22 Мамыр, 2012

Судьялар спартакиадасы

407 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Судьялар спартакиадасы

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 6:45

Жуырда «Локомотив» стадионында Қызылорда облыстық соты менСудьялар одағының облыс­тық филиалының ұйым­дас­тыруымен ҰлыЖеңіс­тің 67 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арнапсаламатты өмір салтын қалыптастыру мақса­тын­да судьялар менсот қыз­меткерлерінің арасында спорттың бес түрінен спар­такиадаөткізілді.

 

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 6:45

Жуырда «Локомотив» стадионында Қызылорда облыстық соты менСудьялар одағының облыс­тық филиалының ұйым­дас­тыруымен ҰлыЖеңіс­тің 67 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арнапсаламатты өмір салтын қалыптастыру мақса­тын­да судьялар менсот қыз­меткерлерінің арасында спорттың бес түрінен спар­такиадаөткізілді.

Оған Қызылорда маман­дан­дырылған ауданаралық экономи­калық соты және мамандан­ды­рылған әкімшілік соты, Қызыл­орда облысының кәмелетке тол­мағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының «Сұңқар» командасы, облыстық қылмыстық істер жө­ніндегі мамандандырылған ау­дан­аралық сотының «Айбын» коман­дасы, Қызылорда қалалық соты және №2 Қызылорда қалалық сотының «Қанағат» командасы, Жалағаш, Шиелі, Сырдария, Жаңақорған аудандық сотта­ры­ның «Тура би» командасы және Арал, Қазалы, Байқоңыр, Қар­мақшы аудандық соттарының «Барыс» командалары болып шағын футбол, эстафеталық жарыс, гир көтеру, арқан тарту және ұзақ қашықтыққа жүгі­ру­ден бақ сынасты.

Спартакиаданы Қызылорда облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы Қ.Адра­нов ашып, қатысушыларды Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс­тің 67 жылдығымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Спортшылар әуелі теңбіл доп тебу сайысынан сынға түсті. Бұл тартысты жарыста «Айбын» командасы І орынды иеленсе, ІІ орын­­ға «Қанағат» командасы, ІІІ орын­ға «Тура би» командасы ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қалалық соты­­ның судьясы С.Абдиканов үздік шабуылшы, облыстық соттың судьясы А.Ерманов үздік қор­ғау­шы, Жалағаш аудандық сотының судьясы А.Мизанбаев үздік қақ­пашы атақтарына ие болды.

Ал эстафеталық жарыстан «Сұңқар» командасына жетер жүйрік болған жоқ. Қалған ІІ және ІІІ жүлделі орындарды «Ай­бын» командасы мен «Қа­нағат» командасы қанағат тұтты.

Содан кейінгі арқан тарту сайысынан «Барыс» командасы күштілік танытып І орынды иеленсе, намысты қолдан бермей ІІ орынды «Тура би» командасы алса, ІІІ орынға «Сұңқар» командасы табан тіреді.

Ұзақ қашықтыққа жүгіру са­йы­сы бойынша «Қанағат» коман­дасынан Әйгерім Нәкиева мәре сызығына бірінші болып келсе, ІІ-ІІІ орындар «Сұңқар» командасынан Диана Құрман­ға­зы­қы­зына, «Қанағат» командасынан Жазира Жаналиеваға бұйырды.

Барлық спартакиадаға қаты­су­шы спортшылар арнайы дай­ын­далған медальдар, кубоктар және дипломдармен марапатталды.

Шара ұйымдастырып өткі­зу­ге мұрындық болған Судьялар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жанат Бекжанов спартакиаданың саламатты өмір салтын қалып­тас­ты­рудағы маңыздылығын атап өтті.

Ғанибет ИБНАЖИПОВ,

Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы.

Соңғы жаңалықтар