19 Қазан, 2012

Төлен туралы өлең

609 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төлен туралы өлең

Жұма, 19 қазан 2012 7:31

Жетпіс жасқа келгенде,

Төленге мен,

Хат жазбасам болмайды

 

Жұма, 19 қазан 2012 7:31

Жетпіс жасқа келгенде,

Төленге мен,

Хат жазбасам болмайды

Өлеңменен.

Барған сайын –

Тау сынды биіктеген,

Барған сайын –

Теңіздей тереңдеген.

 

Қарсы тұрып,

Ғапылға – ғарасатқа,

Тиіп кетсең,

Бастайды парасатқа.

Ұнатпайтын адамын

Ұрыспай-ақ,

Жібереді мінгізіп ағаш атқа.

 

Төлен, Төлен –

Ұлтына ұран болып,

Өлеңменен

Қосылған бір ән болып.

Домбыра алса қолына

Кетеді екен,

Қаршығадай тұлғасы –

Қыран болып.

Күй тұнады –

Домбыра сағағына,

Мұң тұнады –

Күйшінің қабағына.

Күймен ғана шығарып тынады ақыр,

Бір өксікті тығылған тамағына.

 

Атақ,

Абырой,

Адамға келмес тегін.

Әлі есімде…

Сен онда

Он бесте едің.

Ол бір кезде

Оқушы –

Біздің Төкең,

Жауырынынан түсірді белдескенін.

 

Көрмегенге ол арман –

Ол бір жалған.

Сақта Құдай,

Шалдығып-болдырғаннан.

Оң қолыңды төреші көтергенде,

Өң-жүзіңді көрдім мен бал-бұл жанған.

Әлі күнге сол бір сәт түс пен елес,

Ашық күрес,

Кей сәтте іштей егес…

Содан бері –

Оң жолың болғаннан соң,

Төмен қарай –

Оң қолың түскен емес.

 

Тағылымын тәрк қып,

Тәлімін де,

Енді өзгерді…

Өмірдің мәні мүлде.

Алаңынан сайыстың түскен жоқсың

Келе жатсың күресіп әлі күнге.

 

Боз даласы Торғайдың,

Ақ сағымы,

Жібігендей тағдырдың

 тас тамыры.

Төлен, Төлен…

Өлең боп,

Тал бойыңды,

Тербетіп тұр –

Парасат патшалығы!

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ.