24 Мамыр, 2012

Тағы бір төрешіміз бар

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тағы бір төрешіміз бар

Бейсенбі, 24 мамыр 2012 7:40

Жақында елімізден Лондон Олимпиадасында тағы бір отандасымыздың төрелік жасайтыны белгілі болды.

Ол – спорттық гимнастикадан КСРО спорт шебері, 2005-2008 жылдары спорт­тың осы тү­рі­нен Қазақстан ұлттық құра­масының бас бапкері болған жоғары дә­режелі жаттықтырушы Тимур Әмірбеков. Тимур Шертайұлы – спорт­тық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт ше­берлері – Тимур Құрбанбаев, Ильдар Валеев, Максим Петришко, Станислав Валиевті дайын­даған маман. Қазіргі кезде осы спортшылар ұлттық-штаттық коман­да­ның құрамына кіреді.

Тимур Әмірбеков бұған дейін де Олимпия ойындарының төрешісі болғаны бел­гілі. Ол – 2004 жылы Афинада өткен Олимпиадада Қазақ­станның атынан тө­релік жасаған санаулы ма­мандардың бірі. Ал оған дейін оның шәкірт­тері Ильдар Валеев пен Тимур Құрбанбаев Азия чемпионы мен Азия ойын­дарының қола меда­ліне ие болды. Сол сияқ­ты 2010 жылы Станислав Валиев, Ильдар Валеев та құрлықтық ойын­­дар­дың қола ме­да­лін иеленсе, Максим Петришко Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.

Ал биылғы Лондонда өтетін Олимпия ойындарына аталған мектептің оқушысы Әзімбай Мөлдір қатысады.

Тимур Әмірбеков 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін гимнастикадан ОҚО ОРМБЖМ ММ директоры болып жұмыс істейді.

Дастан КЕНЖАЛИН,

“Егемен Қазақстан”.