10 Мамыр, 2012

Біздің боксшылар биіктен көрінді

666 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Біздің боксшылар биіктен көрінді

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 6:42

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін бокстан ересектер арасында өткен дү­бірлі дода аяқталды. Он салмақтың жетеуінде қан­жы­ғаға ­алтын байлаған біздің жігіттер жақсы көрсет­кішпен алға озды.

Екі жылда бір рет өтетін бұл ха­лық­ара­лық турнир бұған дейін 2006, 2010 жылдары Астана қаласында ұйымдас­ты­рыл­ған еді. Бұл жолғы жекпе-жектердің бас­ты ерекшелігі, Лондон Олимпиадасы қарсаңында ұйымдастырылуы болып отыр. Байрақты бәсекеге Қазақстан құра­масы мен Алматы қаласы жеке командамен қатысты. Алты күн бойы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын керемет жекпе-жектермен думанды еткен ха­лық­аралық жарыстың жеңімпаздары да анықталды.

 

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 6:42

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін бокстан ересектер арасында өткен дү­бірлі дода аяқталды. Он салмақтың жетеуінде қан­жы­ғаға ­алтын байлаған біздің жігіттер жақсы көрсет­кішпен алға озды.

Екі жылда бір рет өтетін бұл ха­лық­ара­лық турнир бұған дейін 2006, 2010 жылдары Астана қаласында ұйымдас­ты­рыл­ған еді. Бұл жолғы жекпе-жектердің бас­ты ерекшелігі, Лондон Олимпиадасы қарсаңында ұйымдастырылуы болып отыр. Байрақты бәсекеге Қазақстан құра­масы мен Алматы қаласы жеке командамен қатысты. Алты күн бойы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын керемет жекпе-жектермен думанды еткен ха­лық­аралық жарыстың жеңімпаздары да анықталды.

Біздің боксшылар 10 салмақ бойынша күш сынасып, оның жетеуінде алтын алқаға ие болса, қалған жүлделерді Куба мен Сирия спортшылары бөлісті. Біздің ойымызша, Президент кубогын сарапқа салған осы сайыс Олимпиада қарса­ңын­да өте сәтімен ұйымдастырылып отыр. Күні ертең төртжылдықтың басты бә­секесінде кубалықтармен қолғап түйіс­тіретініміз тағы да анық жәйт. Яғни, Бостандық аралы боксшыларының қа­­рым-қабілетін тағы бір байқап көруге таптырмайтын мүмкіндікке ие болды біздің спортшылар. Бәсекеге он ел қа­тысқанымен, Украина мен Ресей қосал­қы құрамын жіберген соң, басты назарымыз Куба боксшыларында болғанын жасырмаймыз. Әуелден қаракөз қазақ баласына қара түсті қарсыластың шаршы алаңдағы нағыз бәсекелеске айналғаны рас.

Жарыстың соңғы күні, финалдық кез­десудің шымылдығын 49 кило сал­мақ­тағы Куба боксшысы Йосвания Вейтиа мен үндістандық Девендро Сингхтың арасындағы жекпе-жек ашып, 4:4 есебі­мен тең түскен екі жас перінің арасында кубалықтың бағы жанды. Ұпай санымен Йосвания Вейтиа жеңімпаздар тұғырына көтерілді. Айта кету керек, үнді Сингх өзінің болашағы жарқын боксшы болуға лайық екендігін әбден дәлелдеп үлгерді бұл турнирде.

52 кило салмақтағы қос қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов пен Мирас Жақыповтың арасындағы кездесу де мейлінше тартысты өткен ойын болды. Жартылай финалда Куба боксшысын қуалап жүріп сабаған Мирас финалда екі раунд бойы Ілиястан соққы жеді. Тек шешуші раундта ғана тынысы ашыл­ған­дай болғанымен, алдыңғы ойын есебі бойынша Сүлейменов жеңісті олжалап кетті.

56 кило салмақтағы Қанат Әбутәліпов – Лазаро Альварес Эстрадо арасындағы кездесу жанкүйер біткеннің делебесін қоздырып, намысты жаныған нағыз майдан болды. Бакуде өткен әлем чемпио­натының алтын жүлдегері Лазаро Альварес Эстрадоны ә дегенде Әбутәліпов қар­ша бораған соққының астына алды. Сөй­тіп, бірінші раундта Қанат 7:3 есе­бімен алға шықты. Алайда, соңғы екі раундта Эстрадо ес жиып, біздің жігітте кеткен есесін еңсере қайтарғаны рас. Электронды тақтадағы ұпай саны 17:17 болған кезде бәріміз жеңісті кубалық шеберге беріп қойғандай едік. Бірақ ком­пью­тер­дің есептеуі бойынша Қанат жұмсаған дәл соққылары бойынша алға шығып, жеңіске жетті. Бұл шешімге риза болма­ғандай Эстрадо да сұқ саусағын аспанға кезеп, басын шайқай берді.

60 кило салмақта Ғани Жайлауов пен Ясниер Толедо Лопес кездесті. Бұл жолы да біздің Жайлауов Лопестен 8:12 есебімен жеңіліп қалды. Бакудегі жеңіліс өз алдына, туған жердің топырағын басып тұрып жеңілістің ащы дәмін тату қиын болды біздің жас боксшыға. Келесі 64 кило салмақта тағы да қос жерлесіміз Әсет Қасымов пен Алмазбек Әлібеков күш сынасты. Алғашқы раундта көп терлемей-ақ алға озған Алмазбекті соңғы раундтарда Әсет айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 10:7.

Ұлттық құраманың капитаны, екі дүр­кін әлем чемпионы, әлем чемпиона­ты­­ның күміс және қола жүлдегері Серік Сәпиев өзінің 69 кило салмақта дара бокс­­шы екендігін тағы бір дәлелдеді. Қар­сыласы Бақытжан Қожабековті үш раунд бойы ес жидырмай, 16:5 есебімен жеңіп, тағы да ел алдында мерейін асырды.

75 кило салмақта Олимпиадаға жолдама алған Данабек Сужанов пен Нұр­дәулет Жарманов кездесті. Данабектен дене бітімі ірі Нұрдәулет алғашқы айналымда үш ұпай айырмасымен алға шық­қан. Екінші раундта есеп теңестірген Данабек соңғы раундта жеңіске жету үшін көп тер төккені анық байқалды. 12:9 есебімен жеңген Сужановтан алда да үмітіміз зор.

Әділбек Ниязымбетов пен Хулио Лакруз арасындағы жекпе-жек 81 кило салмақтағы кездесулердің ішіндегі ең бір тартысты өткені болды десек, әсте қателеспейміз. Алғашқы екі раундта ұпай санымен алға озған Әділбек соңғы раундта біраз соққының астында қалғандай болып еді, алайда қорғаныста тұрып-ақ діттеген жерін дәл көздеген екен. 16:10 есебімен таза жеңіске жетті.

91 кило бойынша шаршы алаңға шыққан Мохаммед Гассоун мен Арбек Әбдіғаниевтің арасындағы кездесу Сирия боксшысының есебіне жазылды. Үлкен рингтерде пісіп-жетілмеген Арбек үшін бұл да сабақ. Финалдың ең қызық та шешуші айқасы қос алып Иван Дычко мен Эрисланди Савон арасындағы кездесу болды. 91 килодан жоғары салмақтағы екі дәу бірін бірі сұлатып салмаса да, көп аңдысып жүріп соққы жұмсағандарының өзі көрер көзге бір қызық.

Үшінші мәрте өткізіліп отырған Президент кубогына нүкте қойған бұл жекпе-жекте Иван Дычконың бабы да, бағы да озды. Жеті алтынға ие болған біздің боксшыларымыз қазақ бокс мектебінің абыройын сақтап қалды.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.