен Шәкәрім сияқты ғұлама­лардың көрсеткен ба­ғыт-бағ­да­рын не­гізге алып, жұртына жөн сілтеді. Мәселен, ғалым­ның өзгеден ерекшеленіп тұ­руына ықпал еткен, ғылымға қосқан үле­сін еселей түскен шығар­ма­сы «Хакім Абай» десек, артық айт­қандық емес. Автор дәл осы туындысы арқылы қазақ санасын жаңаша жаңғыр­туға кірісті. Яғни, Абай­дың фи­лософиялық ойларын жаңа қы­рынан зерттеп, кеңестік дә­уірде басқаша көрі­ніс тапқан тұс­та­рын таразылады. Ұлы бабамыз Абайдың ой­шылдық тұл­ғасын жан-жақты ашу­дың амалдарын қолданды. Сол арқылы халықты «бөгде санадан» арыл­туға еңбек етті. Ке­зін­де қазақ­тың сана болмысына кереғар әсер еткен идеологияны ашып көрсетті.
Философ-ғалым Қорқыт, Әл-Фараби, Ясауи, Қашқари, Жами сынды Шығыс шайырларының, XX ғасыр басындағы ұлылар легі – Ахмет Байтұрсынов, Мір­жақып Дулатов, Мағжан Жұма­баев, Қошке Кемеңгерұлы, әде­биетіміздің алдас­пан ақындары Абай, Махамбет, Шәкәрім, Жам­­­­был, Ілияс, Мұқағали шы­ғар­­маларынан ой түйіп, оларды ұлтымыздың інжу-маржандары деп көрсетеді. Әрі олардың рухани-тарихи бай дүниелерін зерт­­­теп, ұрпақ санасына жеткі­зуді басты парызы санауы – даналықтың белгісі екені хақ.
Кім-кімді де терең ойға же­те­лейтін Ғарифолла Есімнің этюд­тері ертең-ақ үлкен-үлкен бір туындыға айналары анық. Себе­бі, онда айтыл­ған әрбір түйінде философия­лық ой жатыр. Қор­қыт, Абай, Альбер Камю, Мұх­тар Шахановтардың шы­­ғармала­рына жасаған фило­софиялық көз­қарастары еріксіз ой тұңғиы­ғына сүңгуге жете­лейді. Әсі­ресе, Альбер Камю­дің «Бөгде» деп аталатын шы­ғармасына жа­саған терең талдауы тәнті етеді. Талдауға қарап, академик дүние­танымның кең­дігіне таң қала­сың. Астарлы са­уалдарға жауап із­деуде өзіндік шеберлігі бай­қалып-ақ тұрады. Бұқара халық үшін тосын та­қырыптарда зерттеу жүргізгенде ға­лым алдына жан салмайды. Мәселен, «Қи­ын», «Торғай», «Жар жағасы», «Бәрібір, адам неге разы?», «Рахат», «Нүкте», «Адам тарихы», «Бөгде сезім», «Шайтан», «Соң­ғы сұрақ» сияқ­ты тақырыптарды түп-тамы­ры­мен зерделеп, бол­мыс-бітімін ай­шық­тайды. Бұл ұғымдардың қай-қайсысы да адамды елік­тіріп әкетеді. Аталмыш ең­бектеріне үңілген жан өзін, қор­шаған ортаны жан-жақ­ты танып, білген-түйгенін те­рең­дете түсуге құштарланады. «Нүкте», «Жар жағасы», «Шайтан» деген этюдтерде бұрын айтылмаған оқшау ойларды кез­дестіресіз. Мұнда «нүкте» араб­тардың тү­сінігінде философия­лық ұғым екені айтылған. Автор нүктесіз сана, ол – мифология деген тоқ­тамға келеді. Оның пайымдауынша, адам болмы­сын­­­дағы нүк­те – өлім. Демек, Нүкте деген – тағдыр. Ал тағ­дыр кімнің қолында, кімнің ырқында болса, сол адам Нүкте де қоя біледі. «Жар жағасында» талқыланған ойлар адамдардың жақсылық пен жаман­дықтың, ізгілік пен зұлымдықтың ара­сындағы айырманы түйсінуіне жол бастайды. Мұнда адам­гершілігі мол адам адал жолдан тайып, жа­мандық пен зұлым­дыққа бой алдырса, ол бір қадам жасап-ақ құрдымға құлдилай­тынын айтады. Осындай терең филосо­фия­лық түйіні арқылы халқын жа­мандықтан жиренуге жетелейді.
Ғарифолла Есімнің қолға алған әрбір туындысы ұлттық мәдениеті­міздегі шоқтығы биік шығарма­лардың қатарына жатады. Мәселен, «Бостандықтың ба­ғасы» еңбегі ел тәуелсіздігі идеясына арналған. Автор оқыр­­­­манына бостандықтың мә­нін жіті түсіндіруге күш салған. Мұн­да ол парасаттылық пен ізгілік бостандықтың шынайы болмысы деген түйін жасапты. Яғни, бұл қос қасиет болмаса, бостандықтың бола­шағы бұ­лың­ғыр, іргесі берік болмайды дегенді алға тартады. Осылайша, халқын азаттықтың ақ та­ңын бағалай білумен қатар, оның келе­шегін бекемдеуге күш жұмылдыруға шақы­рады. Ал еліміз Тәуелсіздік алған алғаш­қы жылдардағы тоқырау кезең­дерінің себебін ғалым «бостан­дық пен нарық бірге келгенімен, егемен мемлекет ретінде тәжі­рибеміздің болмағанынан» деп түсіндіреді. Ға­рифолла Есімнің тарихи кезеңдердің қатпарла­рына үңіліп, кез келген қиын­шы­лықтың себеп-салдарын дөп басуы оның парасаттылығының би­іктігін, пайымының беріктігін білдірсе керек.
Жерлес ғалым дүниетанумен қатар әдебиетке де қомақты үлес қосып келеді. Фило­со­фия­лық туындыларында баста­ған терең ойларын әдеби шы­ғар­маларға үйлесімді ұштас­тыра білуі ғалымның өзіндік ерек­шелігі, шеберлігі деп тү­сінген жөн болар. Сондай-ақ, бір шығар­масы екіншісінің заң­ды жалғасы ре­тінде дүниеге келуі, алғашқы­сында айтылған ой­лардың те­реңдей түсуін фи­лософтың көп­теген туындыларынан аңғаруға болады. Мәсе­лен, «Социализм. Күнә мен кінә туралы роман» шығармасында айтылған ойлар бертін жарық көрген «Ақ өлең – аққулы мекен» атты роман-эссесінде жал­ғасын тапқан. Бұл туындыларын оқыған адам ға­лымның Отанға деген сүйіс­пен­шілігін, елімізге келген тә­у­елс­із­діктің мән-маңы­зын жіті түсі­нетіні анық. Өйт­кені, автордың оны әдеби тәсіл­мен әрлендіре, әс­петтей беруі оқырманды өзіне еріксіз тартады. Дәлірек айтсақ, Ғарифолла Есім – ғылымдағы жо­лымен қатар еркін шығарма­шылық, ой­шыл­дық табиға­ты­мен ерекше тұлға.
Шыны керек, замандастары­мыз­дың арасында өткенді аң­сап, бүгінгі істерден кінәрат іздеп әлек­тенетіндер аз емес. Осы орайда, мұндай жан­дарға ға­лымның «Саяси философия» шы­ғармасын оқыған дұрыс болар. Өйткені, бұл туындыда барша хал­қымызды ертеңгі күнге сеніммен қа­рап, жарқын бола­шақтан үміт күтуге шақырады. Оптимистік сана­ның қа­лыпта­суына осылайша үлес қосқан. Қоса да бермек. Ғалымның ең­бек­тері боямасыз, шынайы өмір негізімен тартымды.
Ғалым жан-жақтылығының арқа­сында, қай мәселені қолға алса да, асқан ыждаһаттылық­пен атқарып, биіктен көрініп жүр. Мәселен, бү­гінде мәде­ни­ет, дін, саясат, антропология жа­йында даналық еңбектері ар­қылы көпшілікке ой салуда. Әсі­ресе, ұлтының философиясына үңі­ліп, оның тарихы мен теориясын тереңінен зерделеу нәти­жесінде хал­қына жол тарт­қан «Хакім Абай», «Фалсафа тарихы», «Раритет», «Қа­зақ фило­со­фия­­сы­ның тарихы», «Са­на­дағы таңба­лар», «Сана болмысы» деген кі­таптары ұлтымен бірге жасай бермек. Себебі, атал­мыш шы­ғар­маларда айтыл­ған ақыл, түй­ген ой өміршең­дігімен ерек­ше­ленеді.
Философ-ғалымның мәдени құн­дылықтарымызға да айрық­ша мән беріп, осы бағыттағы атқарып жүр­ген жұмыстары да бір төбе. Туған жеріне деген перзенттік парызын ұмытпауы да академик ағамыздың дана­лығы деп білген жөн. Соның бір дәлелі – өзінің кіндік қаны там­ған жері Лебяжі ауданының ру­хани-мәдени өміріне үлес қос­пақ мақса­тында ұлы Абайдың бюстін орнатуға деген ниетін танытты. Мұндай шешімінің сырын ғалым көп жыл абайтанумен айналысқанымен, сон­дай-ақ, туған жері Кереку мен Семей арасының қақ ортасы екендігі­мен түсіндіреді. Ұлы ақынға орнатылатын бюсттің жанында түрлі мәдени шаралар ұйымдас­тыру арқылы ұрпақ тәр­биесіне мән беруді мақсат тұтады. Осылайша философ-ға­лым тағы да парасаттылығын паш етті.
Жалпы алғанда, бүгінгі тә­уел­сіз ұрпақтың азат санасын қалыптас­тыруда жерлес ғалым­ның атқарғаны көпке дейін рухани азық болары анық. Әрі бұл бағыттағы өміршең идеялары, байыпты бағыт-бағдар­лары, келешекке деген сенімділігі ел игілігіне жарап, егемендігіміз­дің іргесін бекемдей түсуге оң ық­пал ететіні айқын. Өйткені, фи­лософ-ғалымның рухани бай дүниесі, шы­ғармашылық әлеуе­ті, жарқын бола­шақ, ұлт мүд­десі үшін қызметі әлі де сарқыл­майтынына сенеміз. Ендеше, ойшыл ағамыздың еңбегіне же­міс, жаңа шығармашылық белес тілейміз.
Ерлан АРЫН,
Павлодар облысының әкімі,
экономика ғылымдарының докторы, профессор.