26 Қыркүйек, 2012

Бұқарбай батыр

1928 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұқарбай батыр

Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:10

Батырлығына біліктілігі сай Бұ­қар­бай Естекбайұлы 1812 жылы Қызыл­орда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Жиырма бес жасында сарбаздар сапына қосылған Бұқарбай Кенесары Наурызбай қолы Ақтөбе жерінде, Шал­қарда, Жем, Сыр бойларында отар­шы­ларға қарсы соғыс жүргізген кезде ер­лі­гімен көзге түседі. Балқы Базар:

Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:10

Батырлығына біліктілігі сай Бұ­қар­бай Естекбайұлы 1812 жылы Қызыл­орда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Жиырма бес жасында сарбаздар сапына қосылған Бұқарбай Кенесары Наурызбай қолы Ақтөбе жерінде, Шал­қарда, Жем, Сыр бойларында отар­шы­ларға қарсы соғыс жүргізген кезде ер­лі­гімен көзге түседі. Балқы Базар:

… Ордадан бөкенді айырған
Қанадан асып қайраты
Ерегіскен хандарды
Алтын тақтан тайдырған
Қысқа күнде қырық шапқан
Жанқожа, Есет, Қыстаубай,
Қасым, Сейіл, Бұқарбай,
Сәмет пен батыр Тоғанас!
Солардан да өткен сұм заман! – деп Сыр бойының атақты батырларын жырға қосса, Нысанбай жырау:
«Аянбай бүгін іс көрсет,
Таманың батыр Құрманы.
Кеудедегі шыбын жан-
Ар-намыстың құрбаны!..
Меңдібай, Дулат,Ағыбай
Арғыннан шыққан үш жігіт
Шәкір, Жәуке, Толыбай..,
Аянбай бүгін іс көрсет,
Табыннан Қабан, Бұқарбай!..» деп толғанады.
Бұқарбай тек қол бастаған батыр ға­на емес, сонымен бірге жарлы-жа­қы­байлардың егін егіп, мал бағуына, шаруа­шылықпен айналысуына ұйыт­қы болған адам. Сол үшін ол ұзын­дығы 20-25 шақырымдай, ені 6-7 құлаштық арық қаздырған. Оны ха­лық «Бұқарбайдың ақ арығы» деп атаған және оның бойына егін егіп, мол өнімге қарқ болған. Атақты жазушы І. Есенберлин өзінің «Қаһар» романында Бұқарбайдың шешендігі, домбыра тартып, ән салғаны жайлы да деректер келтіреді.
Бұқарбай Естекбайұлы 1898 жылы Қараөзек бойындағы өз қыстауында қайтыс болады. Артында қалғандар батырды қыстауынан үш шақы­рым­дай жердегі биіктеу төбеге жерлейді. Кейін бұл жер – Бұқарбай қорымы деп аталып кетеді.
Кезінде батырдың өзі пайдаланған бес қаруы, туы, мөрі қолдан қолға ауысып, немерелеріне жетті. Мәселен, мөрі аудандағы №123 орта мектептің қызметкері Қалдан Ахметбаев та болса, туын шөпшегі Григорий Опабеков сақтап келеді. Үлкендігі ер кісінің бас бармағындай күмістен құйылған дөң­гелек мөрдің ортасында арабша «Бұ­қар­бай» деп жазылған.
Бұқарбайдың 8 баласы болған. Олар: Арыстан, Қожбан, Томан, Әл­ма­ғамбет, Қайырлап, Көтібар, Алданазар, Зылиха, соңғы үшеуі Шынардан туған. Қазір Көтібар, Алданазар, Томан деген балаларынан ұрпақ бар.
Батырдың ең үлкен баласы Кө­ті­бар отыз жылға жуық Қостанай, Тор­ғай өңірінде болыстық билік құрған. Сыр бойында аз болған. 63 жасында Шотан деген жерде қайтыс болып, сүйегі әкесінің қасына, Бұқарбай қо­рымына жерленген. Ал Алданазар би 84 жыл өмір сүрген. Оның да денесі Бұқарбай қорымында.
Биыл Бұқарбай батырдың туға­ны­на 200 жыл толады. Осыған орай жерлестері есімі мәңгі ұмытыл­май­тын батыр бабаларын тағы бір еске алып, ерлігіне тағзым етпек.
Батыр жөніндегі әңгімемізді ақын Әбділда Тәжібаевтың:
«Кенесары ханмен бір болған,
Нысанбайға жыр болған,
Қиын-қыстау сәттерде,
Еліне қалқан ту болған
Елі үшін ғана еңіреген,
Жасқанып жаудан көрмеген,
Жауына найза сермеген
Бұқарбай батыр нағашым» – деген жыр жолдарымен сақтауды жөн көріп отырмыз.
Сейдахмет МАҚСУДОВ, 
зерттеуші.
Шыңғыс АЙБОСЫНОВ, 
Қазақстан 
Журналистер одағының мүшесі.
Қызылорда облысы.