28 Маусым, 2012

Баптары жақсы-ау

311 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Баптары жақсы-ау

Бейсенбі, 28 маусым 2012 7:11

ДҮБІР

Олимпиадаға 29 күн қалды

БАПТАРЫ ЖАҚСЫ-АУ

Ал бақтары қалай болар екен?

Төрт жылда бір айналып келетін Жазғы Олимпия ойындарының басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Қазақтар: «Тойдың бол­­ға­­­ны­­нан боладысы қызық» дейді. Сірә да тауып айтқан. Қазір дүниежүзі халқы Лондонға телміре көз тігіп, тек Олимпиада тынысымен демалып отыр. Өйткені, Олимпиада – жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын аламан дода. Он рет әлем чемпионы болғанша, бір рет Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы.

 

Бейсенбі, 28 маусым 2012 7:11

ДҮБІР

Олимпиадаға 29 күн қалды

БАПТАРЫ ЖАҚСЫ-АУ

Ал бақтары қалай болар екен?

Төрт жылда бір айналып келетін Жазғы Олимпия ойындарының басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Қазақтар: «Тойдың бол­­ға­­­ны­­нан боладысы қызық» дейді. Сірә да тауып айтқан. Қазір дүниежүзі халқы Лондонға телміре көз тігіп, тек Олимпиада тынысымен демалып отыр. Өйткені, Олимпиада – жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын аламан дода. Он рет әлем чемпионы болғанша, бір рет Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы.

Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайтын Батыс Қазақ­стан спортшылары да тастүйін дайын. Осыдан төрт жыл бұрын болған Бейжің Олимпиадасына Батыс Қазақстан облысынан төрт-ақ спортшы қатысқан болатын. Бұл жолы ел намысын батысқазақ­стан­дық алты спортшы қорғамақшы. Демек, бұл – облыс спортының алға жылжығанының белгісі.

Рас, облыс спортының басшысы Мүсілім Оңдағанов спорттың қай түрінен болмасын спортшыға барлық жағдайды жасаудан жалық­қан емес. Сондықтан да біздің спортшылардың алды Америкаға барып күштерін сынауда.

1982-ші жылы Ресейде дүниеге келген Қазақстан Республикасы­ның еңбек сіңірген спорт шебері Тай­мұ­раз Тигиев 2006-шы жылдан бері келісім-шарт бойынша облы­сы­мыз­дың намысын қорғауда. 2008-ші жылы өткен Бейжің Олимпиа­дасының күміс жүлдегері. Бұл жолғы Олим­пиадаға жолдаманы былтыр қыр­күйек айында Түр­кия­­ның Ыстамбұл қаласында өткен әлем чемпионатында ұтып алды. Осы біріншілікте тағы бір жерле­сі­міз, өзі 1983-ші жылы Ресейдің Дағыстан елінде дү­ние­ге келсе де, 2006-шы жылдан бері облысы­мыз­дың намысын ту қылып төбесіне көтеріп жүрген, Қа­зақстан Респуб­ли­касының халық­аралық дәреже­дегі спорт шебері Абдулхаким Шапиев те Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Екеуі де еркін күрес шеберлері.

Келісім-шартпен былтырдан бері облысымыз атынан сынға тү­сіп жүрген тағы бір Даниал Гаджиев деген бауырымыз биылғы жыл­дың сәуір айында Астанада өткен грек-рим күресінен лицензиялық Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жанқалтасына салды. 1986-шы жылы дүниеге келген Даниал биыл Түркияда өткен ха­лықаралық турнирдің жүлдегері, Қа­зақстан Республикасының ха­­­лық­­аралық дәрежедегі спорт шебері.

Негізі, «Бөтен елдің баласы, қашанғы жүрер дейсің» деп, оларға үрке қараудың жөні жоқ. Бөтен болса да, біріншіден, облыс спортына қаншама атақ-абырой әкелді. Сосын, осыларға еліктеп қанша қазақ баласы спортқа тартылды десеңші. Қалай десек те, облыс спортының бағына туған бұлар нандарын адал жеп жүр.

Олимпиада жолдамасын қан­жы­ғаларына байлаған қалған үшеуі өзіміздің төл тумаларымыз. 1989-шы жылы Орал қаласында дүниеге келген спорт шебері Георгий Шейко спорттық жүрістен былтырғы ел чемпионатының күміс жүлде­ге­рі, ІІІ-ші Жазғы Спартакиада­сы­­­ның қола жүлдегері. Биыл ақпан айында Мәскеу қаласында өткен ашық чемпионатта Олимпиада лицензия­сының толыққанды иесі атанды.

1984-ші жылы Орал қаласында дүниеге келген Алексей Дергунов байдарка мен каноэ есуден халық­аралық дәрежедегі спорт шебері. Спорттың осы түрімен 1996-шы жылдан бастап айналыса бастаған Алексейдің алған асулары да бір төбе. 2000-2012-ші жылдарғы Қа­зақ­стан чемпионы және жүлдегері, 2002-ші жылы жасөспірімдер ара­сындағы Азия чемпионы, 2009-шы жылы Қазақстанның абсолютты чем­пионы, 2007-2011-ші жылдар ҚР Ха­лық спартакиадаларының чемпионы, 2007-2011-ші жылдарғы Азия чем­­­пионатының чемпионы және жүл­­дегері, 2010-шы жыл Қытайда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2008-ші жылы Бейжің Олимпиадасына қатысушы. Лондон Олимпиадасына жолдаманы Тегеранда өткен Азия чемпионатында жеңіп алды.

1989-шы жылы Орал қаласында дүниеге келген Халықаралық дә­ре­жедегі спорт шебері Анастасия Баннова былтыр Иран елінде өткен Азия чемпионатының және ІІІ-ші Жазғы спартакиадасының чемпионы. Биыл маусым айында АҚШ-тың Огдан қаласында өткен әлем кубогына қатысып, Олимпиадаға қатысу құқығына толық ие болды.

Бөле-жаратын ештеңесі жоқ, дү­­­бірлі додаға қатысқалы отырған бар­лық дүлдүлдеріміз жүлделі орын­дар­ға ілігеді деген үміттеміз. Оның үс­ті­не Таймұраз бен Алексей Олимпиада күлшесінің дәмін татқандар еке­нін ескерсек, жүлдеге жарты адым болса да жақындай түскендейміз.

Талғат БАЙСАРИН,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Батыс Қазақстан облысы.