30 Мамыр, 2012

Алаңда – бір атаның балалары

419 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алаңда – бір атаның балалары

Сәрсенбі, 30 мамыр 2012 7:43

Жақында Астанада «Бір атаның балалары футбол ойнайды!» отбасылық тур­нирі қайта жалғасын тапты.

Бұл турнир алғаш рет 2001 жылы Алматыда белгілі жазушы, спорт журналисі Несіп Жүніс­бай­ұлының бастамасымен жалау жел­біреткен болатын. Оған елі­міздің түкпір-түкпірінен командалар қа­тысып, бірнеше күн бо­йы жа­­рыстың көрігін қыз­ды­ратын. Сол кездегі турнирге қазір Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы болып жүрген Жам­­был Көкеев, Мұрат Тілешев сияқты ойыншылар да қатысып, шірене доп теп­­кенін білеміз.

Сәрсенбі, 30 мамыр 2012 7:43

Жақында Астанада «Бір атаның балалары футбол ойнайды!» отбасылық тур­нирі қайта жалғасын тапты.

Бұл турнир алғаш рет 2001 жылы Алматыда белгілі жазушы, спорт журналисі Несіп Жүніс­бай­ұлының бастамасымен жалау жел­біреткен болатын. Оған елі­міздің түкпір-түкпірінен командалар қа­тысып, бірнеше күн бо­йы жа­­рыстың көрігін қыз­ды­ратын. Сол кездегі турнирге қазір Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы болып жүрген Жам­­был Көкеев, Мұрат Тілешев сияқты ойыншылар да қатысып, шірене доп теп­­кенін білеміз. Өкі­нішке орай баршаны баураған турнир 2005 жылы тоқ­тап қалды. Енді, міне, сол дәс­түр биыл қазақ және орыс тілд­е­рін­де шыға­тын «Sport» және «Спорт» газетте­рі­нің ұйымдас­ты­руы­мен қайта жал­ғасын тауып отыр.

Биылғы жарыс Астананың «Ала­тау» спорт кешенінде өтіп, екі күн бойы жалғасты. Оның ашылу салтанатында осы тур­нир­ді ұйым­дастырушы жоғарыда атал­ған газеттердің бас-дирек­то­ры-бас редакторы, Қазақ­стан Республикасына еңбек сіңір­ген қайраткер Несіп Жүнісбайұлы, Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агент­тігінің жауапты хатшысы Әлішер Пірметов, Қазақ­стан Республикасы Президенті жа­нындағы Әйел­дер ісі және отба­сылық-демо­гра­фиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комис­сия­ның мүшесі Наталья Сухорукова, Астана қаласындағы №8-ші спорт мектебінің директоры Жомарт Са­быржанұлы, белгі­лі журналист Дүр­әлі Дүйсебай, «Нұр Астана» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков, кезінде футзалдан еліміз құрамасының намысын қорғап, үздік шабуылшы атанған Қазақстан Футбол федерациясы Спорттық директо­рының орынбасары Қанат Мұ­са­таевтар сөз алып, турнирдің бұ­қаралық спортты да­мытудағы, халық арасында саламатты өмір салтын қалыптас­тыру­дағы рөлі туралы айтып, оның мән-ма­ңы­зына тоқталып өтті.

Бір атаның балалары футбол ойнайды» тур­­­­ниріне биыл «Proc­tor& Gamble» компаниясының қол­­дау көрсетке­нін атап өткеніміз жөн. Бұл компания бұған дейін өткен Олимпиада күнінде де Спорт және дене тәрбиесі істері жөнін­дегі агент­тігіне, Ұлттық олимпия­лық комитетке, жергі­лік­ті әкімдік­терге қолұшын созып, жарыс­тарға қол­дау көрсеткен болатын. Жарысқа 14 команда қа­ты­сып, күш сынасты. Онда А тобында «Пірметовтер», «Күншы­ғаров­тар», «Тілешовтер» және «Қожах­метов­тер» әулеті жа­рысқа шықса, В тобында «Лесбаевтар», «Жа­қып­бай ата ұрпақ­тары», «Көке­ев­тер» жә­не «Жү­ніс­бай ата ұрпақ­тары» бақ сынады. Ал, С тобында «Қожа­бе­ков­тер», «Қорабаев­тар», «Тәжиев­тер» және «Байғазы ата ұрпақ­тары» алаңға шықты. Соңғы D тобында «Ескекбаевтар», «Ор­аз­бековтер», «Сәрсембековтер» өнер көрсетті. Жарыс 3 тур бойынша өтіп, өз топтарында алғашқы екі орынды алған командалар ширек финалға шығуға мүмкіндік алды. Мұнда жеті жасар баладан жасы жетпіске келген азаматтарға дейін ойын өрнегін көрсетті.

Сөйтіп, екі күнге созылған жа­рыстың финалында өз топтарында қарсыластарының бәрін жеңген «Күн­шығаровтар» мен «Сәрсем­­беков­­тер» команда­лары­ның жолы түйісті. Кездесу өте тартысты өтті. Негізгі уақытта есеп ашылмай, жеңімпаз пенальти соғу нәтижесі бойынша аны­қ­талды. Сөйтіп, «Сәр­сембеков­тер» командасының бағы жанды. Үшінші орын Лесбаевтар отбасына бұйырды. Осылайша, Алматы облысы, Еңбек­шіқазақ ауданы, Қорам ауылынан ат терлетіп келген Сәр­сем­­бе­ков­тер отбасының ко­мандасы биыл­ғы жылдың же­ңім­пазы атанды.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан».