18 Қазан, 2012

Ардагерлер – алтын қазық

333 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Ардагерлер – алтын қазық

Бейсенбі, 18 қазан 2012 8:03

Алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер… Ұлы Абайдың осынау ұлағатты сөздері жасымыз ұлғайған сайын ойға жиі оралатын болып жүр. Сондайда арқа тұтып жүрген алдымыздағы ағаларға қарап алаңдаймыз. Жылдар жылжып, уақыт ілгерілеген сайын олардың қатарының сиреп бара жатқаны жанға батады. Оның есесіне ізімізден еріп келе жатқан інілерді көріп, көңіліміз көншігендей болады. Не болғанда да алдыңда ағалардың ат оздырып жүргеніне не жетсін. Апыр-ай, алдарынан шығып, «ассалаумағалейкум» деп сәлем бергенде қолыңды қысып, қолтығыңнан демегенде, арқаңды тауға сүйегендей сезімде боламыз-ау, шіркін.

Бейсенбі, 18 қазан 2012 8:03

Алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер… Ұлы Абайдың осынау ұлағатты сөздері жасымыз ұлғайған сайын ойға жиі оралатын болып жүр. Сондайда арқа тұтып жүрген алдымыздағы ағаларға қарап алаңдаймыз. Жылдар жылжып, уақыт ілгерілеген сайын олардың қатарының сиреп бара жатқаны жанға батады. Оның есесіне ізімізден еріп келе жатқан інілерді көріп, көңіліміз көншігендей болады. Не болғанда да алдыңда ағалардың ат оздырып жүргеніне не жетсін. Апыр-ай, алдарынан шығып, «ассалаумағалейкум» деп сәлем бергенде қолыңды қысып, қолтығыңнан демегенде, арқаңды тауға сүйегендей сезімде боламыз-ау, шіркін. Өкініштісі, абыройы, атағы атанға жүк боларлықтай ардақтыларымыз азайып қалды. Дегенде барға қанағат деп, көзі тірілерінің бейнесі көш жерден көрінгенде, өзіміз де биіктеп бара жатқандай боламыз. Сондай биіктеріміздің бірі де, бірегейі де Ернияз Омаров ағамыз.

– Мен кіш­кен­тайымнан отбасында жалғыз өстім, – деген ол бір кез­дес­кенде балалық ша­ғын барлағандай болып. – Әкем Қо­жанияз бен анам Рәбиға менен кейін де бірнеше перзент көрді, алайда ше­ті­нен шетіней берді. 1939 жылы туған інім Қалиды мен ерекше жақсы көр­дім, бесі­гін тербетемін, әлди­лей­мін, әй­теуір, қасынан шық­паймын. Өзі де аққұба өңді, екі көзі тос­та­ған­дай әдемі бала болатын. Құ­даның құдіреті, сол сәбиге көз өтті ме, кім білсін, төтеннен бір дерт жабысты. Дә­рігерлер де көр­ді, қазақы емші­лер де ықы­лас білдірді, алайда дертке дауа болмады. Қос жанары жаутаң­дап, көмек күткендей болғанда, сай-сүйегің сырқы­рай­ды. Кеу­десіне құлағымды то­сып, жүрек қағысын тың­дай­мын, тамырын ұстап, ішін уқалаймын. Айық­пас сырқат сүйікті інімді ақыры алып тынды. Сонда еңіреп отырып, дәрігер болуға ант еткен едім…

Ерекең бала кезінде берген сол антынан өмірбақи айныған емес. Алдымен ауылдағы жеті­жылдық мектепті үздік бағамен бітіріп, 1947 жылы Қызыл­орда­дағы медицина училищесіне тү­сіп, оны 1950 жылы қызыл дипломмен тәмамдады. Содан екі жылдай Тереңөзек ауданында фельдшер болып жұмыс істеп, 1952 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік медицина институ­тының емдеу факультетіне түсті.

Ол институтта да өте жақсы оқыды. Алайда, күнкөріс жағ­да­йы қиын еді. Ауылдан келе­тін көмек жоқ, аз шәкіртақы жыр­тықты да жамауға жет­пей­ді. Содан жігерлі студент алты жыл бойы Сызғанов атындағы хирургия институтында түнгі кезекте фельдшер болып жұ­мыс істеді. Ерекең институтты қызыл дипломмен аяқтады. Хирургия инс­титутының сол тұс­та­ғы директоры Г.Ткаченко бұны өзіне шақырып алып, дипломына бай­ғазыға 200 сом ақша беріп, құттықтап тұрып: – Біздің инс­титутқа ғылыми қыз­меткер болып қал, әзірге жатақ­хана, кейін үй алып беремін, – деген еді. Алайда, олай болмады, ақылдасқанда әкесі: – Менің денсаулығым нашар, азды-көпті қызығыңды кө­рейін, елге кел, – дегенді айтты. Сөй­тіп, жас дәрігер келіншегі Қа­ди­шаны қолтықтап, тұңғыш пер­зентін құшақтап елге оралды.

Бұл 1958 жыл болатын. Ол облыстық ауруханаға орналас­ты. Аурухананың бас дәрігері Шәдібай Абдуллаевтан басқа­сы­­ның бәрі дерлік өзге ұлттың өкілдері еді. Бас дәрігер бұған хирургия және жедел жәрдем бөлімшелерінде бірдей жұмыс істеуді тапсырды. Қысқасы, күн демей, түн демей, жата-жастана жүріп еңбек етуге тура келді.

Кешегі кеңестік дәуірде көз­ге түсіп, көпшіліктің құрме­тіне бөленген жақ­сы мамандарды пар­­тияға өткізіп алып, бас­шы­­лық қызмет­ке тар­татын үрдіс болды. Бұдан жақ­сы хи­рург Ернияз Ома­ров та қағыс қалған жоқ. Өткен ғасыр­дың 60-шы жыл­­дарының бас кезі болуы керек, жас коммунист-хирург­ті қа­лалық партия комитетінің бірін­ші хатшысы Қ.Тасбо­латов­қа ша­қыртты. Мәселе төтесінен қо­йылды: “Сізді қалалық ден­сау­лық сақтау бөліміне мең­ге­руші етіп қоймақпыз…” Бұл хи­рург мамандығы бойынша жұмысын жалғастырғысы келе­ті­нін айтты. Хатшы қайтар емес: “Сен партия қатарын­да­сың, сондық­тан партия қайда бар десе, сонда барасың. Ал айтқанды орындамайды екен­сің, партбилетті тапсырасың”, – деді. Ол заманда партиядан шығу – бәрінен айырылу, амал жоқ, келісім берді.

Ұжымға басшы болу, оның жұмысын ұтымды ұйымдас­ты­ру, әрине, оп-оңай шаруа емес. Ерекеңе бұл орайда облыстық денсаулық сақтау бөлімінің мең­герушісі София Мақашеваның об­лыстық аурухананың бас дәрі­гері Шәдібай Абдуллаевтың кө­мегі көп болды, солардың ақыл-кеңесін, тәжірибесін тәлім етті. Ол 1982 жылы облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасы­ның бастығы болып тағайын­да­лып, осы қызметтен құрметті еңбек демалысына шықты. Ернияз Омаровтың медицина саласына сіңірген еңбегі еленіп “Халық­тар достығы”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және бірнеше медальдармен марапатталғанын айтуға тиістіміз.

Ерекең құрметті зейнет демалысы жылдарында да қол қусырып қарап отырған жоқ. Оны облыс дәрігерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде аймағымызда өтіп жатқан әр алуан шаралардың, сан түрлі қоғамдық істердің ең ортасынан көруге болады.

Ернияз Омаров бақытты да берекелі отбасының басшысы, үлкен әулеттің ұйытқысы. Құ­дай қосқан қосағы Қадиша екеуі 55 жыл бірге өмір сүріп, бес перзент тәрбиелеп, олардан он-он бес немере сүйіп отырған жайлары бар. Балаларының төр­­те­уі әке жолын жалғас­тыр­ған дәрігер, олардың екеуі ғы­лым кандидаты. Немерелерінің алды шетелдердің беделді оқу орындарын бітіріп, еңбек етіп жүрсе, кейінгілері мектеп оқу­шы­лары. Бұл реттегі ойға түй­гендерімізді қысқаша қайырар болсақ, Ере­кең өз отбасы мен бауырынан өрген ұрпақтары­ның алдындағы аталық борышын да абыроймен ақтаған адам. Ал өнеге деген, міне, осы.

Әскербек РАХЫМБЕКҰЛЫ.

Қызылорда.