29 Маусым, 2012

Мерекелік шара

423 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мерекелік шара

Жұма, 29 маусым 2012 6:45

Кеше Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттік 3 шілде күні Астанада ХХХ Жазғы Олимпия ойындарына жолдама алған Олимпиада және Паралимпиада ұлттық құрамаларының қатысуымен мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына арналған мерекелік шараның өтетінін хабарлады.

Акцияға алдағы төрт жылдық са­йыстарына жолдама алған спортшылар, спорт ардагерлері, жанкүйерлер қаты­сады.

Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Талғат Ермегияев пен «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры» АҚ-тың төр­ағасы Өмірзақ Шөкеев құттықтау сөз сөйлейді.

Қор – Лондонда өтетін ХХХ Жазғы Олимпия және ХІV Паралимпия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлт­тық құрамасының ресми әріптесі.

Акция барысында Олимпиада спорт­шылары ант береді. Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агент­тіктің төрағасы Т.Ермегияев спорт­шы­ларға Қазақстан ұлттық құрамасы мүше­сінің куәлігі мен белгісін табыстайды.

Мерекеге ең мықты спорттық ұж­ымдар мен эстрада жұлдыздары қа­ты­сады. Жанкүйерлерге арнайы жазыл­ған әнұранды Ескендір мен Біржан Хасанғалиевтер (авторлары) және Мә­дина Садуақасова, Әлішер Кәрімов орындайды.

Осыған байланысты Спорт және дене тәрибесі істері жөніндегі агенттік Олимпия ойындарына аттанатын спортшыларымызға қолдау көрсету мақсатында спортқа жанашырлық танытатын барлық азаматтарды салтанатты акцияға қатысуға шақырады.

Акция 3 шілде күні сағат 15.00-де «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Гүлдана ДАЛЕ,

ЕҰУ студенті.