28 Маусым, 2012

Қолда тағы екі жолдама

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолда тағы екі жолдама

Бейсенбі, 28 маусым 2012 7:07

Қазақстан садақ атудан Лондонда өтетін Олимпия ойындарының  тағы екі жолдамасына ие болды. Сөйтіп, біздің елдің Олимпиадаға лицензиясы 109-ға жетті.

АҚШ-тың Огден қаласында садақ атудан өткен әлем кубогінде Қазақстанның атынан сынға түс­кен сегіз спортшының екеуі лицензия сынағын орындады. Денис Ганькин жекелей сында алтыншы орын алса, әйелдер арасында  Анас­тасия Баннова тоғызыншы орынға ие болды. Енді екеуі Олимпиадада ел намысын қорғайды.

Жарысқа олардан басқа тағы Фара Төкебаева, Еленой Ли, Луиза Сайдиева, Ойбек Сайдиев, Артем Ганькин мен Еркебұлан Нұ­са­баев қатысты.

Турнир қорытындысында Қа­зақ­станның ерлер құрамасы үз­дік­тер қатарынан көрінбесе, әйелдер  жетінші орынды иеленді.

Нұржан ТҰРҒЫМБАЕВ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.