02 Шілде, 2012

Испания – Еуропаның футбол королі!

392 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Испания – Еуропаның футбол королі!

Дүйсенбі, 2 шілде 2012 4:21

Испания – Италия – 4:0 (2:0)
Голдар: Силва 14′, Альба 41′, Торрес 84′, Мата 89′

Испания: Касильяс, Арбелоа, Пике, Рамос, Альба, Хави, Бускетс, Алонсо, Силва (Педро 59′), Иньеста (Мата 87′), Фабрегас (Торрес 75′)

 

 

Дүйсенбі, 2 шілде 2012 4:21

 

Испания – Италия – 4:0 (2:0)
Голдар: Силва 14′, Альба 41′, Торрес 84′, Мата 89′

 

Испания: Касильяс, Арбелоа, Пике, Рамос, Альба, Хави, Бускетс, Алонсо, Силва (Педро 59′), Иньеста (Мата 87′), Фабрегас (Торрес 75′)

Италия: Буффон, Абате, Кьеллини (Бальдзаретти 21′), Бонуччи, Барцальи, Пирло, Маркизио, Де Росси, Монтоливо (Мотта 57′), Кассано (Ди Натале 46′), Балотелли

Ескертулер: Пике 25′, Барцальи 45′

“Олимпийский” стадионы, Киев
Төреші: Педру Проэнса (Португалия)

2012 Еуропа Чемпионатының финалында Испания және Италия құрамалары кездесті. Екі таймда да 2 голдан соққан Испания 4-0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл “Қызыл Фурияның” қатарынан екінші Еуропа чемпиондығы.

Испанияға жеңіс әкелген голдарды 14-ші минутта Давид Сильва, 41-ші минутта Хорди Альба, 84-ші минутта Фернандо Торрес және 88-ші минутта Хуан Мата соқты.

ИТАЛЬЯНДАР ИСПАН ПРЕССИНГІНЕ ШЫДАЙ АЛМАДЫ
Ойынды жылдам темппен бастаған испандар алғашқы минуттардан бастап итальян қорғанысына үлкен прессинг жасай бастады. Өз алаңдарынан шыға алмаған Италия ойыншылары шабуыл шебіндегі Балотелли мен Кассаноға тек ұзын доптар лақтырумен шектелді. Испандардың қос қанаттан және орта алаңдағы қысымы өз нәтижесін берді. 14-ші минутта Иньеста оң қанаттан Фабрегасқа әдемі пас тастады, Кьеллини үлгермеген допқа бірінші жеткен Фабрегас допты ішке көтерді, қорғаушылардан бұрын басын тосып үлгерген Давид Силва ойынның алғашқы голын соқты.

ГОЛДАН КЕЙІН ИТАЛИЯ ОЯНДЫ, БІРАҚ…

Голдан кейін Италия құрамасы қарсылас қақпасын жиі торуылдай бастады. Ойын басындағы қысымнан құтылған итальяндар қос қанаттардан және алыстан соққылар арқылы гол іздей бастады. Бірақ қорғаныстың маңызды ойыншыларының бірі Кьеллини жарақат алғаннан кейін қайтадан артқа шегіне бастады. Италияның үздіксіз шабуылдарына төтеп бере алған Испания ойынды қайтадан өз қолдарына алып, шабуылдарын үдете бастады. Әсіресе орта алаңда Хави мен Иньеста ойынды байлап тастады, Италия құрамасының шабуыл бастауларына мүмкіндік бермеді. 41-ші минутта қорғаныстың артына жүгірген Альбаға Хави әдемі пас өткізді, пасты сәтті қабылдаған Альба допты Буффонның оң жағынан қақпаға қарай жіберді. 2-0.

ПРОЭНСА ПЕНАЛЬТИ БЕРМЕДІ

2-ші таймда басқаша ойнайды деп күтілген Италия құрамасы Испанияның пас шырмауығынан шыға алмады. Бір пас машинасындай жұмыс істеген испандықтар қарсыластың шабуыл бастауына мүмкіндік бермеді. Қорғаныстағы Пике – Рамос тандемі өте сәтті ойын көрсетті. Испания 49-шы минутта үшінші голына жақындады. Бірақ португалиялық төреші Проэнса Бонуччидің жаза алаңында қолмен ойнағанын көрмей қалды, Испанияның таза пенальтиі берілмей қалды.

ЕКІНШІ ЖАРАҚАТ ИТАЛИЯНЫ БІТІРДІ
Бірінші таймда жарақатына байланысты Кьеллиниді ауыстырған Италия бас бапкері Пранделли екінші таймға Кассаноның орнына Ди Наталені шығарды. Монтоливоны Моттамен алмастырды. Алайда 62-ші минутта жарақат алып қалған Мотта ойыннан шығып, Италия құрамасы ойынды 10 адаммен жалғастыруға мәжбүр болды.

СОҢҒЫ СӨЗ ЧЕЛСИЛЫҚТАРДАН
Ойынға кейіннен қосылған Торрес 84-ші минутта Хавидың тамаша пасын қабылдап, әдемі соққымен үшінші голды соқты. Лондондық “Челсидің” шабуылшысы 88-ші минутта ойынға 1 минут бұрын кірген әріптесі Матаға пас шығарып, төртінші голдың соғылуына себепкер болды.

Фотогалерея
[nggallery id=9]

Аршат Оразов
Суреттер sports.ru сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар