18 Мамыр, 2012

Қыздарға алтын жарасады

408 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қыздарға алтын жарасады

Жұма, 18 мамыр 2012 7:33

Ұлттық лигадағы әйел­дер командалары арасында өткен ел чемпионатында пав­­лодарлық «Ертіс-ПМХЗ» баскетболшы қыздары тағы да жеңіске жетті. Команда осымен 13-рет алтын медаль иеленді.

Баскетболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өткен ХХ ел чемпионаты былтыр қазан айында басталып, жақында мәреге жеткен еді. Жарысқа «Астана-тайгерс-КАТУ», «Алматы», «Оқжетпес», (Көкшетау), «Тараз» және «Ертіс-ПМХЗ» сияқты бес команда қатысты. Жалпы, «Ертіс» деп аталатын жергілікті әйелдер баскетбол командасы 1986 жылы құрылды.

Команда 2002, 2005, 2007 жылдары ел кубогын жеңіп алды. «Ертіс-ПМХЗ» Ресейдің Сібір мен Қиыр Шығыс, жоғары лига командалары арасындағы чемпионатын үш дүркін жеңіп алды, Орталық Азия ойындарының, Азия чемпионатының «Б» тобы командалары арасында екі дүркін жеңімпаз (2003, 2005 жж.) болды.

– Қазір «Ертіс» атауын алған бұл баскетбол қыздар командасы елімізге белгілі. Команда жаттықтырушыларының да еңбегі зор. Ал қыздарға алтын ғана жарасады,– деді спортшыларды құттықтаған облыс басшысы Ерлан Арын. Облыс әкімі әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатында жеңіске жеткен командаға демеушілік қолдау көрсетіп келе жатқан «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ, оның басшысы Шухрат Данбайға, команданың бас жаттықтырушысы Сергей Серіковке, жаттықтырушы Валерий Тарасовқа Алғыс хаттар табыс етті.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар.