26 Маусым, 2012

Шын жүйріктер шығандап шықты

359 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Шын жүйріктер шығандап шықты

Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:27

Еуропа чемпионатында өткен аптаның соңғы үш күнінде ширек финалдың қалған үш ойыны ойналып, жартылай финалдық төрттіктің ұзын-ырғасы түгенделді. Осы аралықта әдепкі Португалияның қатарына Германия, Испания және Италия құрамалары келіп қосылды. Жанкүйер қауым турнирдегі шын жүйріктердің кімдер екенін енді толық білді.

 

 

Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:27

 

Еуропа чемпионатында өткен аптаның соңғы үш күнінде ширек финалдың қалған үш ойыны ойналып, жартылай финалдық төрттіктің ұзын-ырғасы түгенделді. Осы аралықта әдепкі Португалияның қатарына Германия, Испания және Италия құрамалары келіп қосылды. Жанкүйер қауым турнирдегі шын жүйріктердің кімдер екенін енді толық білді.

Германия-Грекия – 4:2. Бұл матч­та «неміс мәшинесінің» ме­рейі үстем болатынына жұрттың көбі шүбәланған жоқ. Гәп тек ойынның қандай есеппен аяқ­талатынында ғана болды. Айтатыны жоқ, Йоахим Левтің шә­кірттері турнир басталғалы бар­лық құрамалардың арасында ең тәуір ойын көрсетіп келді. Ал гректердің плей-оффқа шы­ғуы­ның өзі олар үшін зор табыс.

Матчтың алғашқы минуты­нан-ақ оның қандай арнада өр­би­тіні белгілі болды. Допты бір­ден ба­уырының астына қарай тартып алған «бундестим» Михалис Сифакистің қақпасын жан-жақ­тан қыспаққа алуға кірісіп кетті. Бұл тұстары старттық құ­рамда күтпеген жерден көрінген Марко Ройс, Мирослав Клозе, Андре Шюррле үлкен белсен­ді­лік танытты. Бұлардың бірін­шісі тіпті матчтың ең үздік ойыншысы да атанды. Сол Маркода үзі­ліске дей­ін кемінде үш рет гол соғу мүмкіндігі болды. Ал осы­лар­дың бәрінің өтеуі сынды ет­іп, команда капитаны Филипп Лам­ның «тоғыздыққа» гол салуы керемет әдемі көрініс әкелді.

Екінші таймда гректер сирек те болса шыққан қарсы шабуылдарын барынша тиімді пайдаланып қалуға тырысып бақты. Бұл мақсат көп ұзамай жүзеге де асты. Құйындай ұйытқыған сондай шабуылдардың бірінде Гиоргос Самарас қақпа алдындағы аздаған абыр-сабырды тамаша пайдаланып кетті. Алайда, «Эллада жұрты жұрағаттарына» бұл тепе-теңдік жағдайды ұзақ ұс­тап тұрудың орайы келмеді. Бар болғаны бес минуттан кейін Сами Хедира өз командасының орасан зор басымдығын тағы бір голмен айшықтап берді. Бұ­дан әрі бір жақты соққылау бас­талды. Соның нәтижесінде чем­пионат басталғалы Мирослав Клозе матчтағы жеңімпаз­дың кім болатынын біржола шешіп қойды. Тағы біршама мезгілден соң Марко Ройс немістер салған голдар санын төртеуге жеткізді. Кездесу осымен бітуге қараған шақта гректер жасаған соңғы қарсы шабуыл кезінде германия­лықтар қорғаушысы өз айып алаңында допты ұстай алды. Пенальти. Оны бұл жолы гректер құр жібермеді.

Испания-Франция – 2:0. Матч­­тың басында бұл құра­ма­лардың осыған дейінгі ресми кездесу­лерінің бәрінде фран­цуз­дардың десі басым болып кел­гені талай айтылды. Осы статистика екі жаққа да айтарлықтай әсер етті. Француздар үшін сол дәстүр сақталып қалатындай көрінсе, испандарға бұл сеңнің көбесін сөгу басынан жоғары секірумен бірдей болып сезілді. Бұл екі жақты да шамадан тыс толқы­тып жіберді.

Өздерінің мыстары басып тұрғанын сезген Лоран Блан ойын басталғаннан мұқият қорға­ныс сәтіндегі жоғары прессинг пен жылдам жауап қайтаруға көбірек көңіл бөлді. Ал испандар ойын тізгінін бірден қолға алғаннан артық айланың жоқ екенін тез ұқты. Француздар көпке дейін қорғаныс жағына ыждағатты болғанымен, жылдам жауап жағын оншама көк­тете қоймады. Мұның есесіне, испандар барған сайын өз-өздеріне деген сенімге тереңірек ұйып, жойқын жорықты жиіле­туге көшті. Мұның ақыры қарсы қақпаны алуға да жеткізді. Қорғаушы Матье Дебюши ішке қарай жарып өткен шабуылшы Жорди Альбадан көз жазып қалды. Ал анау 11 метрлікке жа­қындасымен допты Хаби Ало­н­соға дәл берді. Қақпашымен бетпе-бет келген форвард мұны мүлт жібермеді. Жіберіліп қой­ған осы гол Бланның барлық жоспарларын тас-талқан етті. Оның командасы бұдан кейін қарсыластардың бірінен соң бірі толқынданып келіп қалған шабуылдарын үздіксіз қайтарумен болды. Бірақ өздері ілгері қарай бара алмады. Үзілістен кейін испандар қысымды күшейтпесе, бәсеңсіткен жоқ. Мұның нәти­же­сі матчтың ең соңында көрін­ді. Кезекті жорықтары кезінде испандарды рұқсат етілмеген тәсілмен тоқтатқан француздар қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Оны тағы да Алонсо түсірді.

Англия-Италия – 0:0, пенальти – 2:4. Көпшілік күткендегідей, ойын өте тартысты да қызықты өтті. Бірақ командалар матчтың негізгі уақытында да, қосымша мезгілінде де есеп аша алмай тарқасты. Дегенмен, бүкіл кездесу бойына көрерменін елікті­ріп отырды. Шайқас бірден қызу басталды. Оның алғашқы сәтін­де-ақ итальяндар гол соғып кете жаздады. Шамалыдан соң осындай мүмкіндікті ағылшындар жіберіп алды. Біршамадан кейін ойын сабырлы ағысқа түсті. Бұл итальяндарға майдай жақты. Осы тұста біртіндеп матч тізгі­нін қолға алып алған олар сосын ақырына дейін қарсы­ласта­ры­на бас көтертпеді. Бұдан кей­ін олар есеп ашатын да мүм­кін­дікке де көбірек иек артты. Матч­тың соңғы жиырма минуты со­лар­дың бір жақты басымды­­ғымен өрнектелді. Осы тұр­ғы­дан келгенде, Италия футбол­шы­ла­ры­ның ойыннан кейінгі пе­наль­тиде басым шыққандары нағыз әді­лет­тілік болып көрінер еді.

Келесі кезеңге өткен төрт команда кеше мен бүгін тыныс алды. Ертең – жартылай финал­дың бірінші ойыны. Бұл күні Португалия-Испания беттеседі. Ал ертең Германия-Италия ара­сындағы мықтылар анықталады. Оның арғы жағында, әрине, финал тұр.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Матч миниатюралары

* Англия-Италия матчынде негізгі және қосымша уақыт­тарда есепашылмай, жеңімпазды анықтау үшін бірінші рет ойыннан кейінгіпенальтиге жүгінуге тура келді.

* Осы кезеңде кездесу кезінде қақпаларға екі пенальти белгіленіп, екеуіде жүзеге асты. Оларды грек Димитрис Салпингидис пен испан ХабиАлонсо түсірді.

* Осы 4 матчты тамашалау үшін стадиондарға 205 680 адам жиналды. Албіріншіліктің басынан бері спорт ареналарына 1 330 134 көрермен келді.

* Португалия-Чехия матчында португалдық Криштиану Роналду тағы бірдоп салып, голдарының санын 3-ке жет­кізді. Тап осыншама гол қазірМарио Гомес (Германия), Алан Дзагоев (Ресей), Марио Маджукич(Хорватия) секілді ойыншылардың еншілерінде де бар. Ал испан ХабиАлонсо дубль жасаған ойыншылардың қатарына қосылды.

* Төреші бұл матчтарда футболшыларға 11 рет ескерту берді. Осы жолы грек Сократес Папастопулос үшінші мәрте ескерту алды. Оның Польшамен маусымашар ойында алынған екіншісі футболшыны алаңнан қууға себеп болып еді.

* Осы кезге дейін ойыншыларға 107 рет «сары қағаз» көрсетілді.

* Үздік ойыншы атағына Криштиану Роналду (Португалия), Марк Ройс (Германия), Хаби Алонсо (Испания), Андреа Пирло (Италия) ие болды.

_________________________

Ойлар, пікірлер, көзқарастар

Михаил ГЕРШКОВИЧ, КСРО құрамасының бұрынғы ойыншысы: – Мен баяғыдан біздің құраманы өз мамандарымыздың басқарғанын қалаушы едім. Енді бұдан басқа жол қалмады. Ондай маман да бар бізде. Ол – Валерий Газзаев. Бұл отандасымыз қазір жаттықтырушы ретінде де өсіп жетілді. Өзі біраз дем алып та алды. Демек, тың күшпен кірісуі керек.

Роберто МАРТИНЕС, Англияның «Уиган» клубының бас жаттықтырушысы: – Мені Португалияның ойыны шындап таң қалдырды. Осы ретте Паолу Бинту қандай да бір мақтауға лайық. Ол жеңіске жететін құраманың пішінін жақсы жасапты. Сол жолда Криштиану Роналдуды керекті жеріне өте тамаша пайдаланып отыр.

Раймон ДОМЕНЕК, Франция құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы: – Мен француз футболынан түңіліп кеттім. Әсіресе, оның соңғы екі матчынан қатты көңілім қалды. Біздің құрамада нағыз лидер жоқ. Бензема жеке ойнауға құмар. Мұның бәрі жаттықтырушының ықпалы болмағанынан орын алып отыр.