29 Мамыр, 2012

Жарыста қос жеңімпаз

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарыста қос жеңімпаз

Сейсенбі, 29 мамыр 2012 7:38

«Pro Team Astana» коман­дасының чехиялық өкілі Роман Кройцигер Giro d’Italia көпкүндігінің жексенбі күні Аппенин түбегінің Альпе ди Пампеаго елді мекенінде аяқ­талған 19-шы кезеңінің жеңімпазы атанды. 

Мұның алдында Рока ди Камбио елді мекенінде жа­рыс­тың жетінші кезеңінде ита­лиялық велошабандоз Паоло Тиралонго мәре сызығын бас­қа­лардан бұрын кесіп,

Сейсенбі, 29 мамыр 2012 7:38

«Pro Team Astana» коман­дасының чехиялық өкілі Роман Кройцигер Giro d’Italia көпкүндігінің жексенбі күні Аппенин түбегінің Альпе ди Пампеаго елді мекенінде аяқ­талған 19-шы кезеңінің жеңімпазы атанды. 

Мұның алдында Рока ди Камбио елді мекенінде жа­рыс­тың жетінші кезеңінде ита­лиялық велошабандоз Паоло Тиралонго мәре сызығын бас­қа­лардан бұрын кесіп, Джиро бәйгесіндегі екінші үлкен же­ңісіне жеткен болатын. Сол кезде ол Макуньяга деген тау­дың етегінде жатқан ауылдың маңында жарыстың 19-шы ке­зеңінің жеңімпазы болғанын бі­леміз. Осы екі же­ңіс «Pro Team Astana» ко­ман­дасының биылғы жылғы же­тіс­тіктерін еселетті. Есте­рі­ңізде болса, жыл басынан бері өткізілген Каталония турында Яни Брайкович, Амс­тел Голд Рейсте Энрико Гас­па­­ротто және Льеж-Бастонь-Льеж жарысында Мак­сима Иг­лин­ский жеңімпаз атанған еді.

Giro d’Italia велобәйгесі жек­сенбі күні мәресіне жетті. Онда Gamin-Barracuda ко­ман­да­сының өкілі канадалық Рай­дер Хесйедал күтпеген жер­ден көп­күндіктің же­ңім­па­зы атанды.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».