22 Мамыр, 2012

Жарысқа қатысыңыздар

425 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жарысқа қатысыңыздар

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 6:43

26-27 мамыр күнде­­рі Астана қаласында ша­ғын футболданот­­­ба­сы­лық «Бір ата­ның ба­лалары футбол ойнайды» дегенатаумен рес­пуб­лика­­лық жарыс өтеді.

Естеріңізде болса, осындай атауды иеленген жарыс біраз жылдар дәстүрлі түрде өткі­зіліп тұрды. Тіпті, бұл жарыста еліміздің әр өңірінен 60-қа жуық команда қатысып, нөмірі бірінші спорт түрінің көрігін қыздыратын. Бұл жарыстың негізгі мақсаты – спортты насихаттап, шағын футболдағы команда арқылы бір­лік, отбасына құрмет және елдік патриотизмге тәрбиелеу. Өкінішке қарай, соңғы 7-8 жылда жарыс уақытша тоқтап қалған болатын. Сол үрдіс биыл қайта жалғасын тауып, турнирдің бойына қайта қан жүгіргелі тұр.

Турнирге жіберілудің басты шарты – әр команда «Sport» немесе орыс тіліндегі «Спорт» газетінің бес данасын бір жылға жазғызып алу­лары керек. Жарысқа осылайша жолдама алуға болады. Команда құрамына шек қойыл­майды. Тек ойыншылардың фамилиялары бір­дей болулары керек. Яғни, атасы, баласы, не­ме­ресі, шө­бересі, т.с.с. Жиендер командаға кіре алмайды. Олар өз аталарының командасын құра алады.

Тағы бір атап өтерлік жәйт, командаға қыз баланы қосамын десе, қарсылық жоқ. Егер бір баланың фамилиясы өзге болып жазылса, онда дәлелдеуші құжаттар арқылы ол баланы командаға қосуға болады. Алаңда төрт адам, қақпада бір адам – командада бес адам ойнайды. Жеребе тарту рәсімі 25 мамыр күні өтеді.

Өтетін уақыты: 26-27 мамыр.

Астана. «Алатау» спорт кешені.

Жарыстың салтанатты ашылуы: сағат 12.00-де.

Жеребе тарту рәсімі 25 мамыр күні «Алатау» спорт кешенінде сағат 19.00-де өтеді.

Телефондар: 8(7172) 57 79 23,

факс: 8(7172)577914.

E.mail: [email protected]

_____________________

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».