Жолың болсын, Влад!..
Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:11
Бұған дейін біз елімізде өткен Қысқы Азия ойындарының алауын алып жүрушілердің қатарында нысана көздеу түрі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері, жерлесіміз Вячеслав Подлесныйдың да болғанын білеміз. Өткен жыл да ол үшін жеңісті болды. Вячеслав алғаш рет Германияда өткен әлем чемпионатына қатысып, қола жүлденің иесі атанды. 2005 жылы спорттың нысана көздеу аталатын түрінің бірі – жел үрлейтін қарумен оқ ату бойынша Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын жүлдеге, ал 2006 жылы әскери қарудан оқ ату бойынша еліміздің Ішкі істер министрлігінің чемпионы атанды.

Біз Владты жаттығу залынан кездестірдік. Үлкен әлемдік жарысқа бара жатқан спортшының ырымдап қолын алдық. Сәт сапар тіледік. Қанша жерден чемпион, атақты болса да, қарапайым, көп сөзге жоқ, ойлы, жылы жүзді жігіт екен.
– Жеңіске деген үмітім бар. Қай жеңіс болмасын оймен, ойланумен, жаттығумен, ізденіспен келетіні сөзсіз. Жаттықтырушымның, жерлестерімнің үміті ақталады деп ойлаймын. Мен өзіме сенемін, – дейді Влад.
Облыс орталығындағы ұлттық спорт мектебінің бапкері Сергей Дрешердің айтуынша, қазір Влад алда болатын бүкіл әлем көз тігетін жарысқа күн сайынғы дене жаттығулары мен ой-өріс, психологиялық тұрғыдан дайындалуда. Сонымен қатар, Лондонға аттанбас бұрын Алматыда өтетін нысана көздеуден болатын ел чемпионатына қатысады. Әрине, қайсы жарыс болмасын спортшы үшін сын. Сондықтан да Алматыда өтетін жарыс алыс жолға барар алдындағы тағы бір шыңдалатын мектеп сияқты.
Вячеслав Подлесный Павлодар қаласында туып-өскен. Облыс орталығындағы №36 мектепті бітірген. Машина-техникалық колледжін бітірген соң, әскер қатарында болды, одан кейін ішкі істер саласында қызмет жасады. Бұл күнде спортқа біржолата ауысқан. Жасы 35-те.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.