13 Шілде, 2012

А.Грищук – әлем чемпионы

291 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

А.Грищук – әлем чемпионы

Жұма, 13 шілде 2012 7:25

Астанада тұңғыш рет шахматтың жылдам (рапид) және блиц түрлері бойынша өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Бұған дейін жылдам шахмат бо­йынша өткен жарыста ресейлік Сергей Карякин әлем чемпионы атанса, норвег Магнус Карлсеннің екінші, болгар Веселин Топалов­тың үшінші орынды иеленгенін хабар­лағанбыз. Енді, міне, рапидтен сындар өтіп, әрі қарай блицтің финалына жал­ғасқан жарыста бас жүлдені мүмкін болған 30 ұпайдың 20-сын жинаған ресейлік Александр Грищук жеңіп алды. Екінші орынды Магнус Карлсен иеленді. Ол чемпионнан небәрі жарты ұпайға қалып қойды. Ал үшінші орынға тұңғыш әлем чемпионы Сергей Карякин ие болды.

Соңғы әлем чемпионы атағы үшін блицтен өткен сынға осылардан басқа тағы Ле Куанг Льес, Борис Гельфанд, Теймур Раджабов, Петр Свидлер, Александр Мо­розевич, Веселин Топалов, Дмитрий Андрейкин, Шахриер Мамедьяров, Василий Иванчук, Виорел Бологан, Николай Чадаев таласса, біздің елдің намысын Ринат Жұма­баев пен Павел Коцур қорғады. Осы екі шахматшымыз 14 және 16 орындарға ие болды. Алғашқысы – 12, екіншісі 8 ұпай жинады.

Енді блицтен әлем чемпионы туралы қысқаша айтып өтсек, Александр Грищук бұған дейін де әлемдік тәжді басына өлшеп көрген. Ол 2006 жылы шахматтың осы түрінен әлем чемпионы атанған болатын. Сонымен бірге, 2005 және 2009 жылдары топтық әлем чемпионы болса, 2009 жылы Ресей чемпионы, 2000 және 2002 жылдары Олимпиада чемпионы атанған. Содан кейін 2010 жылы Ресей құрамында Олим­пиаданың кү­міс жүлдегері, келесі жылы әлем чем­пиондығына үміткер­лер жарысының жартылай финалисі, әлем кубогының финалисі болған. Ірі халықаралық турнирлердің жеңімпа­зы, халықара­лық гроссмейстер. Оның осы кезге дейінгі ең жоғарғы көр­сеткіші 2 761 ұпай еді. Енді блицтен екі дүркін әлем чемпионы атанғанда оның бұл көрсет­кіші бұдан да өсетіні сөзсіз.

Астанада өткен әлемдік бәсе­кеде   А.Грищукті басқалардан бір нәрсе ерекше­лендіріп тұрды. Ол жарыс кезін­дегі үзіліске  дейін шы­дамай шылым тартуға шығып отырды.

Чемпионатта екінші-төртінші үстелдерді ресейлік-украиналық үш шахматшы бөліп алды. Дмитрий Андрейкин, Сергей Карякин және Василий Иванчук өзара бақ сынасып, араларынан суырылып шығуға барын салды. Дегенмен, соңғы сәтте солар­дың ішіндегі рапидтен әлем чемпионы Карякин­нің жолы болды. Бұл сында ол 18,5 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Осы орайда Карякиннің де блицтен әлем чемпионы атағын жеңіп алуға мүмкіндігі болғанын айта кету керек. Чемпионатта бұ­ған дейін 2004 жылы Украина құ­рамында Олимпиада чемпионы, 2007 жылы әлем ку­богының жүл­дегері атанып, 2010 жылы Ресей құрамында Олимпиаданың күміс жүлдегері болған шахматшы өте жақсы өнер көрсетті. Ол Астанаға қос бірдей әлем чемпионаттарын же­ңіп аламын деп те келген екен. Бірақ, ол бір ғана әлем чемпионатын жеңіп алды. Оның өзінде жеңіп алғаны қандай атақ десе­ңізші. Тұңғыш әлем чемпионы деген атақ. Ал Грищук бол­са, кері­сінше Астанаға мүлдем әлем чем­пиондығын жеңіп аламын деген мақсатпен келмеген екен. Ол бұл сынға ауырып келіп, ауырып кет­ті. Жарыс бойына біресе орамалмен маңдайын басып, біресе көз-мұрнын сүртіп отырған шахматшыны блицтен әлем чемпионы болады деп кім ойла­ған. Міне, бақ деген қайда жатыр.

Енді келесі әлем чемпионаты тамыз айында Түркияда өтеді. Оған, біздің құрамада Жансая Әбдімә­лік сияқты ең жас гросс­мейстеріміз бар, шахматшыларымыз қатысады.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».