22 Мамыр, 2012

Бейбітшілік символы

2763 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бейбітшілік символы

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 6:40

Демалыс күндері елімізде Ұлттық олимпиада комитетіСпорт жәнедене тәрбиесі істері агенттігіАстана және Алматы қалалары меноблыс әкімдіктерінің ұйымдастыруымен және «Қысқы Азиа ойындары2011 дирекциясы» МКҚК, «Кока-Кола» және «Proctor&Gamble»компанияларының қолдау көрсетуімен Жазғы Олимпия ойындарынабайланысты жыл сайын дүние жүзі бойынша осы уақытта өткізілетіндәстүрлі «Олимпиада күні» ұйымдастырылды.

 

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 6:40

Демалыс күндері елімізде Ұлттық олимпиада комитетіСпорт жәнедене тәрбиесі істері агенттігіАстана және Алматы қалалары меноблыс әкімдіктерінің ұйымдастыруымен және «Қысқы Азиа ойындары2011 дирекциясы» МКҚК, «Кока-Кола» және «Proctor&Gamble»компанияларының қолдау көрсетуімен Жазғы Олимпия ойындарынабайланысты жыл сайын дүние жүзі бойынша осы уақытта өткізілетіндәстүрлі «Олимпиада күні» ұйымдастырылды.

Олимпиада күнін өткізу дәстүрінің ұзақ жылдық тарихы бар. Алғаш рет ол 1948 жылдың 23 шілдесі күні Халық­ара­лық олимпиялық комитетінің шешімімен өтсе, 1987 жылдан бастап оған «Олимпия­лық жүгіру күні» деген атау беріліп, дәс­түрлі түрде өткізіліп келеді. Мұндай спорт­тық шаралар әлемнің түкпір-түкпі­рінде атап өтілуде және оған жас шамалары мен көзқарастары әртүрлі миллион­да­ған адам­дар қатысуда. Бұл шара қазіргі заман­ғы Олимпизмнің қайта өрлеуі мен спорт және саламатты өмір салтын наси­хаттауға мүмкіндік беретін спорттық мереке болып саналады.

Биылғы «Дүниежүзілік Олимпиада кү­ні» еліміздің барлық өңірлерін қамтыға­нымен, оның негізгі жарыстары Астана және Алматы қалаларында өткізілді. Ас­та­на қаласында Олимпиада күні Қ.Мұ­ң­айт­пасов атындағы Орталық стадионда өтсе, Алматыда халық Астана алаңында өткен жүгіру жарысына жиналды. Сенбі күні елордада өткізілген Олимпиада кү­ніне бар­лық жастағы астаналықтар мен қала қо­нақ­тары 400 метр қашықтыққа жү­гіруге қа­тыс­са, үлкен сыныптағы оқушы­лар мен сту­денттер «2012 жылғы Лон­дондағы Олим­пиялық ойындары» олим­пиадалық викторинасында, ұлттық спорт түр­лерінен, дро­тик­­тер­ді лақтыру, үстел тен­нисі, ойыншық садақ­тан ату және басқа да спорт түрле­рі­нен өткен жарыстарда күш сынасты.

Осы күні мүмкіндіктері шектеулі аза­маттарға Олимпиада күнін мерекелеп, жарысқа қатысуға мүмкіндік жасалса, 5-10 жастағы балалар үшін «Олим­пия­лық жарыстар» атты тақырыпқа асфальт­тағы суреттердің байқауы өткізілді. Аталған шараға Спорт және дене тәр­биесі істері жөніндегі агенттігі төраға­сының орынбасары Елсияр Қанағатов, Ұлттық олимпиада комитетінің Астана қалалық бөлімшесінің төрағасы Қуандық Елжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Олимпиаданың күміс жүл­дегері Георгий Цурцумия мен түрлі сындарда шаршы алаңда ел намысы үшін біраз тер төккен Нұржан Кәрімжанов пен басқа да спортшылар қатысып, көпші­лік­пен әңгі­ме­лесіп, өткен өмір жолдары туралы сыр бөлісті.

Агенттік төрағасының орынбасары Е.Қанағатов жарыстың ашылу салтанатында бұл шараның мақсаты – Олимпиада қозғалысының дәстүрін жалғастырып, халық арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамы­ту­ға атсалысу, дей келіп, осындай жұрт­шылықты бірлікке шақырып, бір алаңда ұйыстыратын жарыстардың елімізде одан әрі жалғасатынын, соның ішінде демеу­ші­лердің қолдауымен алдағы кезде бұқа­ра­лық іс-шаралар өткізіле беретінін атап өтті. Осы орайда Олимпиада күнін өткі­зуге «Кока-Кола» және «Proctor&Gamble» компанияларының қолдау көрсеткенін, мерекенің лайықты өтуі үшін халыққа өз өнімдерін тегін таратқандарын атап өтуге болады. Мұнда жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы жүлделер мен естелік сыйлықтар, Олимпиада символикасы бар майкалар табыс етілді.

Осы күні Астанадағы шараға 7 000-нан астам адам, ал Алматыдағы жарыстарға 10 000-нан астам халық қатысты.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».