18 Шілде, 2012

Тілек

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тілек

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:32

Әр жеңісің бар қазақтың арманы,
Жолың болсын, алашымның арланы.
Желбіресін кәрі құрлық төрінде
Қазағымның қыран құсты байрағы.

 

Тілек

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:32

Әр жеңісің бар қазақтың арманы,
Жолың болсын, алашымның арланы.
Желбіресін кәрі құрлық төрінде
Қазағымның қыран құсты байрағы.

Ұмтыл алға, ұмтыл тағы, қайраттым,
Еңсесіне жауапты сен байрақтың.
Үкілеген үміті сен еліңнің,
Қазақ дейтін бұзылмаған қаймақтың.

Ұрпағы сен қазақ дейтін ұлы елдің,
Сен болмасаң ұлылықты білер кім?
Жасымасын бойыңдағы намысың,
Үзілмесін үміт пенен күдерің.

Сәтті сапар мен сендерге тіледім,
Қуанышқа бөле қазақ жүрегін.
Көк байрақты көктен ғана көретін
Көкірегі көктемдердің бірі едім.

Бауыржан ТУЛБАХАН.

Қарағанды.